19. Нашақорларды медициналық куәландыру. Медициналық куәландыру наркологиялық диагнозды белгілеу үшін қажетті пациентті қарауды, онымен әңгімелесуді, медициналық тексеріп-қарауды қамтиды.
1. Медициналық куәландыруды мемлекеттік медициналық ұйымдардың дәрігерлері жүзеге асырады.
Наркологиялық диагнозды белгілеу және адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану тиісті сертификаты бар дәрігердің құзырына жатады.
Дәрігер наркологиялық диагнозды жеке өзі белгілеуге қиналған жағдайда наркологиялық диагнозды белгілеуді және адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тануды дәрігерлік комиссия қабылдайды.
Сот-наркологиялық сарапшылары сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде наркологиялық диагнозды белгілейді және тұлғаны алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауырады деп таниды.
2. Наркологиялық диагнозды белгілеу кезінде дәрігер өзінің шешімдеріне тәуелді емес және ХАЖ-10 нормаларын айрықша басшылыққа алады.
3. Наркологтар болып табылмайтын өзге мамандық дәрігерлерінің қорытындысы адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану үшін жеткілікті негіз болып табылмайды.
4. Наркологиялық диагноз келесі санаттағы адамдарға:
1) наркологиялық куәландырудан өтуге жіберілгендерге немесе өздігінен келгендерге;
2) тиісті емделу қажеттілігіне байланысты наркологиялық емдеу-профилактикалық ұйымдарына келгендерге;
7. Клиникалық диагноз қойылған жағдайда тұжырымдамасы медициналық құжаттарда белгіленеді, қажет болған жағдайда тиісті медициналық ұсынымдар көрсетіледі.
8. Наркологиялық диагнозды белгілеу жүргізілетін адамдарға қатысты мынадай ақпарат ұсынылады:
2) наркологиялық диагноз белгілеуге қатысатын мамандардың кәсіби біліктілігінің деңгейі туралы;
3) жасырын емдеу және есепке алу мүмкіндігі туралы ақпарат алуға құқылы.
9. Дәрігердің комиссияның шешімімен келіспейтіндігі туралы қорытындысы толтырылатын медициналық құжатқа жинақталады.
10. Өз еркімен қаралған адамдар үшін наркологиялық диагнозды белгілеу ол адамды өзінің келісімінсіз диспансерлік есепке қоюға негіз бола алмайды (кәмелетке толмағандар үшін-олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз).