Қазақстан Республикасының донорлық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
Тиiстi медициналық тексеруден өткен және қан тапсыру үшiн денсаулығының жарамсыз көрсеткiштерi жоқ, медициналық мақсаттар үшiн қан мен оның компоненттерiн тапсыруға ерiктi түрде ниет білдiрген он сегiз жастан алпыс жасқа дейінгі жеке тұлға донор болуға құқылы.
Донор: 1) қан мен оның компоненттерін ақысыз немесе осы заңда белгіленген мөлшердегі ақшалай өтемақы үшін тапсыруға; 2) медициналық тексеру нәтижелерімен танысуға құқылы. 3) Донор зардап шегетін және бұрын ауырған барлық аурулары туралы өзіне белгілі мәліметтерді, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланғаны туралы хабарлауға міндетті.
Донорды медициналық тексеру 1. Донор қан мен оның компоненттерін тапсырғанға дейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тегін медициналық тексеруден өтеді. Донорлардың медициналық тексеруден өтуі міндетті. 2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі.
Донорға берілетін кепілдіктер 1. Медициналық тексеру және қан мен оның компоненттерін тапсыру күндері донор болып табылатын қызметкерді жұмыс беруші орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жұмысынан босатады. 2. Егер донор болып табылатын қызметкер жұмыс берушімен келісім бойынша қан мен оның компоненттерін тапсыру күндері жұмысқа шықса, оған орташа айлық жалақысын сақтай отырып, өзінің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі немесе бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін. 3. қызметкерді қан мен оның компоненттерін тапсыру күндері түнгі уақыттағы, мерзімнен тыс жұмыстарға, ауыр, зиянды (өте зиянды) және қауіпті (өте қауiптi) еңбек жағдайлары бар жұмыстарға тартуға жол берілмейді. 4. Донор болып табылатын әскери қызметшi қан мен оның компоненттерiн тапсыру күндерi нарядтар, вахталар және қызметтiң басқа да нысандарын өткеруден босатылады. 5. Донор болып табылатын студенттер, оқушылар қан мен оның компоненттерiн тапсыру күндерi оқу-тәрбие процесiнен босатылады. 6. Донорға қан мен оның компоненттерiн тапсыруының жиынтық caнын ескере отырып берiлетiн қосымша ынталандыру шаралары Қазақстан Pecпубликасының нормативтік құқықтық актілерiмен айқындалады.
Донорға берілетін өтемақы .Донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асыратын донор қан мен оның компоненттерін тапсырғаннан кейін өз қанының көлемі мен организмінің әл-қуаты шығындарының орнын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшеріндегі оның ақшалай баламасын алады.
Қан мен оның компоненттерін тапсырған донорға ақысы үшін ақшалай өтемақы мынадай мөлшерлерде төленеді: