1 дәріс Әлеуметтану ғылым ретінде Әдебиеттер



бет22/59
Дата09.01.2022
өлшемі1,2 Mb.
#110414
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
Байланысты:
ЛЕК 1
Қосымша 1, 123, Мақсатын кою, жол ережесі
Әлеуметтік іс-әрекет - бір субъектінің іс-әрекеті басқалардың жауап іс-әрекетінің себебі мен салдары болатын өзара шарттылық әлеуметтік әрекеттер жүйесі [6]. Әлеуметтік іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтары болады. Өзара іс-әрекеттің объективті жағы - жеке тұлғаларға емес, бірақ олардың өзара іс-әрекеттің мазмұны мен сипатын көрсететін және бақылайтын байланыстар. Өзара іс-әрекеттің субъективті жағы - жеке адамдардың тиісті мінез-құлықтың өзара экспектациясына (күтілуіне) негізделген бір-біріне саналы қарым-қатынасы. Бұл жеке адамдар арасындағы нақты орын мен уақыт жағдайында қалыптасатын тікелей байланыстар мен қарым-қатынастар болып табылатын әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастар.

Әлеуметтік іс-әрекет мыналарды қамтиды:



  1. қандай да бір әрекет етуші индивидтерді;

  1. осы әрекеттерден болған сыртқы дүниедегі өзгерістерді;

  1. бұл өзгерістердің басқа жеке адамдарға әсерін;

  1. ықпал етілген жеке адамдардың жауап әрекетін .

Әлеуметтік іс-әрекет әр түрлі негіздемелер бойынша жіктелуі мүмкін. П.А. Сорокин оларды былай жіктейді:

1) өзара іс-әрекет субъектілерінің саны бойынша - екі адамның бір-бірімен; бір адам мен көп адамның; көп адамдардың іс-әрекеті;

2) іс-әрекет субъектілерінің өзара қарым-қатынасының сипаты - бір жақты және екі жақты, сондай-ақ ынтымақтастық және бітіспестік бойынша;

3) өзінің ұзақтығы бойынша - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді;

4) ұйымшылдықтың бар-жоғына байланысты - ұйымдасқан (мысалы, отбасы, партия, мемлекет) және ұйымдаспаған (мысалы, тобыр);

5) өзара іс-әрекеттің саналылығы бойынша - саналы және санасыз;

6) алмасу процесіндегі алмасу “материясы” бойынша – интеллектуал­ды, сезімдік және еріктік. Тікелей және жанама іс-әркеттер де әлеуметтік өзара іс-әрекетердің маңызды бөлігі болып табылады.

Іс-әрекеттің тағы екі жалпы түрі бар: ынтымақтастық және бақталастық (кейде бәсекелестік деп атайды). Ынтымақтастық жеке адамдардың іс-әрекеті екі жаққа да тиімді ортақ мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты әрекеттерін білдіреді. Бақталастық негізіндегі іс-әрекет бірдей мақсатқа ұмтылған бәсекелесін шеттетуге, одан озуға немесе оны басып тастауға ұмтылыстарды қамтиды.

Іс-әрекеттің жалғасуы орнықты, көп қырлы және тіпті тұрақты болуы мүмкін. Орнықты іс-әрекет барысында жеке адамдардың ойлағаны үнемі түрін өзгертіп отырады, бірақ сонымен қатар іс-әрекет едәуір реттелген және алдын ала болжанатын түр беретін орнықты әлеуметтік ойлардың белгілі бір жиынтығы пайда болады. Мұндай реттелген және орнықты әлеуметтік іс-әрекеттерді әлеуметтік қарым-қатынастар деп атайды. Әлеуметтік қарым-қатынастар - жеке адамдардың және қоғамдық құрылымдардағы әлеуметтік мәртебелері мен рөлдері бойынша айырмасы болатын сапасы әр түрлі қызмет түрлерін тұрақты атқарушылар ретінде әлеуметтік топтар арасындағы салыстырмалы орнықты байланыстар. “Әлеуметтік қарым-қатынастар” ұғымының мынадай белгілері болады:


  1. адамдардың қоғамдық өмірінде болатын барлық іс-әрекеттері;

  1. адамдардың экономикалық, саяси және рухани-мәдени қарым-қатынастар шеңберінен шығып кететін, олармен қатарласа жүретін және салыстырмалы түрде олардан бөлек болатын іс-әрекеттер;

  1. қоғамның үлкен топтары - таптармен, этностармен, әр түрлі елдер мен аймақтар халқымен қарым-қатынастар;

  1. барлық әлеуметтік топтар арасындағы, соның ішінде кіші топтар - отбасылар, еңбек ұжымдары, көршілер қауымы, дос-жарандар және т.с.с. арасындағы қарым-қатынастар;

  1. адамдардың және олардың азаматтық қоғам дейтінді, яғни қоғамдық өмірдің мемлекет пен бизнес реттемейтін саласын құрайтын топтарының іс-әрекеті;

  1. адамдардың бір-бірімен бірлескен қызметінде пайда болатын тікелей байланысты (көзбе-көз) және жанама (сырттай) сипаты бар іс-әрекеттері;

  1. индивидтердің өмірдің шағын ортасын құрайтын іс-әрекеттері;

  1. қоғамдағы адамдар мен олардың топтарының іс-әрекеттінің өзге де жақтары мен қырлары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет