1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


Клеткадағы ақуыздардың биосинтезі



бет22/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
Клеткадағы ақуыздардың биосинтезі
Д. Уотсон клеткадағы ең басты үдерістің өрнегін былай жазып көрсеткен еді: ДНҚ – РНҚ – ақуыз. Ақуыз молекуларын өндіруге амин қышқылдары, а-РНҚ, т-РНҚ қажет. Ақуыз биосинтезі рибосомада өтеді.
Ген – ДНҚ-ның бөлігі –онда, белгілі бір жүйелікпен орналасқан амин қышқылдары, полипептидтік тізхбектерді синтездеуге арналған ақпараты болады, алайда ген қалыпты қызмет атқару үшін нуклеотидтердің белгілі бір жүйесі – промоторы және геннің аяқталуын білдіретін терминаторы болуы тиіс. Әр геннің алдында 40-50 нуклеотидтен тұратын тізбекті промотор деп атайды. Промотордың ішінде РНҚ-полимераза ферменті болады. Оның 1407 амин қышқылынан түратын ең үлкен глобуласы (формасы) және оған сәйкес геннің бірінші деңгейдегі құрылысы Ю.А. Овчинниковтың басшылығымен толық анықталды. РНҚ тізбегінің одан әрі өсуі ДНҚ-ның терминатор (стоп-сигнал) деп аталатын бөлігінде тоқтатылады. Ген тізбегінің соңында палиндром деген ДНҚ өсіндісі болады. Ол негізінен ГЦ жұбына өте бай.
Жоғары сатыдағы оргагизмдердің а-РНҚ басқа ерекшелігі оларға транскрипциядан кейін ерекше «қалпақ» кигізіледі. Қалпақ деп олтырғанымыз 7-ші көміртегі атомына метил тобы жалғасқан гуанозин. Қалпақ а-РНҚ ыдыратын ферменттерден қорғайды. Сонымен қатар құйрық деп аталатын тек адениннен тұратын тізбек а-РНҚ-ның ұшына поли-А-синтетаза деген ферментті байланысып информосома деген комплекс құрады. Информосоманы ашушылардың бірі Қазақ ССР ғылым академиясының президенті марқұм М.Ә. Айтхожин. Сол жаңалығы үшін ол бір топ ғалымдармен бірге Лениндік сыйлыққа ие болды.
Организмдегі барлық ДНҚ құрамын геном деп атайды. Бактерияның геномының 95% гендер болып табылады – оларда 3000 жуық ген болады. Ал қалған 5% сол гендердің жұмысын реттейтін ДНҚ бөліктерінің үлесі. Адамның геномының құрамында 30 -35 мың ген бар. Дегенмен сонша гендер адам геномының 15% жуығын ғана құрап тұр. Қалғандары интрондар, қайталанып отыратын әр түрлі ДНҚ тізбектері және т.б.
Т. Темин рак тудыратын вирустың өз РНҚ-на сәйкес етіп адам мен жануар клеткасы жаға ДНҚ тізбегін синтездейтіндігі дәлелденді. Жануар клеткасы оны өз геномының құрамына ендіреді. Соның нәтижесінде сау клетка ауру рак клеткасына айналады. Жаңа ДНҚ тізбегі болғандықтан рак клеткалары өз қасиеті мен белгісін қанша бөлінсе де сақтайды.
Басқа рак вирусының түрінен РНҚ-дан ДНҚ синтездейтін фермент табылды. Ол ферменті кері транскриптаза немесе ревертаза деп атайды. Ол фермент ген инженериясының басты құралдарының бірі.
Генетиктер арасында әрбір геннің хромосомада белгілі тұрақты орны болады деген түсінік қалыптасқан. Дегенмен, гендер хромосоманың бір бөлігінен екінші бөлігіне тіптен бір хромосомадан екінші хромосомаға да орын ауыстыра алады екен. Осындай көшпелі гендерді «транспозондар» немесе «мобильді генетикалық элементтер» (МГЭ) деп атайды. Көшпелі гендер сапалы генетикалық өзгерістерге әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан ол ген инженериясында қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет