1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет19/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

1.2. Мозаикалық және синузия.

Фитоценозыдң жазықтықта таралуы біркелкі болмайды, оны мозикалық деп атаймыз. Мысалы, орманда ағаш бөрік бастарының арасы ашық жерлерде кездескді, ал батпақта төмпешіктер және төмпешіктер арасындағы кеңістіктер, шалғында селеу шымдары және шыммен тығыз байланысқан өсімдіктер және т.б. кездседі.


Мұндай аймақтар өсімдіктер жамылғысының құрамына қарай бір бірінен айырмашылығы болады, оларды микроценоз, (Быков, 1953) немесе микрофитоценоз (Лавренко,1959) деп атайды. А.А Госсгейм (1969) микроссоция,ал П.Д.Ярошенко (1969) микротоптар деп атады.
Микроценоздың мысалы ретінде П.Д.Ярошенконың (1969) қайыңды-жалпақ жапырақты орманның сызбасын мысалға алуға болады, онда үш типті микроценозға бөлінген: а) Larix dahurica+ Betuia platyphylla микроценозы Saussurea umbrosa+ Linnaea borealis; б) Larix dahurica- Vaccinium vitis idaea+ Pirola incamata; в) микроценоз Betuia platyphylla- Calamagrostis langsdorfil+Sanguisorba officinalis+ Sanguisorba parviflora.Бұл микроценоздың әрбір алып жатқан аймағы 4-10м2 фитоценоз мозиколы орналасқан.
Мозикалықтың себептері алуан түрлі. Көпшілік жағдайда тіршілік жағдайының әртүрлігі, көлеңкелуінің айырмашылығы, өсімдік қалындықтарының физикалық және химиялық ерекшілігі нанорельфке байланысты. Кейбір жағдайда өсімдіктер қауымдастық аймақтарына, жануарларға байланысты.
Е.М. Лавренко (1951, 1952) олар ды анықтаудың екі белгісін ұсынады: теңбілдердің мөлшері және осы теңбілдердегі өсімдіктердің бір біріне әсері анықталады. мозикалықта теңбілдердің мөлшері дециметрмен немесе аз метрмен, ал кешенділікте бірнеше метрмен өлшенеді. Мозикалықты құрайтын әртүрлі теңбілдер арасындағы тек шекара аралықтарында жүреді. Бірақ П.Д. Ярошенконың (1961) көрсетуі бойынша,бұл белгілер мозайкалық пен кешенділіктің айырмашылығын сипаттауға жеткіліксіз. П.Д.Ярошенконың критериінің негізі мына әрбір мозайкалық теңбіл жалғыз бір ғана микроценозды сипаттайды,ал кешенділіккекіретін әрбір өсімдік теңбелдері жеке микроценозды құрайды,яғни кешендік мозаикалыққа қарағанда күрделі. (4.5 сурет)
Мозаикалық фитоценоз ішінде горизантальды бағыттағы кешенділіктен айырмашылығы барлық уақытта жақсы байқаламайды бермейді.
Микроценоз шекарасы айқын емес, контурлық, салыстырмалы айқын шекаралы болып бөлінеді. Микроценозға сәйкес келетін типологиялық бірлік
«микроценоз типі» немесе « микроассоциация»деп аталуы мүмкін.
Биоценоздың құрылымдық бірлігіне сәйкес келетін микроценозға өсімдіктермен қатар жануарлар,топырақ,нанорельефтер ерекшелігі немесе микроклимат вариациясы кіреді,оны парцель деп атайды.
Синузия.Фитоценоздың мұндай құрылымдық бөлігі , яғни кеңістік жағынан шектелген (ерекше экологиялық қуысты алып жататын), бір – бірімен морфологиялық

Флористикалық және фитоценологиялық жағынан айырмасы бар бөлігі синузия деп аталады. Синузия терминін австрия ботанигі Гамс (1918ж.)енгізген. Яғни, фитоценологиялық түсінік бойынша ярус синузия болып табылады.
Гамс бойынша , синузия дегеніміз – бір түрдің дарақтарының (бірлестік,топ)(бірінші қатарлы синузия )немесе ұқсас түрлерінің (екінші және үшінші қатардағы синузия) жиынтығы.Екінші қатарлыт синузия тіршілік формалары ұқсас бірнеше түрге жататын дарақтардың жиынтығы. Гамс өзінің түсіндірмесінде тіршілік формасының қандайда бір түрін атап көрсеткен жоқ , оның негіздеуі бойынша бір тіршілік формасына психрофильді мүктер , қыналаржәне бұташықтар жатуы мүмкін. Екінші қатарлы синузияны құрайтын түрлерге бірлесіп өсуі және осы аймақта үздіксіз кездесуі керек.Екінші қатарлы синузияға мысалы жалпақ жапырақты ормандағы үйеңкі,емен ағаштары немесе орманның төменгі ярусындағы психрофильді бұташық хамефиттер жатады.
Үшінші қатарлы синузияға – бірлесіп ярус құрайтындар немесе күрделі фитоценоздағы бір-бірінежақын екі-үш ярустағы өсімдіктер не бір ярустылар немесе аз ярусты қауымдастықтар жатады. Сонымен қатар , үшінші қатарлы синузияға кіретін түрлер әр түрлі тіршілік формасына жатады.
Жеке түрлердің популяциясы ( бірінші қатарлы синузия) екінші қатарлы синузиясы құрауы мүмкін . Үшінші қатарды снуазияны құрайтын синуазияны құрайтын түрлері ұқсас жағдайларда үздіксіз кездесіп отыруы керек.
Синузияның автономиядағы туралы бірізді пікір жоқ. Т.Мм Лмпаамаа және Х. Трасс бір ярусты өсімдіктер қауымдастығын синуазиямен сәйкестендірді.
Бірітіндеп синуазия туралы түсініктің екі бағытты қалыптасты. Оның бір бағытты бойынша А.А.Алехин, Г.И.Дохман экологиялық түсінік ретінде қарастырды. Сонымен, В.В.Алехиннің түсінігі бойынша , синузия фитоценоздағы экологиялық жақын түрлердің тобы ретінде қарастырды. Бұл түсінік бойынша синузия қауымдастықтың құрылымдық бірлігіне ижатпайды.
Екінші бағыт – геоботаниктер арасында кеңінен тараған ағылшын-американ зерттеушілердің «қоғам» (society)және Б.А. Келлердің «жатақхана»ұғымдары . Мұнда бір қауымдастықтың құрамына кіретін, бір –біріне кеңістігі жағынан ғана емес, уақыт жағынан да ауыса алатын, бірінші жағдайда вертикальды ғана емес, горизонтальды бағытта да жүре алатын қауымдастық.
В.Н.Сукачев(1957)синузияны төмендегідей бағытта түсіндірді синузия-бұл түрлердің құрамын және экологиялық сипатын анықтайтын, осы синузияны құрайтын өсімдіктердің ерекше фитоценоздың құрылымдық бөлігі ретінде қаралады.Осыған ұқсас анықтаманы А.П.Шевников (1964) береді. «Кеңістіктігі жағынан шектелген (экологиялық қуысты алып жатқан) бір-бірінен морфологиялық, флористикалық,экологиялық және фитоценологиялық жағынан айырмашылығы бар,фитоценоздың структуралық бөлігін синузия деп атаймыз»,-дейді.
Мұндай анықтамаға қарағанда синузия бір-бірінен экологиялық және фитоценологиялық жағынан айырмашылығы болғанмен, олардың құрамының экологиялық біркелкілігіне көңіл аударылмайды.
Сондықтан бұл түсінік бойынша синузияға ярустың құрылымдық бөлігі, микроценозы,эпифиттер бөлігі, тіпті бір фенологиялық кезеңдердегі өсімдіктер топтары да кіреді.
Н.А.Миняев (1963)бұл ұғымды басқаша түсіндірді. Синузия деп қарапайым өсімдік топтарынан құралған,өзара тіршілік үшін күресетін,бәсекелестік бар, экологиялық жағынан топтардың жиынтығын айтамыз.Б.Н.Норин(1966-1963)синузияларды төрт типке бөлді:
-конгломеративтік экотоптар -бір-бірімен байланыса алатын топтар:
-агломеративтік экотоптар арасындағы әлсіз фитоценотикалық байланыстың орнауы:
-комбинативтік синузиялар-бөліктері арасындағы ценотикалық байланыс орнауы:
-ассоциативтік синузиялар эдификаторларға байланысты ценотипі байланысқан.
В.Н.Сукачевтің синузияға берген анықтамасы бойынша,жақсы бөлінген
ярус ерекшесинузияның құрамына кіреді. Мысалы,лиандарды,эпифитті қыналарды жатқызуға болады. Сонымен қатар кейбір жылдарда ғана болып тұратын синузиялар тобын да жатқызуға болады . Мысалы,жаңбыр көп жауған жылдары пайда болған біржылдық өсімдіктер синузиясы.
Экологиялық және биологиялық жағынан алуан түрлі,сонымен қатар ярустары кеңістікке және уақытқа байланысты алуан түрлі болып келетін шөптесін өсімдіктердің синузиясын анықтау қиын болып келеді.Шөптесін фитоценоздарда синузия болмауы да мүмкін.
Фитоценоздарда синузиялар ждәне ярустар әр түрлі принциппен анықталады,сирек бір –біріне ұқсас келеді.Ярус синузияға қарағанда фитоценоздың кеңірек құрылымдық бөлігі болып табылады.Ярус ішінде бір-бірінен тіршілік формалары бойынша айырмашылықтары бар бірнеше синузияларды бөліп көруге болады.
А.А.Корчагин (1976)бойынша бірнеше синузиядан тұруы мүмкін,ал синузия барлық уақытта бір ярусты болып келеді.
Синузия көбінесе екі немесе бірнеше бір тіршілік формасына жататын түрлерден тұрады.Мысалы,орман бұташықтарының синузиясына екі ценопопуляция кіреді, қара жидек ағашы және итбүлдірген популяциялары кіреді.Бір ғана түрден тұратын синузия ценопопуляцияға сәйкес келеді.Мысвлы,ормандағы шырша синузиясы бір ғана шырша ценопопуляциясынан түзілген.
Микроценоз синузияға қарағанда өсімдіктер қауымының күрделірек құрылымдық бөлігі болып табылады. Олар фитоценозда әр түрді белгілерге қарап бөлінеді, сондықтан бір біріне сәйкес келмейді. Микроценоз екі және одан да коп бір бірімен дамуы жағынан байланысқан синузиялардан тұруы мүмкін. Кейде қарама қарсы жағдайда болуы мүмкін, яғни бір синузия екі не одан да көп микроценоздан құралуы мүмкін. Мысалы, шырша орманында шыршаның синузиясы шыршаның қалың және сирек микроцееноздарынан тұруы мүмкін.
Мкикроценоз (грек «micros» – кіші және «koinos» жалпы) фитоценоздың бір деңгейінде орналасқан кіші қауымдасқан және оның фитоцентиколық ықпалыда болады. Микроценоздың өзі бірнеше топқа блінеді.
мозаикалы фитоценоздың микроценозы, дериналы немесе жастықшалы димананттар немесе оның басқа да компоненттері теңбіл құрапорналасуына байланысты, мысалы батпақты жердің дерновинді мозаикалы микроценозы;
......қарапайым фитоценоздың микроценоздары:
а) біркелкі фитоценотиптік ортасының болмауына байланысты;
б) беткі бос кеңістіңтің болуы (мысалы, ағашқа желдің ықпалы, оның ішінде агрегация );
в) желдің әсері, беткі сулар және ауырлық күші (И.К. Пачаскийдің анықтауы бойынша агрегация);
г) көбею ерекшелегіне қарай (ағаш дініндегі мүктер және қыналар);
Ағылшын американ мектебінің геоботаниктері микроценоздағы доминантты түрлерді кейде даминуза деп атайды.Микроценоздар микроассоциацияға бірігуі мүмкін.(Ф.Клементс бойынша,ассоциум немесе бір ярусты микроценоз болған жағдайда-консорциум).
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1.Фитоценоздың тік (вертикальды)құрылымы қалай сипатталады?
2.Фитоценоздың көлбеу(горизонтальды) құрылымы қалай сипатталады?
3.Фитоценоздың мозаикалығы және олардың қандай түрлері бар ?
4.Синузия,микроценоз және микроассоциация ұғымдарына түсінік бар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет