7- Дәріс Өсімдіктер қауымдастығының негізгі құрылымдық белгілері 1.1 Фотосеноздағы өсімдіктердің ярустық жіктелуі Фитоценоздағы түрлердің биіктігі әркелкі болып келеді, жербетілік жасыл массасының және тамыр жүйесінің бірнеше қабаттар құрып орналасуын ярус деп атаймыз. Ярустың әркелкі болатыны көптеген орманфитоценозынан анық байқалады. Қылқан жапырақты ормандар кем дегенде үш ярусқа бөлінеді:бірінші жоғарғы ірі ағаштардан тұрады, екінші бұталар мен шөптесіндерден, бұлшықтар, биік емесшөптер; үшінші мүктер.
Жалпы орман жербетілік фитоценозын 5-6 ярусқа бөлуге болады.
(4.1сурет) , нақты тоқталар болсақ:
І - жоғарғы ярус оған бірінші деңгейдегі ағаштар кіреді (қарағай, шырша, самырсын, қайың, емен, шаған);
ІІ - екінші деңгейлі ағаштар (алмұрт,шетен, мойыл);
ІІІ - бұталардан тұратын орман (итмұрын, орманжаңғақ)
ІV - биік бұташықтар және биік шөптер (шегіршін лабазник, қазтамақ).
V – аласа бұташықтар және ұсақ шөптеіндер (мүк жидек, қоянжем);
VІ – мүктер, топырақтық қыналар, бауыр мүктер.
Ағаш діндеріндегі паразиттік саңырауқұлақтар, балдырлар, лиандар ярустан тыс өсімдіктер деп аталады. Шөптсін өсімдіктерді бірнеше ярусқа бөлуге болады. Мысалы , шалғындық шөптесіндердің ярусына тоқталар болсақ;
I-бірінші деңгейлі шөптесіндер ярусы (биік немесе жоғарғы астықтар,ірі қос жарнақтылар және т.б);
II-екінші деңгейлі шөптесіндер ярусы (аласа астықтар және бойы сәйкес өсімдіктер)
III-бойы аласа шөптесіндер (мысалы,жатаған сарғалдақ,топырақбас және т.б);
IV-төселмелі шөптесіндердің ярусы (мысалы, кәдімгі қаз табан);
V –мүктер және төменгі сатыдағы өсімдіктер.
Ярустардың бірден өзгеруі тақыр фотосиноздарда жақсы байқалады.
Өсімдіктердің жер асты ярустары тамыр жүйесінің әр түрлі тереңдігіне байланысты өлшенеді (4.2,4.3-сурет)
Ярустағы өсімдіктерді нақты анықтау кейбір жағдайда мүмкін бөрік бастары бірігіп анықтауды қиындатса,шөптесіндерге өте бай фитоценоздарда түрлердің көптігі және бойларының биіктігі шамалас өсімдіктердің көптігі ярусты анықтауды қиындатады.
Сонымен,ярус дегеніміз біздің түсінігімізде,фитоценоздың структурлық бөлігі,басқа ярустардан морфологиялық,филористикалық,фитоценологиялық жағынан айырмасы бар,сонымен қатар әрбір ярустың өзін қоршаған компоненттермен байланысы болады.
Бір ярустағы өсімдіктердің өзара байланысы,екінші ярустағы өсімдіктердің байланысынан өзгеше болады. Бір яруста орналасқан өсімдіктер арасындағы орын және азық үшін бәсекелестік экологиялық қуысы бір болғандықтан күшті жүреді.Осы топырақта өсіп тұрған басқа ярустағы өсімдіктермен соқтығысуы аздау болады. Мысалы, ормандағы шөптесін өсімдіктердің ярусы ағаштарға олардың бәсекелестігі өсімтал кезінде немесе ылғал өте жетіспеген жағдайда болуы мүмкін.
Су өсімдіктерінің ярустық таралуын анықтау күрделеу: олардың біреулері су бетінде қалықтап бос жүреді (нейсон) немесе тереңдікте орналасады (планктон), басқалары беткі грунтқа бекініп тіршілік етеді,үшіншілері су қоймаларының грунтына тамырын жаяды. Мысалы,ақ тұңғиық және кіші балықотынның ассимилияциялық мүшелері су бетіне орналасады ал тұнғиық жапырақтары тамырсабақтан шығады,грунттың терең қабатында орналасады.Осы тәрізді көбікшенің,шалаңның және хара балдырларының вегетативті мүшелері судың бірдей тереңдігіне орналасы мүмкін, бірақ көбікше бос қалықтап жүретін өсімдік, шалаңның тамырсабағы грунттың терең қабатына бекінген.
Суөсімдіктерінің ярусының бөлгенде бекінген түрлерге қарай; бос қалықтап жүретін түрлердің ярусын, ярусты құрайтын өсімдіктердің жалпырақтары орналасқан қабатын көрсете отырып анықтаған дұрыс.
Жербетілік қауымдастықтардың ярусын көзбенөлшеуде алдымен төменгі және жоғарғы шекараларынанықтап алады. Фитоценоздағы өсімдіктердің тізімін жазу барысында әрбір ярцстағы өсімдіктерді жеке бөліп қарайды. Дәлелді зерттеулер жүргізу кезінде әрбір түр даналары өлшенеді. Әдетте, ең биігі және аласасы өлшеніп, орташа шамасы шығарылады.
Биік емес өсімдіктер сызғышпен өлшенеді, ал биік өсімдіктер арнайы аспаптың көмегімен (эклиметр және углометр), сондай- ақ кәдімгі сызғышпен немесе көзбен өлшенеді. Эклиметрмен ағаштың арақашықтығын біле отырып,нысанымен өлшеу бұрышы анықталады. (4. 4сурет), нәтижесінде үшбұрышты өлшеу ережесіне сәйкес ағаштың биіктігі анықталады.
Көзбен бақылау жұмысын жүргізер алдында, сызғышты көз алдына вертикальды ұстап құру қажет. Соз арқылыағаштың төменгі ұшы және жоғарғы жағы нысаналады (4. 4сурет). Ағаштың биіктігін (х) төмендегі формула бойынша анықтайды.
мұндағы А бақылаушы мен ағаш арақашықтығы; п ағаш биіктігі бойынша көлбеу сызышаны көзбен бақылау сызығы арасындағы нысаналық сызықтар бөлігінің саны:
а бақылаушының көзі мен сызғыштың арақашықтығы; һ бақылаушының көзге дейінгі биіктігі. Сондай ақ суретте ағаштың биіктігін төмендегі мәлметтер негізінде анықтау көрсетілген.
А бақылаушының көзі мен ағаштың дініңе дейінгі қашықтық; һ бақылаушының бойының биіктігі; в алдын ала өлшеніп алынған ағаштың ұзындығы; х ағаштың биіктігі. Пропорцияға сәйкес х:в:А:һ
Ағаш ұзындығын көзбен өлшеу тәсілінде бағанаға қандай да бір нүкте белгіленеді, оның биіктігі бір, немесе үш метр болуы мүмкін, одан кейін ағаштан алшақ тұрып осы ұзындықты бағана биіктігі бойынша өлшеп алып, оны келесідей қос мәнді айқындағанша жалғастырамыз.Мұнан кейін көзбен соңғы кесіндіні анықтап алған ағаш биіктігін белгілейміз. Бұл тәсіл көбінесе қанағатанарлық нәтиже береді.
Топырақ астында тамыр массасының горизонтальды бағытта таралуын аықтауды бірнеше әдістері бар: қолмен іріктеу, тамырларды жуу, т.б.
Өсімдіктердің жерасты тамырларын зерртеуде әр түрлі тереңдік қабатынан монолит тәрізді алып отырады. Кейде топырақтың 4000-5000см2 ауқымын бірден алатын бұғылар қолданылады. Сонымен қатар алдын ала тазартылған траншени қабырғасындағы тамырдың санын санау әдісін пайдалануға болады. Тамырларды топтарға біріктіруге болады (мысалы, қалың, орташа, жіңішке, өте жіңішке). Санау нақты болу үшін арнайы толы ұяшықты пайдаланады (шөптесіндер үшін – 5х5см, ағаш өсімдіктер үшін 10х10см).
Тамырлы ұқыпты түрде қазып алып, реттеп суретке түсіріп немесе суретін салып отырса, тамыр жүйесіне берілетін сипаттама сапалы болады.