1. Дәріс кешені келесі бөлімдерді қамтиды: 1


Жыныс мүшелеріндегі өзгерістер



бет15/20
Дата05.09.2022
өлшемі437,55 Kb.
#148749
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Лекция 1,2,3

6. Жыныс мүшелеріндегі өзгерістер-анасынан ұрыққа эстроген гормондарының өтуінен пайда болатын өзгерістер:Мастопатия-баланың сүт бездері ісініп, қысқан кезде уыз шығады, үстіндегі тері қабаты өзгермейді, қатты ісінгенде жарақаттанудың және қабынудың алдын алу үшін жылы залалсыздандырылған таңғыш қойған жөн;
Қыз балалардың қынабынан қан көріну және ұл балалардың ұмасының ісінуі.
7. Несеп қышқыл инфаркті –несеп қышқылынан болған бүйрек инфаркті, бүйректің концентрациялаушы қызметінің нашар дамуының салдары, 3-4 күнге созылады. Белгісі: баланың жөргектерінде қоңыр түсті дақтар және құм тәріздес қалдық байқалады. Көмек: жиірек сусын ішкізу.
Жаңа туылған балаға жүргізілетін алғашқы күтім.

Жүкті әйелдің толғағы басталса босану бөлмесіне жатқызу керек. Әр-бір босануға қажетті құрал-саймандарды даярлау:



  • Таза үстел жылу көзімен;

  • Баланың денесін құрғатуға арналған таза, жылы жөргектер;

  • Керекті киімдер: бас киім, шұлық, жылы көрпе;

  • Қабырға сағаты;

  • Жоғарғы тыныс жолдарын тазалауға арналған құралдар: электросорғыш, резиналық баллонша;

  • Кіндік бауын кесуге арналған құралдар: 1.Роговин қапсырмасы, 2. Кохер қысқышы, 3.Қайшы, 4.Қабатты дәке салфеткасы;

  • Жандандыру шараларын орындауға қажетті құрал жабдықтар;

  • Электронды немесе сынап термометрі;

  • Дәрі-дәрмектер: 4% гидрокарбонат натрий ерітіндісі, преднизалон, АТФ, витамин К, витамин С, көзді өңдеуге арналған жақпамай т.б.

Нәресте туылғанда алғашқы күтімі-негізгі ұстанымдардың (№335 бұйрық бойынша )қадамдарын орындаудан бастау керек
Негізгі ұстанымдардың І қадамы:
1.Босану бөлмесін даярлау-№335 бұйрық бойынша босану бөлмесінің температурасы +250 С-ден төмен болмауы шарт, егер +250 С-ден төмен болатын болса, қосымша жылытқыштар қосылуы керек.
2.Баланың денесін құрғату- жаңа туылған нәрестені «Жылу тізбегін» сақтау үшін бала туылғаннан кейін жылы жаялықпен сүртіп, тері мен терілік байланыс болуы үшін анасының кеудесіне жатқызылады. Баланың басына қалпақ, аяқтарын шұлықтар кигізіледі. Анасының ішіне жатқызылған бала жылы, құрғақ жөргекпен және көрпемен жабылады.
3.Баланың жағдайын Апгар кестесі бойынша бағалау (қажет болған жағдайда жандандыру шараларын бастауға дайын болу).
4.Жоғарғы тыныс жолдарын тазалау (қажет болған жағдайларда).
5.Баланың кіндік бауын кесу-кіндік бауын салфеткамен сүртіп, қысқыштың біріншісін кіндік сақинасынан 10 см, екіншісін одан 2 см қашықтықта қыстырады. Қысқыштар арасын қайшымен кеседі.Аяғына дейін тексерілмеген немесе АҚТҚ жұқпасын жұқтырған әйелдерде қанының шашырауын болдырмау үшін кіндікті кескен кезде қосымша кішкене дәке тампонымен орап, орындау керек.
Ескерту: 2-5 қадамдар бала туылғаннан соң алғашқы минуттарда жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет