Сөткесіне 2рет кеудесіне қыша қағазын қою. Бұл әрекет баланың демалысын сиретеді ж/е тереңдетеді.
ІІІ-ІУ дәрежеде туылған шала балаларда ему ж/е жұту
шартсыз рефлекстері болмайды. Бұл балаларды тамақтандыру өте қиын.
Бірінші рет шала туған бала дәрежесіне байланысты анасының
емшегіне 3-4 рет тәулігіне беріледі.
Баланы тамақтандыру әдісі шартсыз рефлекстерге байланысты: А. Егер шала туған балада ему ж/е жуту шартсыз рефлекстері жоқ
болса ол баланы мұрынан жіберілген полиэтилен зонд
арқылы тамақтандырады.,
Б. Егер балада ему рефлексі жоқ, бірақ жұту рефлексі болса ол баланы қасықпен немесе пипетка мен тамақтандырады.
В. Егер балада ему ж/е жұту рефлекстері жақсы дамыған
болса, емшекпен тамақтандырады.
Тамақтандыру жиілігі баланын салмағына, ему қабілетіне байланысты, оларда 7-11 рет тамақтандырады.
Тамақтың көлемі: 1күні-5-10мл
2күні-10-15 мл
3күн 15-20мл
Шала туған баланың организмінде витамин қоры аз, соңдықтан оларға бірінші күндерден бастап витаминдер ұнтағы беріледі, шырындар 3-4 апталығында, қосымша тамақ 4-4,5 айында беріледі.
Аурулардан қорғау жүйесінің дамып жетілмеуіне байланысты шала
туған бала жиі ауыруға бейімді, соңдықтан бөлімшеде оларды жеке бокстарға жатқызу керек. Бұл бөлімінің санитарлық тазалығын, барлық қызметкерінің жеке гигиенасын қатал сақтауын қадағалап отыру керек.
І-ІІ дәрежедегі шала туғанбалалар 1 жасында өз құрдастарын қуып жетеді, ал ІІІ-ІУ дәрежедегілер 2 жасында.
Біздің елімізде шала туған баланың күтімі 3 этаптан турады:
1 арнайы перзентхана
ІІ балалар ауруханасының арнайы бөлімшесі
ІІІ балалар емханасындағы диспансерлік есеп.