Шала туылған баланың анатомиялық ерекшеліктері:
Салмағы 2500гр-нан ,бойы 45 см-ден төмен ;
Басы салыстырмалы түрде үлкен, үлкен және кіші еңбектерімен қатар сүйек тігістері де ашық болады;
Терісі жұмсақ , қоңыр-қызғылт түсті , майда түктермен жабылған;
Тері асты май қабаты нашар дамыған ;
Құлақ қалқаны жұмсақ ,басына жабысып тұрады , өз қалпын сақтамаған;
Кіндік сақинасы төстің семсер тәрізді өсіндісі мен шат сүйектерінің қосындысының орта аралығынан төмен орналасқан ;
Ер балалардың ұмасында екі жұмыртқасы да анықталмайды, ал қыз балалардың үлкен жыныстық еріндерін жаппайды;
Тырнақтары жұмсақ, нәзік, саусақ ұшына дейін жетпейді ;
Көкірек бездерінің ұшы дамымаған ;
Шала туылған баланың физиологиялық ерекшеліктері :
Дауысы әлсіз , қатты жылай алмайды ;
Тыныс алу жиілігі минутына 40-90 рет, үстіртін, жиі, арасында апноэ ( дем тоқтап қалуы) байқалады, өкпесі толық жетіліп үлгермеген, сурфактант жетіспеуімен байланысты ателектаздар анықталады;
Шала туылған балада физиологиялық сарғаю ұзаққа созылады;
Жүрек соғысы минутына 100-180 рет, жиі өзгеріп тұрады;
Қан қысымы төмен, қан құрамында – гипогликемия, гипопротеинемия.
Шала туылған нәрестенің күтімі және тамақтандырылуы
Тамақ және сұйықтық көлемеін есептеу
Зонд арқылы тамақтандыру
Жылыту
Кювезді залалсыздандыру және қолдану
Тасымалдау
Шала туылған нәрестеге күтім жасау кезінде оның тамаққа шыдамсыздығын, асфиксияға бейімділігін, дене температурасының реттеу қабілетіннің төмендігін, инфекцияларға төзімсіздігін, дене мүшелері мен жүйелерінің жетілмегенін ескеру керек. Күнінен ерте туылғандарға арналған арнайы босанатын үйлерде салмағы 1500гр – нан аз шала туылған нәрестелерді кювезде, ал 1500 –ден асқандарды бөлімшеде күту керек. Палатадағы ауа температурасы 26-28 С, ылғалдылығ – 60 %, әр нәрестеге 4,5 - 6 кв метрден кем болмауы керек.
Тамақ, сұйықтық көлемін есептеу.
Калориялық әдіспен (І-ші әдісі) есептеу:
1. Баланың жасы мен салмағын анықтау.
2. Баланың калориядағы қажеттілігін есептеу:
14 күнге дейін – (10.n) к.кал/кг . дене салмағының тәулігіне ,n- күндер саны.
14-21 күнге дейін -120 к: кал /кг
21-30 күнге дейін – 130 ккал/кг
1 айдан кейін – 140 ккал/кг
1 жасқа таяу – 120 ккал/кг
3. Сүттің тәулік көлемін анықтау үшін 100мл ана сүті 70ккал(уыз-140ккал) құрайтынын ескере отырып, есептейміз:
х мл ана сүті=анықталған калориялардағы қажеттілігін х 100:70
4. Бір реттік сүт көлемін анықтау үшін тәулік сүт көлемін емізу жиілігін бөлу керек.
Тәулік көлемін (2-ші әдісі)анықтау:
2500гр және жоғары салмақтағы балалар біірнші күннен сүтті 150мл/кг деген есеппен қабылдау керек; ал 2500 гр-нан төмен-бірінші күні 60мл/кг, келесі күндері 20 мл/кг көбейтіп отыру керек, 200мл/кг болғанға дейін, емізу жиілігі -8-12 рет.
Орталық нерв жүйесінің дамып жетілмеуіне байланысты шала туған балалардың дене температурасын реттеу, тыныс алу, асқорыту ж/е иммундық жүйесінің қызметі дұрыс жетіп дамылмаған. Температураны сақтау орталығының дұрыс жетілмеуіне байланысты шала туған бала тез тоңғыш ж/е тез қызғыш болады. Шала туған баланың тоңғыш болуына теріасты майының жұқалығы жалпы жылу бөлінудің төмендігі себеп болады. Шала туған балаларда өтпелі жағдайлар жетіліп туған балаларға қарағанда өзгеше өтеді: салмақ жоғалтуу 9 – 14 % дейін, 2 – 3 аптада орнына келеді. Физиологиялық сарғаю барлық балаларда кездеседі, денгейі жоғары, ұзаққа созылады және айқын болады. Жыныс кризі сирек кездеседі. Өтпелі лихорадка және несеп қышқыл инфаркті кездеспейді.
Шала туған балаға ерекше күтім жағдайын жасау керек:
Бөлмедегі температура + 25 С болуы керек
Баланы 4 жөргекке орайды, жылы көрпемен жабады
Баланың күтімін жылытқыш лампаның қасында өткізу керек.
ІІІ,ІУ дәрежедегі шала туған балаларды кювезге салып жылытады. Кювездің ішіндегі жағдай жатырдағы жағдайға жақын: Т32-34 0 С, ылғалдығы-60-70%, әр дайын ылғалды. Кювезден шығармай күтім жасауға болады.
5. Кювез жоқ болса немесе баланың шалалығы І-ІІ дәрежеде болса
оны 3 жылытқышпен жылытуға болады.
6. Шала туған баланың келесі ерекшелігі тыныс алуының
дамып жетілмеуі. олар 1 минутта 40-80 рет дем алады, дем алу үстірт,
бір қалыпсыз, дем алуы кей кездерде тоқтап қалуы мүмкін-апноэ.
7. Бұның себебі тыныс алу орталығының дамып жетілмегендігінен
ж/е демалу органдарының анатомиялық физикалық ерекшеліктерінен.
Күтім кезінде асептика қатаң сақталу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |