1-дәріс. Көшбасшы және көшбасшылық түсінігі ХХІ ғасыр көшбасшысы



бет19/26
Дата12.12.2023
өлшемі77,63 Kb.
#196421
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
Дәріс
«Математиканы о ыту теориясы» п ніні о у- дістемелік материалы, Зерттеу дерісі ж не негізгі кезе дері ылыми зерттеу дерісі, Нугман Акнур Эссе 3-я тема, эссе кошбасшы, Тема Современный стиль в одежде
ТЕСТ
«Сіз көшбасшысыз ба?»
Сұрақтарын мұқият оқып шығып, «а», «б», «в» нұсқаларының біреуін тандап, белгілеңіз.
1. Сіз тобыңызбен бір мәселені талдап жатырсыз. Егерде сіздің ойыңыздан басқа біреудің ойы жақсырақ болса, сіз өзіңізд қалай сезінесіз?
а) мазасызданасыз;
б) әбіржіп қаласыз;
в) қызығасыз.
2. Сіз тобыңызбен бірге мектептегі сауық кешінің сценарий дайындап жатырсыз. Сіз басқалардың идеяларын өзіңіздің идеяңызбен салыстырғанда қалай бағалайсыз?
а) сіздікі жаман;
б) сіздікі жақсы ;
в) сіздікі жаман емес, бірақ жақсы болу міндетті емес.
3. Сіз басқаларды маңызды нәрсеге көндіруге тырысықан жағдайда?
а) сізді тындамайды;
б) сізді тындайды, бірақ оларға сізді түсіну қиын.
в) әдетте сізді тындайды және түсінеді.
4. Сіз бір жұмысқа көп уақытыңызды жұмсадыңыз. Бірақ сізді осы уақытқа дейін ешкім мақтамады. Сіз бұл жағдайда не істейсіз?
а) есіңізден танып барлығын алып кетесіз;
б) Бұл жұмысты тастап, басқа жұмысқа кірісесіз;
в) Бұл жұмысты аяғына дейін жеткізесіз, себебі бұл маңызды деп санайсыз.
5. Манызды іс-шараны дайындауға барысында сізге көшбасшыға лайық тапсырма берілмеді. Сіз осыған қалай қарайсыз?
а) жақсы, себебі көшбасшы ролінде өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз;
б) егерде сізді көшбасшы ретінде тағайындамаса, сіз қатысудан бас тартасыз;
в) кей кезде қарапайым қатысушы болуға сіз қарсы емесіз.
6. Сіз істегіңіз келген нәрсе қолыңыздан келмей жатса, сіз не істейсіз?
а) сіз барлығын тастайсыз, себебі сәтсіздіктер сізді ылғида ешнәрсеге жарамайтыңызды дәлелдейді;
б) басқалар сізді түсінбейді, сол себепті сіз бұл жұмысты тастайсыз;
в) сіз сәтсіздіктерден болашақта көмектесетін сабақ аласыз.
7. Егерде сіз топтық тапсырманы орындауға жауапты болсаңыз, сіз не істейсіз?
а) басым жұмысты орындау үшін басқаларына бересіз;
б) барлығын өзіңіз істейсіз;
в) әрбіреуінің қабілетіне және қызығушылығына қарай бөліп бересіз.
8. Сіздің дайындығыңыздан өзгеше дайындығы бар адамдармен жұмыс жасағанда қандай сезімде боласыз?
а) ыңғайсызданасыз;
б) өзіңіздің артықшылығынызды немесе кемшілігіңізді сезінесіз;
в) басқа көзқараста қарайтынына қызығасыз және құрметтейсіз.
9. Сіздің тарапынызға шынайы сын айтылған жағдайда, сіз өзіңізді қалай сеінесіз?
а) өзімеқанағаттанбаймын;
б) ызыланамын;
в) жұмысты алға бастыруға тырысамын.
10. Сіз қалағандағыдай жұмысыңыз әртүрлі себептермен жүрмей жатса, сіз не істейсіз?
а) сіз өткен қателіктеріңізді еске түсіресіз
б) барлығына басқаларды кінәләйсіз;
в) жұмысты ары қарай жылжыту жолдарын іздейсіз.
Енді «а», «б», «в» әріптерінің санын санаңыз.
«а» – 7 немесе оданда көп болса, жақсы көшбасшы болу үшін сізге өз-өзіңізге сенімділігіңізді арттыру қажет.
«б» – 7 немесе оданда көп болса,сізге басқа адамдарға сенім артуға үйрену қажет.
«в» – 7 немесе оданда көп болса, басқаларға және өзіңізге дұрыс көзқарастасыз. Сіздің басқалаға және өзіңізге деген қарым-қатынасыңыз жақсы лидер болып шығуға септігін тигізеді.
Егерде сіздің нәтижеңіз өзіңіз ойлағандай шықпаса, онда оның себептерін анықтауға тырысып көріңіз.

Жетекшінің маңызды рөлдері: Тұлғаарлық рөлдер. Функциялары: өкілділік: презентациялар өткізу, сөз сөйлеулер, кездесулер, көшбасшылық: оқытады, ынталандырады және байланыстырушылық: ұйымның ішінде және одан тыс қатынастар, желіден тыс, өзінің ақпараттық жүйесін құруға бағытталған.


Ақпараттық рөлдер. Функциялары: бақылаушылық: не болып жатқанын бақылау, таратушылық: адамдарға ақпарат жіберу, шешендік: бизнес-бөлім атынан өкілдік ету. Шешім қабылдау рөлдер. Кәсіпкерлік функциялары: өзінің бөлімшесін жақсарту және өзгеретін жағдайларға бейімделу, жарнама компанияларын құру, әлсіз бөлімшелерді қайта құру немесе бірігудің күшті жолдарын іздейді.
Стратегиялық менеджменттің бес міндеті. Мекеменің стратегиясын жасау және жүзеге асыру бойынша менеджердің міндеті бес өзара байланысқан бөліктерден тұрады: 1. Қызметтің түрін анықтау және оның дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастыру, яғни дамудың мақсаттары мен ұзақ мерзімді болашағын белгілеу қажет.
2. Жалпы мақсаттарды жұмыстың нақты бағыттарына айналдыру.
3. Қажетті көрсеткіштерге жету үшін таңдалған жоспардың шебер жүзеге асырылуы.
4. Таңдалған стратегияның тиімді жүзеге асырылуы.
5. Жасалған жұмыстарды бағалау, жағдайды талдау, алынған тәжірибе, өзгерген жағдайлар, жаңа идеялар немесе жаңа мүмкіндіктер тұрғысынан қызметтің ұзақ мерзімді негізгі бағыттарына, мақсаттарына, стратегияға немесе оның жүзеге асырылуына түзетулер енгізу.
Стратегияны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері: - стратегияны табысты орындау үшін ұйымдық мүмкіндіктерді жасау; - қаражаты пайдалы басқару; - стратегияның жүзеге асуын қамтамасыз ететін саясатт анықтау; - өте тиімді жұмыс үшін қызметкерлерді мотивациялау; - қажет болған жағдайда стратегияны жүзеге асыру бойынша өте жақсы нәтижелерге жету мақсатында олардың міндеттері мен жұмыстардың сипат түрін өзгерту; - сыйақы мөлшерін белгіленген нәтижелерге жетумен ұштастыру. Ұйымның стратегиясын жасау мен жүзеге асыру барысында менеджердің бір-бірімен байланысты алдында бес міндет болады: 1. Компанияның дамуындағы негізгі бағыттарды анықтау. Басқаша айтқанда оның міндеттерін және ұзақ мерзімді даму болашағын белгілеу.
2. Белгіленген жалпы мақсаттарды нақтылы жұмыс бағыттарына айналдыру.
3. Керек көрсеткіштерге қол жеткізу үшін таңдап алған жоспарды орынды іске асыру.
4. Таңдап алған стратегияны тиімді атқару.
5. Орындалған жұмысты бағалау, нарықтағы жағдайды талдау және соған байланысты қызметтің негізгі бағыттарына сәйкес қойылған міндеттерге өзгерістер енгізу. Олар (өзгерістер) түбінде жаңа мүмкіндіктерге, жаңа өнімдерге байланысты болады.
Стратегияны әзірлеу үшін бірінші қадам талдау жұмысын жүргізу. Талдау – қалыптасқан, болған жағдайларды анықтау үдерісі. Онсыз ешқандай болжау, жоспарлау, бағдарламалау мүмкін емес. Қандайда болмасын стратегияны қабылдауы үшін, алдымен ішкі және сыртқы жағдайларды анықтап бағалау қажет. Ол үшін үш бағытта зерттеу жүргізіледі: 1) саладағы жағдайлар және бәсекелік мүмкіндіктер, 2) компанияның өз ішіндегі жағдайы, 3) оның бәсекелестік қабілеті.
Стратегияны жүзеге асыру және менеджмент ең алдымен ұйымды бағалау және таңдау мәселелерін қамтиды. Бағалау белгілері: • таңдап алған стратегия сәйкес пе? • таңдап алған стратегиясы технико-экономикалық жағынан негізделген бе? • стратегия қолдау тапқан ба? • таңдап алған стратегия бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізе ме?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет