1-дәріс. Көшбасшы және көшбасшылық түсінігі ХХІ ғасыр көшбасшысы


-дәріс. Стратегиялық жоспарлаудың теориясы мен практикасы



бет16/26
Дата12.12.2023
өлшемі77,63 Kb.
#196421
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
Дәріс

8-дәріс. Стратегиялық жоспарлаудың теориясы мен практикасы
Стратегиялық жоспарлау түсінігі, функциялары.
«Стратегия» термині гректің «Strategos» сөзінен туындаған, мағынасы «генерал өнері» деген түсінікті беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді.Стратегия іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан жақты және кешенді жоспар. Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған, бұдан біз стратегия ұғымы адам, қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқанын көруге болады. Стратегия – ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы.
Стратегиялық жоспарлау – басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді. Стратегиялық жоспарлау – басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні мен құрылымы.
Стратегиялық жоспарлау – оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару шешімдері үшін оның негізін қамтамассыз етеді. Стратегиялық жоспарлауды мемлекеттер, ірі және орта компаниялар, соңғы кездері арнаулы білім саласы кеңінен қолданылуда. Стратегиялық жоспарлаудың мәні – айқындалған дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтау. Стратегиялық жоспар, ұзақ уақытқа жасалады, сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткіліті түрде икемді болуы тиіс.
Стратегиялық жоспарлаудың бірнеше моделі бар:
- тиімді менеджмент стратегиясы. Жапон менеджерлері 70-жылдың орта тұсында өздеріне мынадай сұрақтар қойды: «Компанияның ұзақ мерзімді мақсаты қандай?», «Компания орта өзгерісіне қалай бейімделеді?», «Жұмыскерлерді қалай тиімді пайдалануға болады?
Қойылған сұрақтардың жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға болады:
1. Тиянақты шешім стратегиясы. Америка мен Жапонияның таңдаулы фирмалары өндірісті ұдайы жетілдіріп, жұмысты ең жаңа және таңдаулы әдістерімен орындау үшін ақша бөледі, ұжымның өсуі мен дамуына күрделі қаржы жұмсайды.
2. Тәуекел стратегиясы. «Біз ең таңдаулы адамдарды таңдап аламыз және де олар қателескен жағдайда көмектесіп, іскерлікті одан әрі дамытуға ықпал етеміз».
3. Менеджмент идеясының стратегиясы. Әрбір істе ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы. Инновациялық ұйымның жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.
4. Кәсіпорынды жоспарлаудың әртүрлі әдістері. Бұл тамаша жұмыс қабілетін сақтауға мүмкіндік береді. Менеджерлердің ықпал етушілігі тиімді басқару шешімдерін қабылдай білуіне байланысты. Бұл жағынан қарастырғанда жапондықтар ең тиімді шешім қабылдайтындарға жатады. Американдық немесе европалық шешім қабылдаудан, жапондық шешім қабылдаудың басты өзгешелігі – мұнда шешім қабылдау дегеніміз, қойылған сұраққа жауап беру.
5. Машықтанған мамандарды таңдау стратегиясы – қарапайым адамдарға әдеттен тыс жұмыстарды орындауына ықпал ету. Менеджмент тиімділігінің және машықтанған мамандар стратегиясы тиімділігінің басты мақсаты – әрбір қызметшінің дербес әрекет етуіне ықпал ету, яғни тиімді жұмыс істейтін машықтанған қызметшілер құрамының болуын қамтамасыз ету.
6. Жеңілдету стратегиясы – барлық жағдайды мүмкіндігінше қарапайым қалпында сақтау, төрешілдікке жол бермеу. Басқару құрылысын оңайлату.
7. Сапа стратагиясы. 50 жылдары проффессор Деминг американдық бақылау саласындағы мамандықтарды американдық басқару амалдарына үйретті. Осы жылдары жапондық менеджерлер басқару амалдарын орташа және төменгі деңгейдегі мамандарға үйретпестен бұрын әуелі фирмадағы барлық деңгейдегі қызметшілерге үйретті.
8. Адалдық және берілгендік стратегиясы – жекелеген қызметкерлердің қойылған мақсатты түсінуіне және өз еркімен жүзеге асыруына жәрдемдесу әрі қызметкерлердің адал, шын берілгендігін талап ету.
9. Ынтымақтасу стратегиясы – барлық қызметшілердің шешім қабылдауға қатысуы. Жапонияда еңбек өнімділігін арттыру үшін бірлесіп әрекет ету мен бәсекелестікті тиімді пайдаланады. Компаниялардың өзара бәсекелесін, әлемдік рынокқа шығуы көтермелеп отырады, ал компания ішіндегі бәсекелестікке жол берілмейді.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.
1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.
2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.
3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі кез келген маман тиімді бәсекелесу үшін сапа, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы әрі талдауы тиіс.
4. Стратегиялық жоспар мекеменің айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.
5. Стртегиялық жоспарды жасағанда ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.
Стратегиялық жоспарлау тұжырымдамасы келесі факторларға негізделеді:

  • 1. Стратегия шешім қабылдаудың логикалық біріккен дәйекті жүйесі ретінде белсенді және практикалық әрекеттерден бұрын болуы керек.

  • 2. Стратегия мекеменің мақсатын, оның ұзақ мерзімді мақсаттарын, әрекет жоспарларын және ресурстарды бөлуді анықтайды.

  • 3. Стратегияны таңдау ұйымның бәсекеге қабілетін және оның қызмет саласын анықтауды білдіреді.

  • 4. Стратегия ұйымның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ сыртқы ортада пайда болатын мүмкіндіктер мен қауіптерді ескереді.

  • 5. Стратегия функциялар мен ұйымдық құрылымды үйлестіруді қамтамасыз ететін басқарудың жоғарғы және орта деңгейлеріндегі міндеттерді бөлуді логикалық түрде негіздейді.

  • 6. Стратегияны ұйымның бар болуының негіздемесі ретінде қарастыруға болады: ол меншік иелерінің экономикалық және басқа да пайдасын сипаттауы керек.

Стратегиялық жоспарлау – бұл ұйымның мақсаттары мен оларға жету жолдарын таңдау процесі ретіндегі басқару функцияларының бірі. Стратегиялық жоспарлау барлық басқару шешімдерінің негізін қамтамасыз етеді, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау функциялары стратегиялық жоспарларды әзірлеуге бағытталады. Стратегиялық жоспарлаудың әдістемесі және технологиясы – стратегиялық жоспарлау туралы ғылым, ол ең жақын практикалық іс-шаралар және басқа ғылымдардың жетістіктерін жүзеге асыруға арналған. Стратегиялық жоспарлаудың әдіснама жүйесі болжамдар, жобалар, бағдарламалар мен жоспарлар жүйесін әзірлеудің ғылыми негізі болады. Стратегиялық жоспарлау – кәсіпорынның жұмыс істеуі үшін мақсаттар жүйесі қалыптасатын және оған жету үшін кәсіпорынның бүкіл ұжымының күш-жігері біріктірілетін құрал. Стратегиялық жоспарлаудың операциялық, ұзақ мерзімді жоспарлаудан айырмашылығы – шектеулі уақыт шеңбері. Мәселен, операциялық жоспарлау бір күннен бір айға дейінгі кезеңге әзірленеді. Ұзақ мерзімді жоспарлау – 10-20 жылдық кезеңге арналған жоспар, ұзақ мерзімді болжамды, яғни болашақта кәсіпорынның дамуын қарастырады. Ұзақ мерзімді жоспарлау – кәсіпорынның ұзақ мерзімді (әдетте 3-5 жыл) мақсаттарын анықтау мақсатында ұйым басшылары жүзеге асыратын процесс. Егер ұзақ мерзімді жоспарлау компанияның мақсаттарын қоюға бағытталса, стратегиялық жоспарлау осы мақсаттарға жетудің ең қолайлы жолдарын анықтайды.
Тактикалық жоспарлау барлық басқару функциясының ішінде ең қажеттісі, өйткені мұның өзі кез келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Тактикалық жоспарлау басшылықтың негізгі функциялардың бірі және жеке төрт функцияда: ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істеу, басшылық, жетекшілік және бақылауда көрініс табады. Басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай-ақ жоспарға сәйкес көзделген мақсатқа жету үшін бақылайды. «Жоспарлау» ұғымына мақсатты айқындау және оған жету жолдары енеді. Жоспарлау процесінің төрт кезеңінен тұрады:
- жалпы мақсатты ойластыру;
- белгіленген біршама уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;
- оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;
- жоспарлы көрметкіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы қойылған мақсатқа жетуді бақылау.
Жоспаралаудың мынадай кезеңдері айқындалған:
- бар мүмкіндікті бағалау;
- басты міндет немесе мақсат;
- жоспарлы ұсыныстар;
- баламалар (альтернативтер);
- баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру;
- баламаларды таңдау;
- қосалқы жоспарлауды тұжырымдау;
- жоспарды цифр түрінде көрсету.
Жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, мекеменің болашақтағы дамуын айқындайды және бақылайды.
Жоспар жасаған кезде барлық көрсеткіштер толық пайдалануы, сонымен қоса өзгеріс енгізетіндігі ойластырылуы, ал жоспардың өзі жоспардың өзгеруіне қарай үйлестіріліп отыруы тиіс.
Стратегиялық және тактикалық жоспарлаудың байланысы.
Стратегиялық жоспарлаудың басты артықшылығы жоспарланған көрсеткіштердің жоғары дәрежесімен, оқиғаларды дамытудың жоспарланған сценарийлерін іске асыру ықтималдығының жоғарылығымен айқындалады.
Стратегиялық жоспарлаудың мақсаттары келесі факторлармен қамтамасыз етіледі:
- жоспарлаушылардың жоғары кәсібилігі мен шығармашылығы;
- кәсіпорынның сыртқы ортамен тығыз байланысы;
- белсенді инновациялық саясат;
- стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға кәсіпорынның барлық қызметкерлерін қосу.
Стратегиялық жоспарлаудың өз технологиясы бар. Стратегиялық жоспарлау процесі келесі қадамдарды қамтиды: кәсіпорынның (фирманың) миссиясын анықтау; кәсіпорын қызметінің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау; сыртқы ортаны талдау және бағалау; талдау және бағалау ішкі құрылымыкәсіпорындар; стратегиялық баламаларды әзірлеу және талдау; стратегияны таңдау.
Стратегиялық жоспарлау – басқарудың ең маңызды функциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет