1-дәріс. Көшбасшы және көшбасшылық түсінігі ХХІ ғасыр көшбасшысы Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу
қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-құлықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады.
Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.
«Көшбасшы» сөзі «қолдан жетектеу» дегенді білдіреді. Әрбір ұйым үшін арнайы тапсырмаларды орындаумен ғана айналыспай, тұтастай алғанда барлық бөлімдерді қадағалайтын жауапты адам болуы керек. Жауапкершіліктің бұл түрі – әр нәрсені қадағалап отыру – басшы жұмысының мәні.
Басшы қызметінің түпкілікті мақсаты ұйымның мақсаттарына қол жеткізу болып табылады, ол қол астындағылардың көмегінсіз қол жеткізе алмайды. Ал басшының қол астындағыларға ықпал ету және ұйымның мақсатына жетуге итермелеу мақсатындағы үйреншікті мінез-құлқы – бұл персоналды басқару стилі.
Көшбасшылық жөніндегі атақты ғалым Дуглас Мак Грегор автократиялық көшбасшының жұмысшыларға қатысты алғышартын «Х» теориясы деп атады, оған сәйкес:
1 Адамдар бастапқыда жұмыс істеуді ұнатпайды және әр мүмкіндікте жұмыстан қашады;
2 Оларда амбиция жоқ және олар жауапкершіліктен арылуға тырысады, басшылықты жақсы көреді;
3 Ең бастысы, адамдар қауіпсіздікті қалайды;
4 Адамдарды еңбекке мәжбүрлеу үшін мәжбүрлеуді, бақылауды және жазалаймын деп қорқытуды қолдану қажет.
Ресми көшбасшылық - лауазым лауазымындағы адамдарға әсер ету процесі;
Бейресми көшбасшылық – өз қабілеттері, дағдылары немесе басқа ресурстармен адамдарға әсер ету процесі.
«Бейресми» көшбасшылық жеке қарым-қатынас негізінде туындайды. Бұл көшбасшылық табиғаты деп аталады. Кейде, ол мақсатты түрде сайланады және жиі тағайындалады және олар басқаратын топтағы жағдайға жауап береді, олар өздері басқарады, қатысушыларды насихаттау және жазалау туралы ресми заңға ие.