1-дәріс. Көшбасшы және көшбасшылық түсінігі ХХІ ғасыр көшбасшысы


Көшбасшы міндетті түрде беделді тұлға болуы керек пе? Қандай маңызды қасиеттерге ие болу керек?



бет2/26
Дата12.12.2023
өлшемі77,63 Kb.
#196421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Дәріс

Көшбасшы міндетті түрде беделді тұлға болуы керек пе? Қандай маңызды қасиеттерге ие болу керек? Олардың ішінде басты қасиеттердің бірі – қасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай алуы, ол әдетте сенімділікпен қатар жүреді. Адамдармен сөйлескен әрбір кезде көшбасшы олардың сенімділігіне ие болуға мүмкіндік ретінде қарау керек. Ең алдымен ол үлкен әріпті психолог бола алуы тиіс. Адамдармен сөйлесу, қарым-қатынас жасау арқылы оларды іске, қызмет етуге ынталандыру кезінде оның гумандылығы байқалады. Айналадағы адамдарға әсер ете алатындай көшбасшы болу тек оның еркі мен қолда бар билігіне ғана тәуелді болмайды, оған деген жол жоғарғы түсінушілік пен өзін-өзі басқарудан құралады.
Көшбасшының тағы бір ерекшелігі – алдына мақсат қойып, оған жете алуы. Ол өзінің нені нақты қалайтынын жақсы білуі керек және оны іске асыру үшін керекті қадамдарды алдын ала жоспарлай алуы қажет. Ол мақсаттар жұмысқа, қарым-қатынастарға, өзін-өзі дамытуға немесе материалды нысандарға бағытталады. Белгілі бір мақсатқа жету үшін көшбасшыға мәселелерді шешіп, соған сәйкес шешімдер шығару керек. Болашаққа мақсаттарды құру мен оларды орындауға бағытталған адам белгілі бір әрекеттерге ынталанады. Сондай-ақ ол неғұрлым тезірек тиісті шешім қабылдаса, соғұрлым оның жұмысы өнімді болады. Мақсатқа жету кезінде көшбасшы сабырлы және дипломат болуы керек. Ол қасиеттер өзіне деген сенімділікпен және жақсы жасалынған жұмысты көре алумен қатар жүруі тиіс. Екінші жағынан, ол қайсарлығымен де танылу керек, басқа жағдайда жоғарыда айтылған қасиеттер әлсіздіктің белгісі болып қалмақ.
Көшбасшылықтың фундаменталды қағидаларының бірі ұйым ішінде басқалардан өзіне деген жақсы қарым-қатынас пен жақсы жұмыс орнын күтуі. Егер бұлар жиі орындалса, онда оның нәтижелері де жақсы болады. Көшбасшының тағы бір оң қасиеті – оның қайсарлығы.
ХХІ ғасыр көшбасшы сапасының ең белсендісі – армандай алу қабілеті.
*Бұл көшбасшылар арманды іздеумен айналысады, оны жүзеге асыруға тырысады. Өзінің арманын іске асыру бойынша жұмыс істейді, тиімді коммуникация жүйесін пайдалануды, ұйымның әрбір мүшесінің шабыттандыруға, сондай-ақ, олар да өз армандарына сенуін көздейді. Көшбасшы қиялдағы болашақ көрінісін жігерлендіре және жақсарта алады, уақыт көкжиегі мен алда оны үлкен жетістіктер күтіп тұрғанын біледі.

  • Көшбасшы стратегияға сенетін атмосфера жасайды, менеджмент шешімдеріне сенеді, соның нәтижесінде ұйымда қозғалыс туындайды.

  • Көптеген дағдылар мен іскерліктерге, шет тілі білігіне және заттардың кең ой-өрісі мен мәдениетіне ие.

  • Көшбасшының маңызды сипаттамасының бірі – қызықтыра алу қабілеті.

  • Көшбасшы жаңа мақсаттарға ұмтылады. Олар ұйымның табысқа жетуіне ықпал ететін барлық нәрсені армандайды. Бойынан табылатын қасиеттері: еңбекқорлық, тұрақты ізденушілік, идеяға баса назар аудару, білімді, қайтпас-қайсарлық. Көшбасшылар өз ұйымын дамыту мақсатында болашаққа бет бұрып, жаңа идеялар мен ашылулар үшін жиі саяхатқа шығады.

  • Көшбасшы өзінің қарамағындағыларды мәселінің алдын алғаны үшін марапаттайды.

  • Көшбасшы талантты анықтап, тарта отырып және ұстап қала отырып, оларды инвестициялайды (жаңа талантты адамдарды жалдамас бұрын, жасырын өз қызметкерлері арасында таланттарды анықтайды).

  • Көшбасшылық басқару стилі – жаңашыл, сенсациялық, әуесқойлық.

  • Көшбасшы ұжымды үнемі қалыптастырады, дамытады («ұйымдық данышпан»), талантты, әуесқой және адамдарды жан-жақты ұйымдастырады.

Сенім – көшбасшылықтың негізі. Көшбасшыға деген сенім – оның нақты қалыптасқан құндылықтар жүйесінің болуымен қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет