15-дәріс. Гендерлік және көшбасшылық. Гендер әйелдер мен қыздардан, ерлер мен ұлдардан олардан өмір бойы күтілетін міндеттер мен жауапкершілікті анықтайды, және де олар тап болуы мүмкін белгілі бір кедергілерді, сондай-ақ олар пайдалана алатын артықшылықтарды белгілейді. Гендер - бұл біздің бірегейлігіміздің негізгі факторы, өз-өзімізді сырттай қалай көреміз, айналамыз бізге қалай қарайды және айналадағы адамдардың қалай қарағаны бізге ұнайды, осының барлығы дерлік бізге өте қатты әсер етеді. Гендер әйелдер мен қыздардан, ерлер мен ұлдардан олардан өмір бойы күтілетін міндеттер мен жауапкершілікті анықтайды, және де олар тап болуы мүмкін белгілі бір кедергілерді, сондай-ақ олар пайдалана алатын артықшылықтарды белгілейді. Көзге көрінетін гендер: бұл бәрінің көзіне түсетін және ерлердің/әйелдердің айрықша физикалық тұрғыдағы белгілеріне негізделеді. Онша байқалмайтын көрсеткіш: Көзге көрінетін гендер киген киіммен, іс-қимылмен және мимикамен білінеді. Тіпті «унисекс» киімін киген жағдайда да, әйелдердің/ерлердің іс-қимылына қарап, физикалық тұрғыда өзін-өзі қалай ұстайтынына назар аудара отырып, айырмашылықтарды байқауға болады. Жүріс-тұрыс маңызды көрсеткіш бола алады, бұл әсіресе ерлер/ әйелдер мінез-құлқының ережелері тым айрықша болған кезде байқалады (эмоцияны білдіру, бірінші кезекте тұру, үстем/бағынышты мінез-құлық және т.б.). Шамалы байқалатын көрсеткіш: Шамалы байқалатын көрсеткіштер көзқарастарды, жорамалдарды, ұлттарды қамтиды және олар туралы тек сөйлесу кезінде және/немесе ұзақ бақылау барысында ғана білуге болады. Байқалмайтын гендер: сексуалды бағдарлық (ориентация) және сексуалды қалаулар ең айқын емес жеке көрсеткіштер болып табылады. Бұл мәселе адамның жеке өміріне қатысты және адамға ер немесе әйел ұқсастығын беретін негіз болып табылады. Гендерді түсіну контекстке байланысты. Бұл дегеніміз, ол бір қоғам шеңберінде әртүрлі жерлерде өзгеруі мүмкін. Қалалық және ауылдық өмір арасындағы айырмашылықтар туралы, рөлдер мен міндеттер туралы, сондай-ақ қала мен ауылда тұратын әйелдер мен ерлерге қатысты ой-пікірлер мен нормалар туралы ойланып көріңіз. Кез келген қоғамда сонымен қатар мәдени ықпал (ерекшеліктер) бар. Көптеген әлеуметтік түсініктер мен нормалар достар/көршілер/жұмыстағы әріптестер арасында ортақ болғанымен, гендерді түсінуге сонымен бірге әртүрлі мәдени сенімдер мен тәжірибелер әсер етеді. Мысалы, дін, тарих, киім, тамақтану, тұрғын үй және отбасылық міндеттер. Өмірде болып жатқан өзгерістер жылдамдығы бір қоғам шеңберінде де әртүрлі болуы мүмкін және олар ішкі және сыртқы ықпал етулерге тәуелді болады. Ішкі ықпал етуге: заңдар мен нормативтік актілер, саяси шешімдер, білім беру, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жатады, ал сыртқы ықпал етуге: әлеуметтік желілер, теледидар мен кино, шетелге саяхат, көші-қон сияқты тақырыптар жатады. Осында көрсетілген кейбір ықпал етулер маңызды әрі ауқымды болып табылады және гендердің қалыптасқан түсініктері мен іс жүзінде жүзеге асуына сыни баға береді. Бұрыннан бері қалыптасып қалған жағдайдың өзгеруі туралы ойлау әрдайым қолайсыздықты тудырады.