11-дәріс. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру тұжырымдамасы Еңбекті ғылыми ұйымдастыру – өндіріске жүйелі тірде үздіксіз енгізілетін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде материалдық еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылуын, еңбек өнімділігнің үздіксіз артуын, адамның денсаулығын сақтауды, еңбекті бірте-бірте ең бірінші өмірлік қажетке айналдыруды қамтамасыз етеін шаралардың жиынтығы. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың негізінде кәсіпорында, оның бөлімшелерінде және жұмыс орындарында жұмыс күші мен еңбек құралдарын мейлінше тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі. Еңбекті ғылми ұйымдастыру әрбір кәсіпорында өндіріс мәдениетінің жоғары болуын, ауыр еңбектің жойылуын, еңбек жағдайының жақсаруын, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық жағынан қолайлы жағдай жасалуын талап етеді. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру – комплексті, сан қырлы процесс. Ол өндірістің барлық сатысын – жұмыс орнынан бастап кәсіпорынға дейінгі бүкіл аралық буындарды қамтиды. Еңбекті ғылми ұйымдастыру екі топқа бөлінеді: 1) техника-экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыру, техниканы тиімді пайдалану, материал мен еңбекті барынша үнемдеп, жұмыстың көлемі мен түрлерін ұлғайту, атқарылатын жұмыстың санын арттыру, еңбектің қарқындылығын қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды.
2) әлеуметтік мәселелерге еңбекті ең бірінші өмірлік қажеттілікке айналдыру, жеке адамды жан-жақты жетілдіру, еңбектің мән-мағынасын және тартымдылығын арттыру, қолайлы еңбек жағдайын жасау және оның мәдениетін көтеру, адамдарды еңбекке деген саналы көзқараста тәрбиелеу және творчестволық инициативаны кең өрістеу мәселелері кіреді.
Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың бірнеше бағыты болады: 1) кәсіпорындарда жұмыс жасаумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар мен негізгі өндірістің бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көмекші жұмысшылардың арасында дұрыс арақатынас орнату. Бұл әр адамға жұмысты тезірек меңгеруіне мүмкіндік беріп, бір операциядан екінші операцияға ауысқан кезде сөзсіз орын алатын уақыт шығындарын болдырмайды. Еңбекті ұйымдастырудың тиімді формаларының бірі – жұмыстың алуан түрін орындауды қамтамасыз ететін комплексті бригадаларға біріктіру. Бұл форма әсіресе металлургияда, мұнай өндіруде, машиналарды жөндеуде немесе құрастыруда, ауыл шаруашылығында т.б. кеңінен қолданылып жүр. 2) жұмыс орындарын неғұрлым ұйымдастыру. Жұмыс орны – жұмысшының немесе жұмысшылар тобының еңбек ету аймағы, жұмыс орнын неғұрлым тиімді ұйымдастыру жұмысшының еңбек нәтижелігін, оның еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс уақытының өнімсіз шығынын азайтуға жағдай жасайды. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жөніндегі шаралар жүйесінде жұмыс орындарында қызмет етуді жетілдіру маңызды рөл атқарады. Жұмысшыларды материалдармен қамтамасыз ету, оларға тапсырма беру, жабдықты реттеу және жөндеу, қалдықтарды жинау және дайын өнімді қабылдау – осының бәрі жұмысшыны бос тұрмайтындай немесе негізгі жұмысшынан алаңдамайтындай етіп тиімді ұйымдастырылуы тиіс. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мұнан соң ең тиімді еңбек тәсілдерін іріктеуді, зерттеуді, қорытуды және таратуды кездейді. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру проблемаларының комплексінде жұмыс істейтіндер үшін қолайлы еңбек жағдайын туғызу маңызды орын алады. Бұған ең алдымен өндіріс процестерін механикаландыру мен автоматтандыру, адамның еңбегін жеңілдететін және оның өнімділігін арттыратын осы заманғы алуан түрлі техникалық құралдарын еңгізу арқылы жетуге болады. Алайда техниканың әрбір тиісті дәрежесінде қаржыны аз жұмсай отырып қызметкерлерге жемісті еңбек ету үшін ең қолайлы санитарлық гигиеналық және эстетикалық жағдайлар туғызуға болады. Өндіріс шуын азайту, жарықты жақсарту, ауа тазалығын сақтау, бір қалыпты ылғалдық пен температураны қамтамасыз ету әрбір жұмысшыға бүкіл смена бойына ең жоғарғы өнімділікпен еңбек етуіне, сөйтіп өнім мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді. Ғылым мен практикалық тәжірибе адамдардың көңіл күйі, демек жұмыс қабілеті тіпті машиналардың, аспаптардың, мебельдің, қабырғаның, төбенің сыртқы түрі мен бояуы сияқты ұсақ түйек болып көрінетін нәрселерге де байланысты екенін дәлелдеді. Кәсіпорындарда басқа шаралар мен ұштастырылған өндірістік эстетиканы енгізу өндіріс мәдениетін өрге бастыруға көмектеседі.
Кейбір жағдайларда еңбекті ғылми ұйымдастырудың еңбек пен демалыс тәртіптерін рационалдандыру сияқты бағыты да едәуір нәтиже береді. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың қарапайым талабы – кәсіпорындардағы барлық қызметкерлердің жұмыс күнінің ортасында емін-еркін тамақтануына, сыртқа шығып тиісті уақытта дем алуына мүмкіндік туғызу. Жұмыс пен демалыс тәртібін жақсарту еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүкіл жұмыс күні бойына еңбек пен демалыс тәртібін жақсы жолға қою үшін үзілістің қаншаға, қай уақытта жасалуын. оларды тиімді пайдалану жолдарын дұрыстап ойластырудың маңызы бар. Адамның жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігінің артуына гимнастика жасау да игі тигізеді. Еңбекті ғылми ұйымдастыру неғұрлым кең мағынада, еңбекті нормалауды жетілдіру, еңбек тәртібін нығайту сияқты проблемаларды да қамтиды. Өндірісте еңбекті ғылми ұйымдастыру үшін оның жоспарын жасап, жүзеге асыру қажет. Бұл жоспар жұмыс орындарында, бүтіндей кәсіпорындарда жүзеге асырылатын еңбекті ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі шаралар комплексін қамтиды. Еңбекті ғылми ұйымдастыру жоспарын жасамас бұрын өндірістік процестің барлық буындарында еңбекті ұйымдастырудың жайы зерттеліп оған талдау жасалады. Мұнда еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін енгізу жағдайларын, өндіріс озаттарының тәжірибесін зерттеу маңызды орын алады. Еңбекті ұйымдастыру жайын зерттеп, талдау негізінде оны жақсарту үшін ұсыныстар даярланады, бұл еңбекті ғылми ұйымдастыру жоспары болады. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жоспарындағы белгіленген шараларды орындау – жұмыстың ақырғы және ең жауапты кезеңі. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, жұмыс уақытының әрбір минутын өнімді пайдалану маңызды.