1-дәріс. Көшбасшы және көшбасшылық түсінігі ХХІ ғасыр көшбасшысы



бет18/26
Дата12.12.2023
өлшемі77,63 Kb.
#196421
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
Дәріс

Конструктивті функция қоғамдағы барлық адамдардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған, бірақ басқа қоғамның қызығушылықтарына нұқсан келтірмеу керек.
Ұйымдастыру функциясы өз тобының басқару жүйесін қалыптастыру, жұмыстарды біріктіру, қажетті процестер мен әрекеттерді жоспарлау арқылы көшбасшы бір жүйені қалыптастырады, міндеттерді бөледі, әрі қарай жүруді қадағаланады, тұлғааралық қарым-қатынасты реттейді, бәрін жауапкершілікке бағыттайды. Өз тобының басқару жүйесін қалыптастыру, қажетті тұлғаларды ризашылықпен біріктіру оқушы көшбасшылығының деңгейін танытады.
Координациялық функция топаралық әрекеттерді келістіру, бірігіп жұмыс атқаруға белсендендіру. Көшбасшы шешім қабылдайды, ортақ шешімге келтіреді және ортақ қоғамдық құндылық құрушы болады.
Интерактивті функция көшбасшы айналасына өз ойымен, мақсатымен ортақтас адамдарды біріктіреді.
Көшбасшылықтың пайда болуының 3 негізгі теориялық бағыттары бар:
Харизматикалық теория қылықтық теория көшбасшылардың туа біткен қасиеттеріне назар аударумен ерекшеленеді. Бұл теория бойынша көшбасшы қажетті, нақты жеке тұлғалық сапалар мен психологиялық мінез-құлықтардың жиынтығына ие болған адам ғана көшбасшы бола алады. Көптеген авторлар көшбасшыға тән қылықтарды не сипаттамаларды көрсетуге тырысады, алайда, мұндай қылықтар жиынтығын құрастыру мүмкін еместігін түсініп, көшбасшының пайда болуын анықтайтын басқа теорияны қалыптастырды.
Көшбасшының жағдайлық теориясы негізінен көшбасшылық жағдайлардың жемісі деп айтылады. Топта әр түрлі жағдайлардың шешілу барысында қандайда бір сапасы бойынша ерекшеленетін адам пайда болды, бұл сапалардың сол жағдайға қажеттілігіне байланысты ерекшеленген адамды топ көшбасшы жасайды.
Көшбасшылықтың жүйелілік теориясы көшбасшы топтағы тұлғааралық қалыптасудың ұйымдастырылу процесін басқару субъектісі. Көшбасшы тұлғасының өзара әрекетті ұйымдастыру үшін адамдарға әсер ету қабілеттілігімен дараланады.
Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітабында нағыз көшбасшы болуға лайық жандарда қандай қасиеттер болу керек екенін анық айтып өткен болатын, соның ішінде: «Ақылды адамдар естігендерінің жартысына сенеді, ал қырағы адамдар қай жартысына сену керек екенін біледі» деген болатын міне бұл қасиеттер нағыз көшбасшыларға тән қасиет екені тағы дәлел. Адамдарға үміт отын сыйлау. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды былай «үмітпен жүретіндер» деп сипаттаған. Егер сіз қоршағандарды осы нұрмен бөлей алсаңыз, онда адамдарды магнит тәрізді тартасыздар. Кез-келген шаруаны ойдағыдай асыру. Бастаған ісін соңына дейін апармайтын адам, құзыретті бола алмайды. Өзіңнен күтілетін нәрседен көбірек істеу. Шынына келгенде, құзыретті адамдар күтілуге тиіс нәтижеден асып түсетін істер жасайды. Көшбасшылар өзінің жұмысын аяқтап, басқа қосымша жұмысты істеулері міндетті. Басқаларды жігерлендіру. Көшбасшылар артынан ергендерді жігерлендіріп, оларға мотиватор болады.
Мәселені жақсы шешетін көшбасшылар мына 5 қасиетке ие болу керек: Проблеманы көре білу. Проблемадан құтыла алмайтындығын білетін жақсы көшбасшы, оны күтіп және көре біледі. Алдағы жолымыз тегіс болады деушілер, ылғи да сәтсіздікпен қауышып отырады. Егер сіздің позитивті ұстанымыңыз жақсы болып және қиын жағдайға әр кез дайын бола алсаңыз, жолыңыздағы барлық тұрған барлық мәселені толықтай шеше аласыз. Шындықты қабылдай алу. Адамдар проблеманы әртүрлі қабылдайды: біреуі одан бас тартады; біреуі оны қабылдап, шешімін іздеуге кіріседі; үшіншісі оны қабылдап қана қоймай, оны жақсы жаққа өзгерте бастайды. Тиімді көшбасшы проблеманы қарсы алуға әрқашан дайын. Толық суретін көре алады. Көшбасшылар проблеманың толық суретін көре біледі. Эмоция оларды орап, састыра алмайды. Олар ретімен істейді. Ричард Слома кеңесі: «Ешқашан проблемалардын барлығына кіріспеңіздер, оларды тізіп, ретімен шешіңіздер». Егер алдарыңызда проблемалар көптеп тұрса, онда алдыңғысын шешкендігіңізге куә болыңыз. Құлау шегінде тұрса да, басты мақсаттан шегінбеу. Көшбасшылар басты шешімді қиын жағдайда емес, шарықтау кезінде қабылдайды.
Оқушылардың көшбасшылық қабілеттілігі дегеніміз – ол басқару іс-әрекетіне деген жағымды мотивациясы негізінде басқару туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-әрекеті және қоршаған ортадағы құбылыстарды басқаруда қолдана алу қабілеттілігін сипаттайтын кіріктірілген қасиеті.
1) Оқушылардың көшбасшылық қабілетін, тұлғаны дамыту процесінің нәтижесі ретінде, өзін-өзі жетілдіруде, өз өмірі мен іс-әрекетінің субъектісі ретінде өзін-өзі қалыптастыруда, туындап отыратын мәселелер бойынша дербес шешімдерді қабылдауда, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына дербес, белсенді қатысуда басқару тәжірибесін табысты және тиімді жүзеге асыруға мүмкіншілігін сипаттайды.
2) Оқушылардың көшбасшылық қабілетінің қалыптасуында өзін-өзі басқару ұйымының маңыздылығы жоғары. Себебі, өзін-өзі басқару ұйымы – ол оқушының дербес, шынайы өзіндік бастамаларына, шығармашылық және өнімді іс-әрекетіне негізделген бірлестіктің жоғары ұйымдасқан түрі. Ал, оқушылардың шығармашылық және өнімді іс-әрекеті, дербес, шынайы өзіндік бастамалары негізінде басқару іс-әрекетін жүзеге асыруы, көшбасшылық қабілеттілігі қалыптасуының маңызды және тиімді шарты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет