Тапсырма. Мәнмәтінді талдау.
1. Блум таксономиясы
2. SWOT-талдау
3. SMART мақсат қою
4. Тұжырымдамалық карта жасау
5. Аргументтік талдау
6. Түсіндірме талдау
7. Сыни ойлау тұрғысынан талдау
8. «Фишбоун» әдісімен талдау
9-дәріс. Мектеп оқушыларының көшбасылық құзыреттілігін және стратегиялық көзқарасын дамыту
Оқушыны көшбасшылыққа жетелейтін жеке қасиеттер:
қарым-қатынас орната білу;
топты қалыптастыра, біріктіре білу;
мақсатын анықтау;
қажет тапсырмаларды беру және оны орындату;
адамдардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын білу, оны қорғау;
аз уақытта көп ақпаратты игере білу;
белгілі біржағдайда шешім қабылдай алу;
үлкен шығармашылық қасиеттер болу керек.
Көшбасшы – топ мүшелерінің мінез-құлқына доминаттылық және бағындыруға қатысты негізінде әсеретеу процесі. Оқушылардың бойында осы қасиеттерді қалыптастыру үшін әрбір оқушының ішкі түйсігінде алға ұмтылу, даму, жанжақтағы ортаны ерекше сезіну, алға қойған мақсаттарға жетудің жолдарын қарастыру, өз ортасында беделге ие болу, сауаттылықты арттыру, іздену, мәдениетті сөйлеу, кез келген жағдайда өзін көрсете білу, тығырыққа тірелмейтін түрлі жұмыстар атқару және өзін жеке тұлға ретінде санап, мемлекетке қызмет етуге дайындауы қажеттілігін сезінуі шарт. Оқушы бойындағы осы қасиеттерге оның көшбасшылық құзыреттілігін көрсетеді. Сынып ішінде бірнеше оқушы басқаларға қарағанда көшбасшылығын қалай білдіреді? Ол алдымен сыртқы ортадағы қарым-қатынасынан аңғарылады. Сөйлеу мәдениеті, басқаларды тыңдай білу сауаттылығы, тапсырманы жауапкершілікпен орындау шеберлігі, сауаттылықтың басты қызмет атқаратынын сезе білушілігі, кез келген жағдайда қиындықтан жол таба білуі сияқты басты құндылыққа ие адами қасиеттерімен ерекшеленеді. Оқушы бойында көшбасшылықты жандандыратын қажетті функциялар:
Достарыңызбен бөлісу: |