10-дәріс. Стратегияның қалыптасуы. Жаңа ережелер әзірлеу және жаңа нарықтар құру үшін стратегиялық ойлау бағытын өзгерту ұсынылады. Стратегия – бұл революция, қалғанның бәрі – тактика. Стратегия – бұл тиісті іс-қимыл курстарымен және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстар бөлумен бірге негізгі ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтау. Құрылым – бұл ұйым, қабылданған стратегиялардың шеңберінен шығатын қызметті басқару үшін пайдаланылатын ұйым. Стратегияның екі түрі қарастырылады: Позитивті стратегия: ұйым қызмет көрсету үшін жаңалықтар іздейді: қызмет көрсету, процесс. Ол қызметтердің, процестердің алуан түрлерін көбейтуге негізделген. Қорғаныс стратегиясы: ұйым өзінің қазіргі жағдайын қорғау үшін әрекет етеді. Бұған жету тәсілі – ұқсас ұйымдармен, жеткізушілермен, тапсырыс берушілермен бірігу арқылы интеграцияланған ұйымды қалыптастыру.
Менеджменттің негізгі міндеті – персоналды ынталандыру және мүмкіндіктер беру. Ұйым өзінің негізгі құзыреттерін дамытуы керек. Егер ұйым өз секторында төңкеріс жасағысы келсе, ол 4 шартты орындауы керек: 1) ұйым бірнеше жылдар бойы қалыптасқан және салаға тән сенімдер мен дәстүрлерді анықтауы керек. 2) ұйым өз саласының әлсіз жақтарын – өмір сүру стилін, дәстүрін немесе геосаяси ерекшеліктерін іздеуі керек. 3) ұйым өзінің негізгі құзыреттерін жақсы түсінуі керек. 4) ұйым өзінің бар білімін революциялық идеяларды – бәсекелестік ортада жасауға болатын дәстүрлі емес стратегиялық қозғалыстарды айқындау үшін пайдалануы керек.
Стратегия қалай қалыптасады және менеджерлер уақыттарын қалай пайдаланады. Оның зерттеу бағыттары: стратегия құру; менеджерлерге уақыт бөлу және олардың ойлау процестері; қажеттіліктеріне сәйкес ұйымның өзін-өзі ұйымдастыру процесі.
Бағыттаушы – бұл аудиторияда оқытылатын шеберліктен гөрі өнер, сондықтан бұл өнер өзін-өзі оқыту мен бақылаудың үздіксіз процесін қажет етеді.
Көшбасшы уақыттың шамамен 40% жетекшілік байланысқа, ақпарат беруге және жинауға жұмсайды. Басқаша айтқанда, жетекшінің жұмысы негізінен ақпаратты өңдеумен, оны берумен және ең бастысы қабылдаумен байланысты.
Жетекшінің маңызды рөлдері: Тұлғаарлық рөлдер. Функциялары: өкілділік: презентациялар өткізу, сөз сөйлеулер, кездесулер, көшбасшылық: оқытады, ынталандырады және байланыстырушылық: ұйымның ішінде және одан тыс қатынастар, желіден тыс, өзінің ақпараттық жүйесін құруға бағытталған.
Ақпараттық рөлдер. Функциялары: бақылаушылық: не болып жатқанын бақылау, таратушылық: адамдарға ақпарат жіберу, шешендік: бизнес-бөлім атынан өкілдік ету. Шешім қабылдау рөлдер. Кәсіпкерлік функциялары: өзінің бөлімшесін жақсарту және өзгеретін жағдайларға бейімделу, жарнама компанияларын құру, әлсіз бөлімшелерді қайта құру немесе бірігудің күшті жолдарын іздейді.
Стратегиялық менеджменттің бес міндеті. Мекеменің стратегиясын жасау және жүзеге асыру бойынша менеджердің міндеті бес өзара байланысқан бөліктерден тұрады: 1. Қызметтің түрін анықтау және оның дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастыру, яғни дамудың мақсаттары мен ұзақ мерзімді болашағын белгілеу қажет.
2. Жалпы мақсаттарды жұмыстың нақты бағыттарына айналдыру.
3. Қажетті көрсеткіштерге жету үшін таңдалған жоспардың шебер жүзеге асырылуы.
4. Таңдалған стратегияның тиімді жүзеге асырылуы.
5. Жасалған жұмыстарды бағалау, жағдайды талдау, алынған тәжірибе, өзгерген жағдайлар, жаңа идеялар немесе жаңа мүмкіндіктер тұрғысынан қызметтің ұзақ мерзімді негізгі бағыттарына, мақсаттарына, стратегияға немесе оның жүзеге асырылуына түзетулер енгізу.
Стратегияны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері: - стратегияны табысты орындау үшін ұйымдық мүмкіндіктерді жасау; - қаражаты пайдалы басқару; - стратегияның жүзеге асуын қамтамасыз ететін саясатт анықтау; - өте тиімді жұмыс үшін қызметкерлерді мотивациялау; - қажет болған жағдайда стратегияны жүзеге асыру бойынша өте жақсы нәтижелерге жету мақсатында олардың міндеттері мен жұмыстардың сипат түрін өзгерту; - сыйақы мөлшерін белгіленген нәтижелерге жетумен ұштастыру. Ұйымның стратегиясын жасау мен жүзеге асыру барысында менеджердің бір-бірімен байланысты алдында бес міндет болады: 1. Компанияның дамуындағы негізгі бағыттарды анықтау. Басқаша айтқанда оның міндеттерін және ұзақ мерзімді даму болашағын белгілеу.
2. Белгіленген жалпы мақсаттарды нақтылы жұмыс бағыттарына айналдыру.
3. Керек көрсеткіштерге қол жеткізу үшін таңдап алған жоспарды орынды іске асыру.
4. Таңдап алған стратегияны тиімді атқару.
5. Орындалған жұмысты бағалау, нарықтағы жағдайды талдау және соған байланысты қызметтің негізгі бағыттарына сәйкес қойылған міндеттерге өзгерістер енгізу. Олар (өзгерістер) түбінде жаңа мүмкіндіктерге, жаңа өнімдерге байланысты болады.
Стратегияны әзірлеу үшін бірінші қадам талдау жұмысын жүргізу. Талдау – қалыптасқан, болған жағдайларды анықтау үдерісі. Онсыз ешқандай болжау, жоспарлау, бағдарламалау мүмкін емес. Қандайда болмасын стратегияны қабылдауы үшін, алдымен ішкі және сыртқы жағдайларды анықтап бағалау қажет. Ол үшін үш бағытта зерттеу жүргізіледі: 1) саладағы жағдайлар және бәсекелік мүмкіндіктер, 2) компанияның өз ішіндегі жағдайы, 3) оның бәсекелестік қабілеті.
Стратегияны жүзеге асыру және менеджмент ең алдымен ұйымды бағалау және таңдау мәселелерін қамтиды. Бағалау белгілері: • таңдап алған стратегия сәйкес пе? • таңдап алған стратегиясы технико-экономикалық жағынан негізделген бе? • стратегия қолдау тапқан ба? • таңдап алған стратегия бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізе ме?