Жабық бутербродтар (сэндвичи). Сэндвичтерді жолаушыларға қызмет көрсету кезінде, демалыс орындарында демалушыларға және т.б. ұсыну үшін пайдаланады. Оларды (салмағы 40г) тоқаш нандардан немесе нанның екі тілімінің ортасына азық-түлік салып дайындайды.
Басытқы бутербродтар. Басытқы бутербродтарды дайындау үшін, қалыңдығы 0,5 см қуырылған наннан немесе қыздырылған қатпарлы қамырдан дайындалған тартинкаларды пайдаланады.Нанның тлімдерінің формасы әр түрлі болуы мүмкі: тікбұрышты, дөңгелек, ромб, гүлді, жұлдызша және т.б.
Канапе - бұл басытқы бутербродтардың кішкентай көлемдегі бір түрі, олар бірнеше қатардан тұрады. Оларды әр түрлі азық-түліктерден дайындайды: сары май, шұжық, шошқаның сан еті, брынза, балқытылған ірімшік, асылған жұмыртқа, майшабақ, түрлі паштеттер, көкөністер. Канапе тәтті де болуы мүмкін: джем қосылған, тосаппен, жеміс-жидектерден. Канапелерді вазаларда немесе табаларда ұсынады, оларды бір қабатты етіп тізіп орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |