1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар



бет58/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.
кәсіпорын, кәсіпорын, етті консервілеудің жаңа әдістері, тауартану 1-13, Ет консервілері, 8 сем
4 сызба -Жылқы және құлын етінен жасалған пісіріліп-қақталған өнімдерден, ойгос және жал өнімдерінің технологиялық схемасы


Ұшаны бөлу, керекті бөлшектерді бөліп алып, керекті пішінге келтіру



Тұздықпен шприцтеу (ойгос-шикі зат массасының 5 %, басқалары 10 %)



Құрғақ қоспамен тұздау (тұз 97 %, қант 3 %)



Ыдысқа салып қою, пресстеу, ұстау (қою) (2-40С, 24 сағат)



Тұздықты құю (шикізат массасының 30-60 % мөлшерінде)



Тұздықтау, ұстау (2-40С, жылқы еті 5-7, құлын еті 4-6 тәулік)



Суда ұстау (200С-дан жоғары емес, 1-2 сағат), сумен (20-250С)



Сорғыту (1 сағат)



Байлау, кептіру (1-2 сағат)



Суда не буда пісіру (алғашқы t=90-950С, соң t=80-820C)



Салқындату (0-80С)



Сапасын бақылау



Буып-түйю және сақтау


Сақтау. Қабығы жіппен байланған өнімді ілінген күйде, жасанды қабықтығы пресстелген өнімді бір қатарға тізіп, 0-80С-да сақтайды.

Тарату және сақтау ұзақтығы пісірілген (қайнатылған) өнім үшін 3 тәуліктен артық есем, пісірілген-қақталған 5 тәуліктен артық емес. Вакуумда буылып-түйілген өнімдер үшін (тілімдеп кесілген өнім) – 5 тәуліктен артық емес, бөлшектенген өнім үшін - 6 тәуліктен артық емес.


5 сызба - “Ерекше” құлын етін өндіру схемасы


Етті еріту




Салқындатылған ет




















Жаурын және төс-қабырға бөлігін бөліп алу







Төс-қабырға бөлігі 




Жаурын болігі 







Обвалка және жиловка




Обвалка және жиловка




















20-25 мм волчокта майдалау




20-25 мм волчокта майдалау




















Тұздау, араластырғышта сылау (20-30 минут)




Тұздау, араластырғышта сылау (20-30 минут)




















Тұздықта ұстау

(2-40С, 24-36 сағат)






Тұздықта ұстау

(2-40С, 24-36 сағат)






Құлынның іш майы




















4-6 мм волчокта майдалау




Араластырғышта тұздау


















Турама дайындау



20С-ға дейін салқындату, 16-25 мм волчокта майдалау

NaNO2, дәмдеуіштер





















Қабықты толтырып, батондарды байлау



























Қуыру

(90-1100С, 40-60 минут)





























Суда немесе буда пісіру



























Салқындату



























Сапасын бақылау







3.5 Түйе етінен жасалатын тағамдар
Түйе етінен ұлттық шұжық ұлттық дайындау

Шұжық дайындауға арналған түйе еті 1-2 күн салқын жерге 340С қойып сорғытылады. Бұл кезде шұжық тығылатын ішек те тұзды суға салынып қояды. Шұжық үшін сан, қол, жөн еттері алынады. Оған мойын еті жарамайды.

Дайындау технологиясы: ет те, майда ұсақталып туралады да жақсылап араластырылады. Сарымсақ салып, тұздалып, бұрышталады. Содан кейін тағы бір рет араластырылады да, ішекке салынады. Ішектің екі ұшы ішекпен түйреліп, жіппен байланады. Сырыққа немесе керілген жіпке іліп қояды. Осылай 3-4 сағат тұрғаннан кейін жел қағып дегдиді. Содан соң 50-600С температурада қою түтінге 12-18 сағат ыстайды да 120С температурада қою түтінге 12-18 сағат ыстайды да, 120С температурада екі-үш күн ілулі тұрған күйі кептіреді.

Осылай ысталып, сүрленген шұжық жылы суға салынып асылады. Оны отты басыңқырап қойып пісірген дұрыс. Піскеннен кейін салқындатылып жұқа тақтай үстіне салынады да қалыңдығы 0,5-1 см етіп кесіледі. Сөйтіп жайпақ ыдысқа қиялап салынады. Ыдыстың бір жиегіне доңгелектеп туралған пияз салуға болады. Гарнир үшін аздап желкек немесе көк бұршық пайдаланылады.

Құрамы: 5 кг ет, 5 кг ішмай немесе өркеш майы, 350 г тұз, 100 г қара бұрыш, 50 г сарымсақ, дастарханға қоярда 100 г шұжық, бір пияздың бір бөлігі, 2 ас қасық көк бұршақ немесе 1 ас қасық желкек.

Түйе етінен жасалған қуырдақ

Түйе етінің қуырдағы дәмді болады. Қуырдаққа арнап сан, қол еттері алынады. Етті ұсақтап тұрап, түйенің өркеш майына қуырады. Әуелі отқа қойылып қыздырылады да тұралған өркеш майы шыжғырылады. Аспаздың қалауына қарай шыжығын сүзіп алуға да, қазанда қалдыруға да болады.

Май әбден еріп қайнай бастағанда, үстіне ет салынады. Сосын үстіне сорпа немесе су құйылады да, қазанның қақпағы жабылып, бұқтырылады. Піскен соң қуырдақ сүзіліп алынып, жайпақ табаққа салынады. Бетіне көк жуа себіліп, дастарханға қойылады. Қуырдақтың майы кесеге құйылып бөлек әкелінеді.

Құрамы: Түйе еті 1 кг;

Өркеш майы 300 г;

Пияз 3 дана;

Қара бұрыш 0,5 шай қасық;

Ас тұзы 2 шай қасық;

Көк жуа 2 ас қасық. /3, 50 б./

Бұқтырылған түйе еті

Түйе еті 1200 г.; май 60 г;

Шпик 90 г.; томат-пюресі 90 г.;

Сәбіз 120 г.; сарымсақ 1,5 г.;

Петрушка тамыры 30 г.; тұз және дәмдеуіштер;

Пияз 90 г.; гарнир 900 г.

Жамбас-сан етінің 1-1,5 кг массасын алып сіңірлерімен қабыршақтарынан тазартып тұзбен тұздайды. Сонан соң ет талшықтарына жағалай тесік шығарады да, шығарылған тесікке шпик, сәбіз, сарымсақ кесектерін салады. Дайын жартылай өнім кесектері сковородкаға алынып қызғылт қабыршақ пайда болғанша қуырады. Содан кейін қуырылған етті кострюлге салып үстіне бетпе-бет болатындай су немесе сорпа құяды да қақпағын жауып тез қайнатып, бәсең отқа 1,5 сағат бұқтырады. Томат пюресін, дәмдеуіштерді салып дайын болғанша пісіреді.

Дастарханға қоярда дайын етті ұзынынан кесіп пісірілген қамыр кескесіне 2-3 бөлшегін салып жеке-жеке табақтарға салынып беріледі.



Түйе етінен тефтели дайындау

Түйе еті 500 г.; Пісірілген күріш 150 г.;

Су 75 г.; Пассерленген пияз 70 г.;

Бидай ұны 40 г.; Тұз, қара бұрыш дәміне қарай қойылады;

Греческий соус 100 г.; Май 40 г.

Нансыз ет турамасына тұз, бұрыш, майдаланған пияз, үгілмеген күрішті салып жақсылап араластырады. Сонан соң жеке-жеке дөңгелек пішінге келтіріп порциясына 3-4 данадан береді. Дөңгелектерді ұнға аунатып қуырады да, терең емес ыдысқа салып, үстіне соусты құйып 8-10 минут дайындығына дейін бұқтырады.



Түйе етінен бифштекс дайындау

Түйе еті 700 г.; бұрыш 0,1 г.;

Өркеш майы 100 г.; тұз 10 г.;

Пияз 30 г.; май 60 г.;

Сүт немесе су 60 г.; гарнир 900 г.

Түйенің жұмсақ етін пиязбен бірге еттурағыштан 2 рет өткіземіз де сүт, тұз, бұрышты қосып жақсылап араластырамыз. Пішінделген бифштекстің екі жағын қуырып, духовкада дайындығына дейін макарон беріледі. Гарнирдің үстіне бифштексті қойып, қуыру кезінде бөлігін сөлді құяды да дастарханға ұсынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет