1 дәріс. Педагогика


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет23/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Байланысты:
Дәрістер

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. XIV-XV ғ.ғ. қазақ даласында құрылған қазақ хандығы тұсындағы тәлім - тәрбиені сипаттаңыз.

  2. Ақын-жыраулар мен билердің тәлімдік ой-пікірлерін тұжырымдаңыз .

  3. Жазба мәдениет өкілдерінің тәлімдік еңбектерін талдаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер


1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009. 35-46 б.

  1. Қалиев С., Молдабеков Ж.,Иманбекова Б. Этнопедагогика - Астана “Фолиант” 2003.

  2. Қалиев ХҮ-ХIХ ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар.-Алматы “Рауан” 1990 .

Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері


11 дәріс. Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде

Дәрістің мақсаты: Педагогика ғылымы туралы мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетн ұйымдастыруда әдіснаманың рөлі туралы ұғым қалыптастыру.

Дәріс жоспары:


  1. .Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым.

  2. .Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны, оның басты ерекшеліктері.

3. Педагогикалық ғылымдар жүйесі және оның сипаты.

Негізгі ұғымдар: тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым- қатынас, дамыту, қалыптастыру, заңдылықтар, әдіснама, теориялық, эмпирикалық, эксперименттік, математикалық зерттеу әдістері.

Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің pаіdagogаs “баланы жетектеуші” сөзінен алған. Ең алғашында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе, ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалыптасты.

Тәрбие - әрбір болашақ ұрпақтың қоғамдағы өз орнын табуы үшін өткен ұрпақтардың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру. Адамзат қоғамының дамуына қарай, тәрбиенің мазмұны мен әлеуметтік маңызы арта түседі. Еңбек түрінің жіктелуіне қарай, “тәрбиенің” қызметін жүзеге асырумен байланысты, онан кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балаларға әлеуметтік тәжірибені меңгерту үшін, оларды тәрбиелейтін мұғалім керек болды.

Педагогика - қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асыратын ғылым. Демек, педагогикалық іс- әрекет, объективтік шындықтың барлық қырлары, педагогиканың обьектісі болады.

Педагогика пәні индивидтің (биологиялық жан иесінің) өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеруі, оқу және оқудан тыс уақыт бірлігіндегі - біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. Ұстаздар оқушыларға әлеуметтік тәжірибенің мазмұнын меңгерту іс-әрекетін ұйымдастырушы болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы - олардың белсенді танымдық әрекетпен қарулануына байланысты.

Бір элемент пен көп элементтердің қосылуы барысында жүйе пайда болады. Педагогикалық шындықтағы “ұстаздар - оқушылар” жүйесі, жетекші педагогикалық жүйе деп аталады.



Кез келген жүйенің өзгеру жағдайы - процесс деп аталады. “Мұғалім - оқушылар” жүйесінің өзгеру жағдайы - педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекетінде тұлғаның өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық - педагогиканың категориялары, яғни ұғымдары жүйелер арқылы бейнеленеді. Жас ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі біліммен қарулануына байланысты.

Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы, әлеуметтік белсенділік пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортадағы іс - әрекеттерді талап етеді.

Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының алатын орны, оның басты ерекшеліктері. Педагогика - білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде, педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтап, жүйеге келтіреді, педагогикалық шындықтың тәжірибесін зерттейді. Сондықтан осы аталған ғылыми-зерттеулер практикалық бағытта да жүзеге асырылады.

Педагогика гуманитарлық білімдер жүйесімен тығыз байланыста дамиды. Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінің құрамына енуіне қарай, педагогикалық мақсаттылық пен тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін, педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән болып саналады.

Адамзаттың даму тарихына назар аударсақ, алғашқы кезеңде педагогикалық ой жалпы философиялық білімдер жүйесі мен діни ілімдерден басталып, кейіннен олардан бөлініп, басқа ғылым салаларымен байланыста дамыды. Педагогиканың ғылым ретінде бөлініп шығуы ХVІІ ғасырдан басталып, педагогика ғылымдары жүйесінің дамуына алып келді. Онан кейінгі кезеңдерде педагогика мен басқа да ғылым салаларының қарқынды дамуы, педагогиканың ғылым аралық байланыстарының орныға бастағанын көрсетеді (И.П.Пидкасистый).

Педагогика психологиямен тығыз байланыста қызмет атақарады. Психология адам психикасының даму заңдарын, ал педагогика тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ақыл-ой іс- әрекеттерін мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық біліммен тығыз байланысты. Педагогикада психологиялық білімдермен бірге, педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, салыстыру және т.б.) пайдаланады.

Педагогика физиология, әлеуметтанумен де тығыз байланысты. Физиологиялық білімді меңгеру, танымдық іс-әрекет пен жеке тұлғаның әлеуметтену үрдістерінің мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі философия ғылымының педагогика үшін әдіснамалық маңызы ерекше. Педагогика жеке пән ретінде философия және оның салалары білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясы, тәрбие философиясы, мәдениет философиясының жетістіктеріне сай терең мәндегі ұғым нәтижесінде шешімін табады.

Педагогика ғылымының байланыстары, белгілі бір мәселелерді зерттеу барысында басқа ғылым салаларына да (тарихқа, этнология, этнография, құқық, экономика, демография, экологияға және т.б.) таралады.

Адамды зерттейтін ғылым аралық пәндердің (синергетика, жүйелер теориясының негізі, кибернетика, информатика, басқару теориясының негіздері) жетістіктері, педагогикалық ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттырады. Педагогтар адам мәселелері бойынша кешенді зерттеулерге қатысады.

Педагогикалық ғылымдар жүйесі және олардың сипаты. ХІХ ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың жіктелуі қарқынды жүрді. Сонымен бірге білім көлемінің өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы басталды. Педагогика ғылымы да біртіндеп, алдына қойған мақсаттары, оқушылардың жас ерекшеліктері, оларды оқыту және тәрбиелеу, оқу орнындарының түрлері бойынша саралана бастады.

Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің жеке саласы ретінде әлеуметтік педагогика пайда болды.

Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді. Педагог ғалымдар мектеп педагогикасынан бала бақша жасындағы педагогиканы бөліп қарастырады, оның, себебі сәби жасындағы балалардың санасы дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, міне осыдан келіп бұл пәннің психологиямен, педагогикамен және медицинамен тығыз байланыстылығы ескеріледі. Зейнеткерлердің тұрғындар құрамындағы үлес салмағының өсуіне байланысты үшінші жас педагогикасы пайда болып қалыптасу үстінде.

Кәсіби техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы пәндері, олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл пәндерге жұмысшыларда екінші, үшінші және т.б. мамандықтарды игеру бағытындағы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да жатады. Педагогиканың салалық тарауларына арнаулы педагогикалық ғылымдар (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофролопедагогика, логопедия), дене дамуында кейбір ауытқушылықтары (есту, көру, ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеулермен айналысады. Әскери педагогика әртүрлі дәоежедегі әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап, әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.

Еңбекпен түзету педагогикасы, сауықтыру педагогикасы, педагогика тарихы, салыстырмалы педагогика, жеке пәнерді оқыту әдістемелері жалпы педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері мен жеке пәндердің ерекшеліктерін ескереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет