1 дәріс. Педагогика



бет26/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
Дәрістер

Адамның белсендiлiгi айналаны қайта құру мен өзгертуге бағытталады. Әлеуметтiк белсендiлiк дегенiмiз осы. Жеке тұлғаның белгiсiне айналып, бұл белсендiлiк қоғамдық өмiрдiң барлық саласындағы ғылыми жањалыќ, шығармашылық, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшiне айналады.

Жеке тұлғаның белсендiлiгi оқушының әр алуан іс-әрекеттерiнде көрiнiс табады: бiлiм алу - танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы ж±мыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетiн педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру, оның белсендiлiгiнiң барлық бағытта дамуына әсер етеді. Белсендiлік баланың барлық күшiн жұмсауға, іс-әрекетіндегі өзгешелiгiн анықтауға, жеке тұлғаның барлық мүмкiндiктерiнiң ашылуына барынша көмектесуге мүмкiндiк туғызатын іс-әрекет түрлерімен және әдiс-тәсiлдерiмен қаруландыру, баланың дамуының нәтижелiлiгiн қамтамасыз ететiн тәрбиенiң басты қ±ралы болады.

Жеке тұлғаның белсендiлiгiн жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиешi сол баланы өзiне пікірлес етiп алады. Оқушының қажеттiлiктерiне негiзделген тәрбие мен өзiндiк тәрбие процестерi ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жеңе алатын күшке айналады.

Жеке тұлғаның дамуы үшiн баланың белсенді іс-әрекетi қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабiлетiн, дарынын, мiнез-құлық белгiлерiн, бiлiк пен дағдыларын дамыта алмайтыны да белгілі.

Қабiлеттiлiктiң дамуы үшiн баланың бойында жағымды сезiмдер туғызатын іс-әрекет қажет (В. Е. Чудновский, В. С. Юркевич). Ал мұндай көңiл-күйге т‰су, жұмыстан пайда болған сүйсiну сезiмiмен сипатталатын танымдық қажеттiлiктермен байланысты. Дарынды бала белгiлi бiр жұмыспен мiндет үшiн емес, баға үшiн емес, жарыста немесе олимпиадада жеңу үшiн емес, сол жұмыспен айналысқысы келетiн болғандықтан жетістікке ±мтылады, яғни ол балада жағымды сезiмдермен байланысты қажеттiлiк бар. Осыған байланысты әдебиеттерде өте сирек айтылып жүрген жеке тұлғаның дамуының тағы бiр бастауы өзiне көңiл аудартады. Бұл жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан бастау алатын өз-өзiне деген қалыптастырушылық, жасампаздық ықпал- әсерi. М. Князеваның ойынша, адамның өзiн-өзi дамыту күштерi жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады. Оның пiкiрiнше өткеннiң ұлы адамдарының µмірбаяны, күнделiктерi, естелiк жазулары, сырлары, хаттары өзiн өзi қалыптастыру, өз өзiне талап қою жұмысында аса зор күш жұмсағандарының дәлелi бола алады, ал ол қасиеттер олардың кәсiби еңбектерiнiң бастауы болып, өмiр жолында әрдайым серiк болған:”... адам тек қоршаған дүниенi, табиғатты, қоғамды ғана қалыптастырып, түрлендiрмейдi. Адамзаттың бүтiн тарихы өзiн-өзi қалыптастыру мен қайта құрудың жүйесi.

Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесi, қалыптасуының өзара байланысы мәселесiнiң көпғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәнi, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететiн факторларды түсiндiретiн әр түрлi көзқарастар кездеседi. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тектiлiк) және әлеуметтiк факторлардың (қоршаған орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қортындысы еш дау туғызбайды. Жеке тұлғаның қалыптасуына мынандай заңдылықтар әсер етедi: әлеуметтiк алдын ала анықталып қою, іс-әрекеттiң амал-тәсiлдерi, көпфакторлық, педагогикалық процестiң аќиќат- шындыѓы.

Қазiргi ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенiң объектiсi ретiнде де, субъектiсi ретiнде де қарастырылады. Оның объект болу себебi оның қалыптасуы сыртқы ықпал-

әсерлерге, әсiресе, тәрбие секiлдi мақсатты әсерлерге тәуелдi. Субъект болу себебi жеке тұлғаның белсендiлiгiнсiз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсендi ыќпалынсыз даму ілгері ж‰рмейді; тағы бiр себебi: адамның дамуы өзiн- өзi дамыту процесiнде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзiн-өзi тәрбиелеудiң де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгiлi бiр қасиеттерiн қалыптастыру мақсатында өз бетiнше жұмыс).

Қазiргi заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейдi. Н. И. Дубининнiң айтуы бойынша, дарындылық болу үшiн “жөндi универсалды генетикалық бағдарлама” керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшiн, әсiресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңiнде, қолайлы жағдайлардың болуы.

Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі мен дамуы. Тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты және қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталады.

Белгілі кезеңдегі балалардың жас мөлшері дегенде олардың өздеріне тән ерекшеліктері мен сипаттары бар. Бұл ерекшеліктер педагогикалық процесте ескеріліп, пайдаланылуы керек.

Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6-12 жас аралығында бала денесінің салмағы 18-ден 36 килограмға дейін артады. Бала миының көлемі 5 жаста үлкен адам миының 90 % болса, 10 жаста 95 % тең болады.

Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер, баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің негізін қалайды. Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттері сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды. Бастауыш сыныпта оқушы баланың білім алу іс-әрекеті өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала жазу, есептеу, оқу және тағы басқа оқу еңбегінің түрлерін үйрену арқылы өзін - өзі өзгертуге талаптанады, яғни ол іс-әрекеттік және ақыл-ойды дамытатын әдістерді меңгереді. Өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйін бұрынғы және бүгінгі қалпымен

салыстырып, өз бойындағы жетістіктерін анықтайды.

Білім алу іс-әрекеті бала үшін маңызды әрекет бұл оның өзіне деген рефлексиясы, қол жеткен жетістіктері мен өзгерістерді қадағалай алуы. Баланың субъекті бола алуы, оның оқу іс- әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кіріскенін білдіреді.

Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгерсе де, психологиясы мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті - ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті дамуды қажет етеді. Оқу іс- әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аз болуы ескеріледі.



Мектептегі баланың алдына оқу іс-әрекетін орындау шарттары қойылса, ол оның оқу іс- әрекетіне тез араласып кетуіне мүмкіндік береді немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады. Сонан мектепте оқуды ұнатпау сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Өмірде білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.

Оқу іс-әрекетінің ойыннан ерекше екендігін бала түсінуі керек, сонда ғана ол оқуға ынтамен, шын көңілмен назар аударады. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын ажыратса да, оқу тапсырмаларына қалайда орындауы керектігін білуі тиіс.

Ойын барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналасып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсініп, саналы ойнайтын болады. Ойын арқылы бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды қалыптастырады. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік, жалпы адамгершілік сезімі жетіліп, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.

Бала психикасының ерекшелігі танып-білуге деген белсенділігі. Бала ойын арқылы тәжірибені меңгереді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуге тырысады. Сол жағдайды шешу үшін іштей әрекеттесуден туындаған бейнелі образды меңгереді. Бейнелі ойлау бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.



Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын жұмысын жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керектігін және неден кейін нені орындауды білетінін байқауға болады. Бастауыш сыныпта бала өзінің мінез-құлқын өзі үйлестіре алады, дегенмен де оның

назарының өз еркінен тыс басқа жаққа тез ауып кету жағдайлары көбірек болады. Ал бала назарының анда-санда басқа жаққа ауып отыруы, оны тез шаршаудан сақтайды. Бұл ерекшелік ойынның сабаққа кірісуге мүмкіндік беретін маңызды элемент екендігін көрсетеді және іс-әрекетті онымен жиі алмастырып отыру керектігін дәлелдейді. Төменгі сыныпта оқитын балалар зияттық тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік-жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді.

Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына еслестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады.

Егер баланың сөйлеу және қиялдай қабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан пайда болған рефлексіне көңілі қанағаттанса, онда ол кәдімгідей мәні бар мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылық қабілетінен шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасын ойлап тауып, оны әңгімелеп бере алатын болады. Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларды да тудыра алады. Ең бастысы тапсырманы орындаудағы қиындықты жеңу, дос табу, жарыққа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау және оны өрістету кезінде санаға түсетін салмақ, мазмұнды басқару, кейіпкерлердің әрекетін тоқтату және оған қайтып оралу әрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық қызмет ретінде жаттықтырады.

Қиялға берілуі үлкен адамға қарағанда баланың өмірінде үлкен рөл атқарады, қиялдың жиі көрініс беруі арқылы ол шынайы өмірде көбірек қателеседі. Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны тануға және игеруге мүмкіндік беретін, өзінің өмірлік тәжірибесінің шеңберінен шығып кетуге жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты және әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың жеке тұлғаның өзіндік ерекше сапасының мүмкіншілігімен тікелей жұмыс істеуге мәжбүр етеді.

Ақыл–ойдың дамына оқу іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Әсіресе оқу жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері болады: қалыпқа сәйкес әдеби тілді меңгеру, оқи және жаза алу. Оқушылардың сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі тиіс.

Бастауыш сынып жасы - айналаны баланың өз бойына сіңіріп, білімін жинақтап, осыларды игереді. Балаға мынадай бейімділіктер тән: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленуі, аңғал ойын баласының қарым-қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жыл өткен сайын өзгеріп, жетіліп отырады. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болады. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шрты болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет