1 дәріс. Педагогика


Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің педагогикалық процесте ескерілуі



бет28/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
Дәрістер

Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің педагогикалық процесте ескерілуі


Жеке ерекшеліктерді есепке алу бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент бұл адамның психикалық қызметі мен мінез- құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /Сангвинник еті тірі; флегматик жәй, салмақты; холерик - қызба, шапшаң; меланхолик ойлы, терең толғанысты/.

Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.

Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла



түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.

Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар


1.Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн негiзгi факторларды атаңыз. 2.Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенiн дәлелдеңiз.

3.Субъектiнiң іс-әрекетi жеке тұлғаның қалыптасуының басты факторы екенiн дәлелдеңiз. 4.Бастауыш сынып жасындағы балалардың ерекшеліктерін айтыңыз.

  1. .Мектеп оқушысының жасөспірім шағының сипаттамасы қандай?

  2. .Мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуының жас мөлшерлік кезеңдерінің жіктемесін түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет