1 дәріс. Педагогика



бет25/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)
Субъектiнiң әрекетi жеке тұлғаның дамуының факторы ретiнде. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенiң орны ерекше екенiн баса айтқанда, адамды қоршаған орта мен тәрбиенiң әсерiнiң пассивтi объектiсi деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың “дєрменсіздігі” деген сөздiң астарында тәрбие туралы кейбiр еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердiң әр түрлi формалары мен єдістері туралы айтылып, осы әсерлердiң арқасында пайда болатын баланың iшкi д‰ниесі ескерiлмей келетiнi туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзiнiң қалыптасу барысында өзiндiк дамуының объектiсi ғана емес, сонымен қатар субъектiсi де екенiн ескеру керек.

Сана мен іс-әрекеттiң тұтастығы материалистiк диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелiнедi. Жеке тұлғаның белсендiлiгi, оның шығармашылық-қайта құру іс- әрекетiнің мәні зор.

Белсендiлiк адамның табиғи қасиеттерiнiң бiрi болып табылады. Психологияда белсендiлiктi іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсендiлiгi оның материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттiлiктерiнен туады.

Белсендiлiктiң өзiне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелiк әсерлерге қатысты iшкi ұстанымдарына байланысты ол әр түрлi бағыттарда қалыптасуы мүмкiн.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрiнiс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар– iшкi және сыртқы екi топқа бөлiнді. Қоршаған ортаның әсерi мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер бейiмдiлiк пен әуестiк, сонымен қатар, адамның сезiмдерi мен күйзелiстерi, оның сыртқы әсерлердiң ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттiлiктерi барлығы iшкi факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екi фактордың өзара байланысының нәтижесi болып табылады.

Тәрбие жеке тұлғаның өз өзiмен жұмысы кезiндегi белсендiлiгiне деген iштей ықпалына әсер ететiн болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешушi рөл атқара алады. Осы бейiмдiлiк пен өсiп келе жатқан адамның жеке тұлға ретiнде жетiлуiне деген өзiндiк ынтасы ғана түбiнде оның дамуын анықтайды. Осылайша бұл процесс, шын мәнiсiнде, өзiн-өзi дамыту, өзiн-өзi тәрбиелеу сипатына ие болады. Ал өзiндiк даму өзiнiң iшкi заңдары бойынша жүредi.

Жеке тұлғаның өзiндiк дамуына қоршаған орта мен тәрбие секiлдi сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның iшкi дүниесiне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзiмен жұмысы кезiндегi өзiндiк белсендiлiгiне дем берген жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып қалыптастыра алады. Осы бiр аса күрделi процесс тәрбиенiң персонификациясы (лат. жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенiң персонификациясы дегенiмiз информациялық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус қажеттiлiктер, мақсат-мүдделер, наным-сенiмдер, бағалау критерийлерi, ынта- ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық поцестердiң, қасиеттер мен қатынастардың әралуан түрлерi бар жеке тұлғалық факторлардың мiнез-құлығын әлеуметтендiрiп, реттейтiн өзара қатынас-әрекеттiң күрделi де қарама-қайшылыққа толы болады. Персонификация әлеуметтенудiң антиподы ретiнде оған қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудiң бар болуының iшкi механизмi болып табылады. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендiретiн сыртқы факторлар, соның iшiнде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзiмен жұмысы кезiндегi өзiндiк белсендiлiгiнiң iшкi механизмдерiмен, яғни оның қажеттiлiктерiмен, наным-сенiмдерiмен, мақсат-мүдделерiмен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етедi.

Оқушының белсендiлiгi іс-әрекеттiң әралуан түрлерiнде көрiнетiнi психологияда дәлелденген. Өмiр барысында қарым-қатынас, таным белсендiлiктерi, өзiн-өзi жетiлдiру мен қоршаған өмiрдi түрлендiру, өзгерту белсендiлiктерi дамиды.

Қарым-қатынас балан белсендiлiгiнiң ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтiк тiршiлiк иесi ретiндегi ерекшелiктерi осы қарым-қатынаста көрiнедi. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлi қырлары бар: ата-анаға, мұғалiмдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзiнен кiшкентайларға, достарына. Бала өзiне дос таңдайды, ол адамдардың белгiлi бiр шеңберiмен қарым-қатынас iздейдi, ол басқаларға ықпал етедi. ¦жымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым-қатынас белсендiлiгi жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар адамгершiлiк, қайырымдылық, қамқорлық, өзi үшiн, адамдар алдындағы өз iстерi үшiн жауапкершiлiк.

Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсендiлiгiнiң өрiсi кеңейiп, тереңдей түседi Мектептегi жүйелi оқыту баланың таным белсендiлiгiнiң қалыптасуы мен тереңдеуiне мүмкiндiк жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетiнше бiлiм игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркiн пайдалану қабiлетiне ие болады. Оқыту барысында бiртiндеп оқушының ойлау қызметiнiң әдiс-тәсiлдерi қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсендiлiгi зерттеу және тәжiрибелiк жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, iскерлiк әрекетінде көрiнеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет