1 дәріс. Педагогика


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет24/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Байланысты:
Дәрістер

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Педагогика ғылымы нені зерттейді?

  2. Педагогика ғылымының бастау көзі қайдан басталады?

  3. Педагогика ұғымдарының маңызын қалай түсінесіз?

  4. Педагогикалық ғылым салаларын атаңыз.

  5. Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысының маңызы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.

2.Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы.Қазмемқызпу, -Алматы, 2008. 3.Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003. 4.Педагогикалық терминдік-түсіндірмелі сөздік. Алматы, 2007.

  1. Проблемы методологии педагогики и методики исследований. Под ред. М.Н.Данилова, Н.И.Болдырева. М.:Педагогика 1971.

  2. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике. Алматы “Гылым” 2001.


№12 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және оның әртүрлі жастағы топтарда көрінуі



Дәріс мақсаты: Дәріс жоспары:

  1. Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы.

  2. Жасөспірім кез және оның ерекшеліктері.

  3. Жоғары сынып жасындағы балалардың сипаттамасы.

Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, жас мөлшері, жеке ерекшеліктер, дарындылық

Тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретiнде. Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негiзгi объективтi факторлары болып табылады. Бұл орайда т±ќымќуалаушылыќќа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар жеке адамға тән ќасиеттер жатады. Іс-әрекеттiң кез-келген түрiне деген анатомиялық-физиологиялық бейiмдiлiктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орын алады. Олар баланың қабiлеттiлiгi, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбiр жағдайларда бұл бейiмдiлiктер өте ерте, кейбiр жағдайларда кешiрек, ал ендi бiрде, ер жеткен кезде ғана көрiнiс бере бастайды.

Биологиялық бейiмдiлiктер мен қасиеттердiң дамуы адамның ағзасының жетiлу мен қалыптасу процесi арқылы сипатталады, содан кейiн оның сүйектерi, бұлшық еттерi, сонымен қатар iшкi мүшелерi мен жүйелерi дамиды. Адамның биологиялық жетiлу мен өзгеру барысында, оның дамуы мен мiнез-құлығының жас шамасы кезеңдерiнде пайда болады. Табиғи ерекшелiктердiң дамуындағы ең маңыздысы, отбасында болсын, қоғамдық тәрбиелiк-бiлiм беру орындарында

болсын, оларға дер кезiнде сауатты диагностика беру болып табылады. Баланың қызмет-әрекеттiң қандай түрiне бейiмдiлiгi бар екенiн анықтайтын алуан түрлi әдiстер бар. Олардың iшiнде тест әдiстерi кеңiнен қолданылады.

Тәрбие мен бiлiм беруде адамның табиғи қасиеттерiн ескеру қажет, оның бейiмдiлiгi мен қабiлеттiлiгiн анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсiлдерiн, формалары мен әдiстерiн айқындау керек. Қызметтiң қандай да бiр түрiне деген анатомиялық-физиологиялық бейiмдiлiгiнiң одан ары жемiстi дамуы үшiн баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс- әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжiрибе жинастыруға жағдай жасау қажет.

“Жеке тұлға” деген ұғымда адамның қоғамдық мәнi ашылады.

Қоршаған ортаның адамның дамуына әсерiн зерттей отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбiсi адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшiн, сөйлеу, ойлау, тiк жүру секiлдi адамға ғана тән бейiмдiлiктердiң дамуы үшiн адами қоғам, әлеуметтiк орта қажет дейдi. “Әлеуметтiк орта” - қоғамдық өмiрдiң материалдық жағдайлары, әлеуметтiк және мемлекеттiк құрылыс, өндiрiстiк, қоғамдық қатынастар жүйесi және олар анықтап отырған әлуметтiк ж‰йе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлi мекемелер қызметiн қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтiк бейнесi, белгiлi бiр мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрiнедi, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бiр қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететiн әлеуметтiк орта, әсiресе қазiргi уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерiстер, идеологияның өзгеруi, қала мен ауылдағы өмiр жағдайлары, көшіп-қону және демографиялық процестер, сәбилердiң дүниеге келуiндегi, өмiр ұзақтығындағы өзгерiстер, т.б.

жатады. Географиялық орта жеке тұлғаның қалыптасуында ерекше рөл атқарады. Отбасы ортасының баланың ең жақын айналасының аса зор маңызы бар.

Қоғамдық мекемелерде бiлiм беру-тәрбиелiк процестердi ұйымдастырғанда мұғалiмдер мен тәрбиешiлер балаға кең әлеуметтiк ортамен қатар, мектептен тыс ең жақын айналасының әсерiн ескерулерi тиiс, өйткенi кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсiресе жасөспiрiмдерге белгiлi бiр мөлшерде әсер ететiн жаѓымсыз топтар пайда болуы мүмкiн. Бұл орайда, оқушыларды жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмiрiнiң әртүрлi саласына белсендi әлеуметтiк іс-әрекетке араластыру қажеттiлiгi туындайтынын ескеру керек. Жеке тұлғаның әлеуметтенуi, түрлi әлеуметтiк рөлдерге ие болуы жоқ.

Тектiлiк, қоршаған ортамен қатар, тәрбие - үшiншi шешушi фактор болып табылады, тәрбие

педагогтардың басшылығымен әлеуметтiк тәжiрибенi меңгерудегi баланың саналы мақсатты басқарылмалы қызмет-әрекетi.



Тәрбие жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесi, бұл процесте т±ќымќуалаушылыќ бейiмдiлiк пен микро-ортаның өзгерiстерi жөнге келтiрiледi. Барлық балалар тәрбиелiк-бiлiм беру мекемелерiнен өтедi, ол мекемелер педагогикалық процестi сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет-әрекетiн жемiстi ұйымдастырады, өйткенi ол жеке тұлғаның дамуының шешушi шарты болып табылады.

Тәрбие - жеке тұлғаның тәрбиелiлiгi нәтижесiнiң белгiлi бiр эталонының болуын талап етедi. Тәрбие мен бiлiм беру адамның қоғамдық қажеттi бiлiм, бiлiк, дағдылардың белгiлi бiр жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмiрi мен еңбегiне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мiнез-құлық ережелерiн сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтiк институттармен ара қатынасын қарастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтiк бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейiмдiлiгi мен қабiлеттiлiгiн жетiлдiретiн шешушi к‰ш.

Тәрбиенiң оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешелiктерiнiң бiрi - оның осы бiр әлеуметтiк қызметтi орындау үшiн қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемiстi болуы тарихи тұрғыдан анықталған және әрдайым өзгерiп отыратын үш фактордан - тума ќасиеттері, қоршаған орта және тәрбие тұрады.

Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешушi мән бере отырып, өзара күрделi байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнiн дұрыс түсiне бiлу керек.

Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлi көзқарастар бар. Олардың бiрi - баланың дамуы тәрбие мен бiлiм беруі тәуелсiз, яғни тез түрде жүзеге асады дейдi (Э. Мейман. А. Ф. Лазурский, Ж. Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейiмделедi, “баланың дамуының соңында бірге жүредi” (Л. С. Выготский). Келесi бiр көзқарас бойынша даму іс-әрекеттiң тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруi арқылы яғни оқыту мен тәрбие көмегiмен жүзеге асырылады, бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткiзген деңгейiнде ғана тоқтап

қоймай, сонымен қатар алдаѓы міндетін шешуді көздейді (К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, Л. С. Выготский).

Л.С. Выготский оқыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда баланың “дамуының ең жақын болашаѓына” сүйену керектiгiн айтқан. Ол былай деп жазған: “Дамудың алдында болѓан оқыту ғана жақсы болып табылады”. Сондықтан, тәрбиенiң ең маңызды тәсiлi табиғи бейiмдiлiктердiң жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай қызметiн арнайы ұйымдастыру.

“Баланың дамуының ең жақын аймаѓы” туралы сөз ете отырып, Л. С. Выготский оқушының тапсырманы өз бетiнше орындауға әзiрлiгiнiң дәрежесiн айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзiрлiктi екi деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалiмнiң көмегiнсiз орындайды (ол осы кезеңдегi өз дамуының деңгейiне жеттi), ары қарай оған мұғалiмнiң көмегiн қажет ететiн қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады (қиындық, қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуына дем бередi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет