Өзін-өзі бақылуға арналған сұрақтар
Білім беру мазмұны дегеніміз не, немен байланысты анықталады?
Оқыту процесінде оқу жоспары оқу бағдарламасының қызметі қандай?
Қазіргі кезеңде мектепте оқытудың мазмұнын қайта қараудың себептері не өздігінен орындайтын жұмыстар.
Қандай мемлекеттік құжаттар білім мазмұнын анықтайды.
жалпы орта білім беретін мемлекеттік стандартқа талдау жасаңыз.
Оқыту процесінде оқу жоспары, оқу бағдарламасының қызметі қандай?
Ұсынылған әдебиеттер
1.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
Педагогіка: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.
Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003. 4.Дидактика средней школы: под ред. М.Н.Скаткина М.1982.
.Леднев В.С. Содержание образования М.1989
№24 Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
Дәріс мақсаты: Оқытуды ұйымдастыру түрлері сабақ туралы түсінік, оның міндеттері, оған қойылатын талаптар мен шарттарын қалыптастыру.
Дәріс жоспары.
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы ұғым.
Қазіргі мектептегі жұмысты ұйымдастырудың түрлері.
Сабақтың жіктелуі және құрылымы.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы.
Оқыту әдістері туралы ұғым.
Оқыту әдістерінің түрлері.
Оқыту әдістерін таңдау мәселелері.
Негізгі ұғымдар: сабақ, білім, іскерлік, оқытудың формалары, топтық дербестік оқыту.
(forma) латын сөзі – сыртқы көрініс, сыртқы бейне мағынасын береді. Яғни, оқытудағы ұйымдастырудың формасы дегеніміз – мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің сыртқы формасы. Мысалы: мұғалім бір топ оқушыны оқытады, жеке оқушыны оқытады. Оқыту түрлері тарихи дәуірлерде үнемі өзгерумен болады.
Ертеңгі құл иеленуші мемлекеттерде Вавилонда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқыту жеке – топтық түрде дамыды.
Орта ғасырларда сабақ бір топ оқушылармен өткізіледі. Сабақ кестесі, дәл мерзімі болмады.
Қазақ жерінде Ы.Алтынсаринге дейін арнайы оқу орындары болмады. Онда бала жеке немесе бірнеше бала бірге оқыды, бірақ олар әрқайсысы әр түрлі оқумен айналысты. Оқушының жас мөлшері белгіленбеді.
Қоғам дамыған сайын оқыту формалары өзгеріске ұшырапотырды. ХҮІ ғасыр Украинада, Белоруссияда туысқандық мектептер пайда болды. Бұл сынып – сабақ системасының алғашқы тәжірибелерін жинақтады.
ХҮІІ ғасыр чех педагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактикаң еңбегінде сынып – сабақ жүйесін ғылыми түрде дәлелдеді.
Бұл жүйе бойынша бір жастағы балалар бір класқа топтасты, бір пәнді оқыды, сабақ кесте арқылы жүргізіліп, үзіліске шықты. Оқу жылы тоқсандарға, апталарға бөлініп, коникулдер белгіленді.
ХҮІІІ ғасыр Англияда Белл Лонкастер жүйесі пайда болды. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқытуды үлкен залда 600 оқушымен жүргізді. Одан кейін оқушылар топқа бөлінді, әр топты – маниторлар басқарып оқытты.
ХХ ғасыр АҚШ-та, Германияда оқытудың әр түрлері пайда болды. 1905ж АҚШ – тың Дальтон қаласында Дальтон илон деген түрі қолданылды. Ол лабораториялық-шеберханалық жүйе болды, бұл түр дарынды балаларды оқытуды жақтады. Мұнда оқу жеке – дара жүргізілді, мұғалімнің басшылық ролі төмен болды.
Оқыту – екі жақты процесс, оны сабақ деп атайды. Оқыту мұғалімнің басшылығымен танымдық, тәжірибелік іс-әрекеттің нәтижесінде іске алды. Оқу-білім алу, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру. Оқыту барысында негізгі, жетекші мәселе білім берумен қатар олардың рухани- адамгершілік қасиеттерімен ақыл-ой қабілеттерін дамытады.
Сабақ күрделі психологиялық, дидактикалық, педагогикалық процесс.
Дидактикада сабақтың жіктелуін анықтауға ерекше маңыз берілген. Қоғам дамыған сайын оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдеріде өзгеріп, жаңарып отырады.
Сабақты жіктеу әр пәннің ерекшелігіне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне байланысты.
Ресей педагогтары С.В.Иванов, И.В.Казанцев, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Г.И.Щукина, Е.Я.Ралонт т.б. сабақты жіктеу мәселесінде өз пікірлерін айтқан.
Қазіргі мектептерде көп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналар жатады:
Кіріспе сабақ. Жаңа білімді игеру сабағы. Қайталау, қорыту сабақтары. Зертханалық сабақтар. Аралас сабақтар.
Сабақтың құрылымы-сабақтың тұтастығын қамтамасыз етеді. Сабақтың құрылымы – мақсатына, материалдық мазмұнына, оқыту әдісіне, оқушылардың әзірлігіне тәуелді болады.
Аралас сабақтың құрылымына тоқталсақ:
а) ұйымдастыру кезеңі. ә) үйге берілген тапсырманы сұрау. б) жаңа материалды баяндау. в) жаңа материалдарды бекіту. г) үйге тапсырма беру.
Мұғалім сабақта оқушылардың белсенділігін оятады, олардың қабілетімен санасады.
Сондықтан мұғалім оқушылармен жеке дара, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастырады.
Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлеріне мыналар жатады:
оқулықпен жұмыс
практикалық жұмыстар
зертханалық тәжірибелерді орындау.
Сабақ мұғалімнің творчествалық, шығармашылық қабілетіне, ұйымдастыруына қарай өзгеріп отырады.
Сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесін сақтаудың мұғалім үшін негізгі жолы жоспар жасау. Олар тақырыптық және сабақ жоспары болып бөлінеді. Тақырыптық жоспар жарты немесе толық оқу жылына жасалады, ол сабақ жоспары әр сабаққа арналып жасалады. Алдымен сабақтың тақырыбы, міндеті, типі анықталады.
Үйге берілетін тапсырма мазмұны көрсетіледі. Жаңа тақырыптық бекіту сұрақтары беріледі.
Сабаққа мұғалім жүйемен әзірленсе, оқушылардың оқу еңбегі жақсы ұйымдастырылады.
Сабақ жоспары мұғалімнің дайындығымен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Тәжірибелі мұғалімдер жоспарды жасап сабақты өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды, бұл мәлімет мұғалімге келесі сабақты нәтижелі даярлауға септігін тигізеді.
Оқыту әдісі оқушының оқып-білу әрекетін ұйымдастыру. әдіс-гректің методос (исследования, способ)-зерттеу немесе таным жолы, тәсілдер жиынтығы деген сөзден шыққан.
Әдіс-оқыту барысында мұғаліммен оқушының ынтымақтасуы нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының бір мақсатқа жетуін реттеуіш тәсіл ретінде көрінеді.
Оқыту әдісін классификациялау үнемі айтыс туғызып келе жатқан педагогикадағы күрделі мәселелердің бірі.
ХХ ғасырдың 20жылдары белгілі педагог-ғалымдар (Б.Е.Райнов, К.Ягодовский, М.Гистран) оқытудың түссіндірмелік, тәжірибелік, еңбек, эвристикалық зерттеу, зертханалық әдістерін жасаған. 30 жылдары М.Гистран, П.Шимбирев, И.Оюродников оқытудың жаңа әдістерін жалған. Оларға, әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демострация, дәріс, кітаппен жұмыс, зертханалық жұмыстар жатады.
Грузии педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін үшке бөледі: сөздік, әдістер, кітаппен жұмыс, оқыту тәжірибелік сабақтар.
Кейінгі кезде оқыту әдісі мынандай үш топқа бөлінген: Сөздік әдістер (әңгімелеу, әңгіме, түсіндіру, дәріс, кітаппен жұмыс). Көрнекілік әдістер (демонстрация, илмострация, бақылау). Тәжірибелік әдістер (лабораториялық, тәжірибелік, графикалы).
М.И.Скаткиимен И.Я.Лернер оқытудың мынандай әдістерін ұсынады: Түсіндірме илмостративті әдіс. Репродуктивті әдіс. Проблемалы баяндау әдісі. Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс. Зерттеу әдісі.
Түсіндірме илмостративті әдіс – мұғалімнің ауыз иегі сөздері информациялық – рецептивті әдіс деп те атайды, ол мұғалім мен оқушының іс-әрекетін бейнелейді.
Репродуктивті әдіс – еске түсіру, іс-әрекеттік тәсілін қайталау.
Баяндау әдісі – тақырып бойынша мұғалім оқушыларға проблема сұрақ қояды. Мәселені өзі шешеді.
Ішінара іздену немесе эвристикалық әңгіме әдісі – оқушыларды тапсырманы бірте-бірте өз бетімен шешуге үйрету.
Зерттеу әдісі – жаңа мәселелерді шешуге әңгіме әдісі – оқушыларды іздеу, творчестволық іс-әрекетін ұйымдастыру. Мұғалім оқушыға теориялық және тәжірибелік тапсырма береді.
Классификациялауда мына мәселелерді де ескертуге тура келеді: әрбір әдістің оқыту процесінде дидактикалық мәселелерді шешуі; мұғаліммен оқушылардың байланыс іс-әрекеті таным қабілетін дамытудың негізгі құралы болу керек; оқыту процесін тиімді ұйымдастыру.
Мұғалімнің оқыту әдістерін үйлесімді таңдап алуы оның нәтижесіне мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім оқушылардың өмір тәжірибесін, білім қорын, іскерлігін есепке алуы қажет. Ол үшін мұғалім төмендегілерді басшылыққа алады: әдістердің оқытудың заңдылықтарымен ұстанымдарына, оқыту әдістерін оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшелігіне, оқыту әдістерінің сабақтық тақырыптық мазмұнына, оқыту әдісінің мұғалімнің мүмкіншілігіне сәйкестігі және мектептің географиялық орнын, материалдық – техникалық базасын ескеру. Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ең алдымен, оның мақсатын анықтауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |