1 дәріс. Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері


Тұлға теориясының психодинамикалық бағыты



бет41/135
Дата08.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#121014
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   135
Байланысты:
Психология дәріс толық

Тұлға теориясының психодинамикалық бағыты
Психоанализдің негізін салушы австрия психиатры З.Фрейд.Қазіргі күнге дейін тұлға психологиясына әсер ететін, кең тараған теориялардың бірі – фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде пайда болған. Теория құрастырушысы-З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктілген бір қатар теориялар пайда болған. Фрейд бірнеше жыл бойы Сальпетриердегі (Париж) атақты француз неврологы Ж.Шарконың клиникасында және Нансидегі Бернгеймнің клиникасында жұмыс жасай жүріп невроздар терапиясымен танысқан болатын. Өткен ғасырдың 90-жылдың басында Й.Брейермен біріге гипноздық катарсис тәсілін пайдаланды. Кейін гипноздық сендіру практикасын тастап түстерді жору интерпретациясын, еркін туыдайтын ассоциацияларды, ескертулерді, естен шығаруды зерттеуге көшкен. Осындай материалды талқылауды Фрейд психоанализ тәсілі деп атап, оны психотерапияның жаңа техникасына баламалаған.
Психоанализ тәсілін пайдаланғанда науқаспен ұзақ уақыт әңгемелесе отырып, оның ақыл-есіне ауырудың шынайы себебі туралы жеткізіледі, науқас бұрын ескермеген нәрселерді түсіне бастайды. Фрейдтің айтуынша катарсис болады. Кейін мұндай концепция дені сау адамның психикасына да таралған.
Мінез-құлық мәселесін қарастыра отырып Фрейд адамның психикалық іс-әрекетін анықтайтын 2 қажеттілікті көрсетеді: либидо және агрессия. Қоршаған орта осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға қарсылығын білдіріп, бөлектегеніне қарамастан ол екеуі сананың “цензурасынан” өтіп, символдар түрінде көрініс береді. Осы қажеттіліктердің өзара әрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін аша келе Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады: ид (“Ол”), эго (“Мен”) және супер-эго (“Жоғарғы-мен”). Ид бейсаналық саласына ығыстырылған инстинкттердің алаңы болып табылады. Эго, біржағынан, бейсаналы инстинкттерге жалғасса, екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер-эго дегеніміз қоғамның ғибратты бастауларының жиынтығы, ол “цензор” ролін атқарады. Сонымен, ид пен супер-эго талаптары үйлеспейтіндіктен эго үнемі конфликтіде, ол қорғаныс механизміне (ығыстыру, сублимация) жүгінуіне тура келеді. Ығыстыру санасыз түрде жасалады. Бейсаналық саласына “көшетін” мотивтер, күйзелулер “цензор” үшін жарамды символдар, әрекеттер түрінде қалып, әсер ете береді.
Фрейдтің ойынша түрлі іс-әрекет функциялары мен формаларын жүзеге асыру үшін арнайы механизмдердің (сублимация, проекция, көшіру, ығыстыру, регрессия, т.б.) бөлек жүйесі бар. Ал ағза энергия сақталу заңымен басқарылатын күрделі энергетикалық жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан, егер либидо өзінің бір көріністерінде тоқтатылса, онда қандай да бір басқа эффекттіні тудыруы тиіс. Супер-эго осындай эффектілерді әлеуметтік тұрғыдан жарамды етеді. Егер жарамды ете алмаса, онда ид пен супер-эгоның арасындағы конфликт өршіп, жүйенің қалыпты қызметі бұзылады, тежелген либидо түрлі ауырсыну синдромдары арқылы өзін байқатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет