Топ пен ұжымның айырмашылықтары қандай?
Қарым-қатынас құрылымы және оның қызметі.
Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.
«Психологиялық үйлесімділік» дегенді қалай түсінесіз?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Бодалев А.А. Психология личности. М:, Изд-во МГУ, 1988г., -312с.
Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том,
-490с.
Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
Крылова А.А. Психология, М., «Проспект», 1998г., -583с.
Немов Р. С. Психология. М., «Просвешение»., 1995, 1том -573с., 2том - 491с.
Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекции: Учебник пособие для вузов.-М: ЧеРо, 1997
Смирнов А.А. Избранные психологические труды: В 2-х т. Т.1-М. Педагогика, 1987г., 486с.
Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
дәріс: Іс-әрекет психологиясы. Жоспар:
Іс-әрекет туралы түсінік
Іс-әрекет түрлері
Іс-әрекет туралы түсінік
Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.
Затқа бағытталған және белгілі мақсат кӛздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Әрекеттің ең қарапайым түрі зат арқылы жасалатын әрекет. Бала тамақты қасықпен ішуді, қолын сабындап жууды үйренеді. Біртте-бірте затты игеруді үйреніп әрекетін жетілдіре береді. Психологияда әрекеттің екі түрі болады, бірі дененің затпен айналысу әрекеті, сыртқы моторлық, және ақыл- ойдың (ішкі психикалық) реалдылықпен әрекеті.
Кеңес психологтары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев зерттеулерінде ақыл- ой әрекеті әуелде сыртқы заттық әрекет түрінде кӛрініп, бірте-бірте ішкі психикалық амалға ауысатынын кӛрсетеді. Сырқы әрекеттің ішкі амалға ауысуы интериоризация деп аталады. Мысалы, бала санауды үйренеді, әуелі таяқшаларды санайды, бір-біріне қосады, соңынан таяқшалар керек болмай қалады. Есептеу заттан, сыртқы әрекет түрінен ауысып, ақыл-ойдың ісіне айналады.
Ақыл-ой әрекетін игерген адам ӛзі тындырмақ болған іске, сыртқы әрекетке кіріспес бұрын әуелі ой елегінен ӛткізіп алады, кӛзге елестетіп кӛреді, сӛзбен сипаттайды. Ақыл-ой әрекетін заттық әрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады. Сӛйтіп сыртқы іс-әрекет ішкі іс-әрекеттің бақылауымен жүргізіледі.
Ортақ мақсатқа жету үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын әрекеттер жиынтығы іс-әрекет болып саналады. Іс-әрекет адамның ӛмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі байланыс бар. Психика іс-әрекетте қалыптасады. Екінші жағынан – психика іс-әрекетті реттеп отырады.
Іс-әрекет адамның ӛмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі ара қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және кӛрініс танытады, екінші жағынан, психика іс-әрекетті реттеп отырады.
Іс-әрекеттің психиканы қалыптастырушылық рӛлін әр түрлі салада жұмыс істеп жүрген адамдардың ерекшеліктерін салыстыру арқылы кӛруге болады. Психологияның іс-әрекет, ерекшеліктерін (еңбек психологиясы, педагогикалық, спорттық т.б. психология) зерттейтін салалардың болуы кездейсоқ емес. Іс-әрекеттің түрі адамның бойында тұрақты бір белгілерді қалыптастырады, сол себепті мінез-құлықтың бір кӛрінісіне қарап, кейде тіпті сырт пішінінен-ақ адамның қай мамандық иесі екенін біле қоямыз. Мұғалімнің жеке басының қасиеттерін зерттеу арқылы балаларды оқытып, тәрбиелеуде оның шеберлік таныта алуына қай қасиеті кӛмектесетінін білуге болады. Мұндай деректер болашақ ұстазды тәрбиелеу мен ӛзін-ӛзі тәрбиелеудің бағдарламасын белгілеуге кӛмектеседі. Психика әрекет пен қоғалысты реттеуші қызметін атқарады. Бұл реттеу психикалық бейнелеудің әр түрлі дәрежесінде жүзеге асады. Түйсік және қабылдау дәрежесінде күштің, бұлшық еттің қимылы мен қозғалыс сипаты кӛрінеді. Ақыл-ойға салып ісі еленетін міндеттер
сезім деректері негізінде шешіледі, бірақ оны ақыл-ой ретке келтіріп отырады, яғни екінші сигналдық дәрежесінде жүзеге асады.
Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады.
«Мағынасыз әрекет» деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Әр бір адам іс- әрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат кӛздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді. Іс-әрекетке жету үшін іштей талаптану жеткіліксіз. Бұл үшін іс-әрекет обьектісін білу қажет, сондай-ақ талаптануды мақсатпен ұштастыра білу керек. Мотив-мақсат болатын ортада іс-әрекеттің әлеуметтік және таптық себептері ерекше айқын байқалады. Іс- әрекет арқылы табысқа жету сәтсіздікке ұшырау адамның бойында қалыптасқан ерекшеліктер арқылы електен ӛтіп барып, одан әрі іс-әрекетке әсер етеді. Табыс адамды қанаттандырады, кӛңілін ӛсіреді, 2-ден тоқмейілсу туғызады. Іс-әрекеттің қандайы болсын адамды қажытады. Қажу қызмет атқарушы орган немесе организм күшінің іс-әрекет процесінде табиғи таусылуы. Шаршау қажыған адамның кӛңіл күйі. Тынығу іс-әрекет түрін ауыстыру, күшті қалпына келтіру іс-әрекетті одан әрі жалғастыруға мүмкіншілік жасайды. Қажуда жұмыс қарқыны баяулайды және сапасы тӛмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |