1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары


тақырып. Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері Дәріс 1.Темперамент



бет20/58
Дата12.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#99801
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Байланысты:
Мәдениет Ағай лекция
crossword-for-the-6th-grade-1
5 тақырып. Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері
Дәріс 1.Темперамент

1.Темперамент, мінез және қабілет

2.Темперамент анықтамасы, түрлері


Темперамент — жүйке жүйесiнiң тума қасиеттерiнен, туындайтын адамның жеке өзгешелiктерiнiң бiрi. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсендiлiгiнен жақсы байқалады. Темперамент — организмнiң физиологиялық өзгешелiктерiмен, әсiресе, жоғары жүйке қызметiнiң тума қасиеттерiмен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, бiреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, ендi бiреулер жай қимылдап, асықпай iстейдi), психиканың күшi мен тереңдiгiнен де (мәселен, бiреу өжет, алғыр болса, екiншi бiреу керiсiнше, сылбыр, жiгерсiз болады), адамның көңiл-күйiнiң ерекшелiктерiнен де (салмақты, тұрақты, жеңiл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезiмдерiнен де (бiреу сабырлы, екiншi бiреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой-пiкiрлер ғылымда өте ерте кездiң өзiнде-ақ айтыла



Флегматик темпераментiндегi адам, көбiнесе, салмақты, сабырлы келедi. Олар кез келген нәрсеге сезiм бiлдiре бермейдi, асықпай, баппен жүрiп-тұрады, сезiмдерi сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттiң бiр осал жерi— қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмiрде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бiрақ мұның ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мiнез бiтiстерi үшiн таптырмайтын қасиет болып табылады.

Меланхолик темпераментiндегi адамға әсер етпейтiн нәрсе жоқ, бiрақ әсер еткен нәрсесiнiң бәрiне өз сезiмiн бiлдiре бермейдi не де болса iшiнде жүредi. Мұндай темпераменттегi адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бiрақ тиiстi жерiнде айтайын дегенiн айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейiм тұрушылық, орынсыз ибалылық — осы темпераменттiң ең бiр нашар жағы. Орыстың классик жазушылары өз шығармаларында түрлi темпераменттiң өкiлдерiн тамаша көрсеткен. Мәселен, Л. Толстойдың “Соғыс және бейбiтшiлiк” романындағы қарт князь Волконский - холерик темпераментiнiң, “Анна Каренинадағы” Степан Облонский - сангвиник темпераментiнiң, Н. В. Гогольдiң “Өлi жандардағы” Собакеевич — флегматик темпераментiнiң, мұндағы Тентетников — меланхолик темпераментiнiң нағыз ай-қын өкiлдерi болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет