1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары



бет18/58
Дата12.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#99801
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Байланысты:
Мәдениет Ағай лекция

Материалистік ұғым – ерік табиғаты жөніндегі бірден-бір дұрыс түсінік. Онда психиканың басқа жақтарымен бірге еріктің де жүйкелік ми процестері түрідегі негізі болады. Ерікті материядан, мидан бөліп алу мүмкін емес. Материалистер адам қоршаған ортамен өте тығыз байланыста болады деп қарайды. Тиісті сыртқы жағдайлар болмаса, ол өмірін сақтай да, жалғастыра алмайды. Ерік сананың басқа да түрі тәрізді объективтік шындықты мидың бейнелендіруі.

Ерік табиғаты жөніндегі материалистік көзқарасты баяндай және оны идеалистік көзқарасқа қарсы қоя отырып, Ф. Энгельс: «Еркідік табиғат заңдарына ой жоруындағы тәуелсіздікте емес, еркіндік сол заңдарды білуде және сол білудің негізіде табиғат заңдарын жоспарлы түрде белгілі мақсаттар үшін қызмет етуге көндіру мүмкіндігенде» - деп жазды және онан соң: «Олай болса, ерік еркідігі – істі жете біліп, қортынды жасай алуда, одан басқа еш нәрсе де емес» - деді.

Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады. Ерік табиғатын материалистік түсіну әрекеттер мен қылықтардың қозғаушы күштері адамның өзінде емес, сыртқы ортада жатады деген жайтты сөзсіз мойындаудан көрінеді. В.И.Ленин: «Адамның мақсаттарын объективтік дүние туғызады және оны өзінің шарты етеді, оны нақты, бар нәрсе ретінде табады. Бірақ адамға өзінің мақсаты дүниеден тыс алынған дүниеге байланысты емес тәрізді болып көрінеді еркіндік» - деп жазды.

Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория

Бұл теорияны жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір сүріп, негізін салған Э.Мейман. Бұлардың айтуынша, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллектпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға әрекет етеді.

Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан оны ортаға салып көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оған алдына ала дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыруы тиіс. Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады.



  • Бірі – ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы,

  • екіншісі – ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер.

Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда болады, ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады. Адам ерікті әрекет ету үшін өзінің бұрынғы көрген-білгенін елестетуі керек, сол елестеудің нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның ерік- жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретінде қарастырмайды, өздігінен ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.

Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады.

Америка психологі Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой арқылы өздігінен қимылға айналып кетеді. Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі қолын екі жағына созып, бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса, адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды. Немесе адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке тізген тасты жай айналдырам деп ойласа, жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне, осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды. П.К.Анохин әрекет акцепторы деген ұғымды ұсынды. Оның мәнісі – жүйке процестерінің сыртқы оқиғалар барысынан оза жүретіндей тәрізді көрінетіндігінде. Бұрынғы тәжірибе негізінде адам жүйке жүйесіне болақшақта берілетін әсерді алдын ала біледі. Сигнал негізінде мида көп рет қайталау арқылы қалыптасқан жүйкелік байланыстардың бүкіл комплекісі, ассоциациялардың барлық жүйесі қалпына келтіріледі.

П.К.Анохин ұсынған ережелер мінез-құлықтың еріктік реттелуінің механизмі жөніндегі біздің түсініктерімізді тереңдетіп, кеңйте түседі. Творчествалық мүмкіндігі бар болғандықтан, нақты әрекеттің алдын алу механизмі адамда жануарларға қарағанда әлде қайда жақсы жетілген. Адамдағы ассоциациялар жүйесі аз ғана және шалғай тітіркендіргіш негізінде-ақ қалпына келтіріледі.

Бихевиоризм

Психология тарихында бихевиоризм деп аталатын шетелдік механистік бағыт әрекеттің саналы сипатын теріске шығарып, адам әрекетін механикалық тұрғыдан шешті. Сөйтіп,оны жануарлар өмірімен салыстырады. Бұл ғылыми тұрғыдан қателесу еді. Бихевиоризм теориясы бойынша оқу әрекеті, жаттығу тәжірибесі саналы әрекет емес, көп пысықтап, жаттығу нәтижесінде туатын механикалық процесс деп саналады. Механистік психология еріктің материалдық дүниесімен байланысын да жоққа шығарды. Ерік табиғатын, ерікті әрекеттің себебін теріс түсіндірді. Олар ерікте өзін-өзі билейтін бостандық бар, ерікті әрекеттің себебі – «ерік бостандығы», сана адамға не тілесе, соны береді деп бұрмады. Бұл теорияның еріктің ғылыми негізі бола алмайтындығын оның шындыққа сай келмейтіндігінен.

Материалистік ілім тұрғысынан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы – себепті байланыстылыққа, детерминизм принципіне бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығу да – ерік бостандығының бір көрінісі.

Ерік туралы спиритуалистік түсінік

Ерік туралы спиритуалистік түсінік мінез-құлықтың шын күмәнсіз формалары мен құбылыстары да лақтырылып тасталуы керек деп ойлау қате болар еді. Оны байрығы психолгия бұрыс талқылап, сипаттаған еді. Бұл мағынада Геффдинг ырықсыз іс-әрект ырықты іс-әрекеттің негізі мен мазмұнын құрайды деген. Ерік еш нәрсені жасамайды, ол құрамайды, әрқашан тек өзгертеді және таңдайды. Ол «ерік өзге психикалық процестердің ағымына процестердің өзіне тән заңмен араласады» деді. Сонымен, ескі психологияның ырықты және ырықсыз іс-әрекетпен қатар, ырықты және ырықсыз есті, түсініктердің ырықты және ырықсыз ағымын ажырытуына толық негізі бар. Геффдинг еріктің сәйкес елестер шақырылғанда алғашқы болып табылмайтынын бекітті. Ерік, - дейді ол, - алғашқы серпілісті тудырады және бұрғылайды, тесік бұрғыланып болған кезде судың ағысы өз күшімен жарып өтуі керек, сонда бізге бір рет жасалғанды ізделіп отырғанмен салыстыру ғана қалады.

Психоаналитикалық зерттеулер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет