1 дәріс. Психологияның қазіргі жүйелері



бет16/16
Дата07.02.2022
өлшемі185 Kb.
#96293
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәрістер-қаз пс мект-1

Кәрім Қойбағаров (1928-1985) – Қазақ мемлекеттік университетінің логика және психология бөлімін 1951 жылдарға дейін алғашқы бітірген түлектерінің бірі. 1951-1954 жылдарға дейін психология кафедрасының аспирантурасын оқып бітіреді. «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастары» деген тақырыпта бірнеше ғылыми мақалалардың авторы, қазақ тіліне аударылған «Жалпы психология» (Алматы, 1980), «Жас педагогикалық психология» (Алматы, 1987), «Семья өміріндегі әдеп және психология» оқулықтарын аударушыларының бірі болды. Ата-аналар мен мұғалімдер үшін жазған оның «Балаларды мектепке әзірлеу» (1961), «Балаларды адамгершілік сезімге тәрбиелеу» сияқты еңбектері дүниеге келді.
60-жылдардың бас кезіне дейін Республикада қазақ тілінде психологиядан оқу құралдары болмады. Қазақ тілінде алғаш «Мектеп» баспасынан Қ.Б.Жарықбаевтың «Психология» оқу құралы 1962 жылы жарық көрді. Бұл оқу құралы кейіннен бірнеше рет өңделіп, қайтадан басылып шықты. Мәселен, профессор Қ.Б.Жарықбаевтың «Психология» оқу құралы 1962 жылы жарық көрді. Бұл оқу құралы кейіннен бірінші рет өңделіп, қайтардан басылып шықты. 2005 жылы профессор Қ.Б.Жарықбаевтың жоғары оқу орындарына арналған «Психология негіздері» оқулығы қазақ бөлімі студенттерінің қолдан-қолға түспейтін кітабы болды.
Қ.Б.Жарықбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Т.Тәжібаев атындағы этнопедагогикалық және этнопсихология орталығының директоры. Ол – психология ғылымының әртүрлі саласын 50-ден астам жеке кітаптың (оқулықтар мен оқу құралдары, монографиялар, әдістемелік басылымдар, терминологиялық сөздіктер т.б.) және 800-дей мақаланың авторы. Оның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты – қазақ халқының психологиялық ой-пікірлерінің тарихы мен этнопсихологиясы мәселелері.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында Республикада психология ғылымының әртүрлі салалары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді, әсіресе, жалпы, педагогикалық, заң, әлеуметтік, спорт және т.б. салалар бойынша зерттеу жұмыстары орындалып, бірнеше еңбектер дүниеге келді. Бұл жерде Қ.Шерниязованың, Ж.Түрікпенұлының, С.Сүлейменованың, Р.Жаңабекованың зерттеулерін атаған жөн.
Психологиның басқа да жекелеген салаларынан бірнеше сүбелі еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, Ө.Жөкебаев «Қылмыскер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері», Ғ.Досполов «Алдын ала тергеудің психологиясы», С.Жақыпов «Таным әрекетінің психологиясы» Ә.Алдамұратов, Қ.Рахымбеков «Жалпы психология», «Қызықты психология», Ғ.Илешев «Медициналық психология», К.Оразбекова «Иман және инабат» т.б.
Соңғы жылдары жеке тұлғалар М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың психологиялық көзқарастары туралы диссертациялар қорғала бастады (А.Мералиева, Ж.Сабирова). сонымен қатар Қазақстанда жүргізілген іргелі зерттеулердің қатарына қорғалған докторлық диссертацияларды жатқызуға болады. В.К.Шабельниковтың «Әрекеттің жоспарлы қалыптасу жағдайындағы функционалдық құрылысы генезисінің психологиялық механизмдері» (1990), Ж.Намазбаеваның «Арнайы мектептердегі шәкірт тұлғасының қалыптасуы» (1986), Б.Хамзиннің «Шәкірттердің конструктивті-техникалық әрекетінің қалыптасуындағы операциялық пен тұлғалардың бір-біріне әсері» (1989), Н.А.Логинованың «Бехтерев пен Ананьевтің ленинградтық ғылыми мектебінің сабақтастығы» (1990), В.Е.Клочконың «Ақыл-ой әрекетінің инициасы» (1983), С.М.Жақыповтың «Оқыту үрдісінің психологиялық құрылымы» (1998), А.М.Кимнің «Қазіргі түсіну психологиясы» (2001), Қ.Б.Жарықбаевтың «Қазақстандағы психология ғылымы (ХХ ғ. тарихы мен даму кезеңдері)» (2003), С.Бердібаеваның докторлық диссертацияларын ерекше атап өткен жөн.
70-90 жылдарды түрлі баспалардан профессор Н.Жанділдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты» (Алматы, 1971), профессор М.Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі» (Алматы, 1980), профессор Н.Елікбаев Қазақ ұлтының психологиясы» (Алматы, 1992), К.Жукештің «Ұлттық психологияның табиғаты» (Алматы, 1993) монографиялары жарық көрді.
Соңғы жылдары этнопсихологияның әртүрлі мәселелері төңірегінде профессор Қ.Жарықбаев, профессор В.К.Шабельников, доценттер С.Бердібаева, Р.Рахымбеков т.б. бірнеше еңбектер жазды.
Мәселен, Қ.Жарқбаевтың «Этнопсихология – тіл тәрбиесінің өзегі» (Алматы, «Білім», 2005), «Ортағасырлық қазақ психологиясының тарихы» (Алматы, «Қазақ университеті», 2004), «Психология негіздері» атты 2005 жылы шыққан оқулығында «Қазақ психологиясының тарихына» арнайы жеке тарау берілген.
2002 жылы «Мектеп» баспасынан психология мен педагогиканың түсіндірме сөздігі жарық көрді. Оның жарыққа шығуына авторлар ұжымына психология және педагогика ғылымдары саласында белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаев ғылыми жетекшілік етті.
Қазақ тілінде шығарылып отырған бұл сөздікте психология ғылымдары саласында белгілі ғалым, педагогика және психология ғылымының теориясында да, практикасында да қолданылатын негізгі ұғымдар мен атаулар толық жүйелеген ақпарат берілген. Сөздіктің ұлттық сипатының айқын болуына айрықша мән берілген.
Еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып есептелетін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бүгінгі күндері кең-байтақ қазақ жеріндегі психологиялық ой-пікірдің бірден-бір орталығы болып отыр. Кезінде осы кафедраға қазақтың тұңғыш психологы, академик Төлеген Тәжібаев басшылық етті. Этнопсихология проблемалары төңірегінде бірнеше кандидаттық, докторлық диссертация қорғалды.
Сонымен қатар Республикада этнопсихология мамандығы бойынша психолог кадрлар даярлауда және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университеті мен қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті, сондай-ақ облыс орталықтарындағы университеттер мен педагогикалық институттардың психология кафедралары әртүрлі бағыттарда психология ғылымын дамытуда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы (2003), 1992 ж. этностар психологиясын зерттейтін «Ұлттық тәлім-тәрбие ассоциациясы» ұйымдасты. Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінде көрнекті психолог-ғалым Қ.Б.Жарықбаевтың ғылыми жетекшілігімен 1998 ж. академик Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы құрылды.
1988 жылдан бастап, Республикадағы жоғары оқу орындарында психолог мамандар даярлау ісі қолға алынды. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ университетінде, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Тараз университеттері мен Петропавл, Ақтөбе педагогикалық институттарында психолог кадрлар даярлануда. Республика мектептеріне «психология» мамандығының штаты енгізілді.Дей тұрғанмен, Республика мектептерінде психология өз алдына дербес пән ретінде оқытылмай келеді, оны оқытудың қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Сонымен, академик Т.Тәжібаев атындағы «Этнопсихология және этнопедагогика орталығы» Қазақстанда психология ғылымын дамытуда біршама іс-тәжірибе жинақтады. Соңғы жылдары орталықтың ұйымдастырумен бірнеше республикалық және халықаралық ғылыми-теориялық, тәжірибелік конференциялар өткізіліп, этнопсихология және этнопедагогика мәселелері бойынша ғылыми жинақтар мен конференция матриалдары жарық көрді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет