№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет105/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   293
Байланысты:
педагогика

прогностикалық сатыға 
жол ашады, осының 
нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы 
алынған  идеялық  ақпараттар  мен  олардың  ендігі,  жаңа  жағдайларда  даму 
мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті 
шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив 
шешіміне негіз болу.  
Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі 
 
Зерттеу  әдістемесінің  (методика)  дайындығы  ғылыми  ізденіс  логикасына  орай 
жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан 
болған  білімдену  процесін  аса  жоғары  шынайылылықпен  зерттеуге  мүмкіндік 
беретін  теориялық  және  эмпирикалық  әдістер  (метод)  тобынан  құралады. 
Әдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты 
айқындалады,  оның  барша  қырлары  мен  шектері  түгелдей  зерттеуден  өтеді. 
Педагогикалық  зерттеу  әдістерінің  әдіснамадан  өзгешелігі-  бұл    педагогикалық 
құбылыстарды  зерттеу,  олар  жөніндегі  ғылыми  ақпараттарды  жинақтап, 
заңдылықты  байланыстар,  қатынастарды  анықтау,  оның  нәтижесінде  ғылыми 
теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен тәсілдерінің 
өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш 
топқа  ажыралады:  1)  педагогикалық  тәжірибені  зерттеу  әдістері;  2)  теориялық 
зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістер.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет