Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістерінің түрі сан-алуан. Олар арасында көбірек
қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мәселеге
байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі;
реферат жазу – жалпы
тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген
мазмұны;
конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына
байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар;
аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу;
сілтеме (цитата)
беру – әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре
жазу.