№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


“индивид”.  Бұл сөз латын тiлiнен  алынған және оның қазақша баламасы – “жекелiк”. Күнделікті тұрмыста   индивид



Pdf көрінісі
бет122/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   293
Байланысты:
педагогика

индивид”.
 Бұл сөз латын тiлiнен 
алынған және оның қазақша баламасы – “жекелiк”. Күнделікті тұрмыста  
индивид
  
деп  оның  өзіне  тиесілі  ерекшеліктері  бар  нақты  бір  адамды  айтамыз.  Индивид  – 
жеке-дара 
адам. 
Индивидтің 
ең 
жалпылама 
сипаттамалары 
ретінде 
психофизиологиялық  ұйымдасуының  тұтастығы  мен  өзіндік  ерекшелігін, 
қоршаған  ортамен  өзара  әрекеттегі  тұрақтылығын,  белсенділігін  айтуға  болады. 
Бұл орайда әрбiр адам индивид болып табылады  
Даралық, 
қысқаша  айтқанда,  бiр  адамның  басқа  бiр  адамнан,  бiр  тұлғаның 
басқа  бiр  тұлғадан  айырмашылығын,  оның  ешкiмге  ұқсамайтынын,  өзiне  тән 


ерекшелiгi  бар  екенiн  сипаттайды.  Даралық,  әдетте,  адамның  мiнезi  мен 
темпераментiнiң  ерекше  белгiлерi  (мысалы,  салмақты-жiгерлi  және  мақсатты 
адам),  шығармашылық  қызмет-әрекетi  мен  қабiлеттiлiгiнiң  өзгешелiгi  арқылы 
ерекшеленедi. «Даралық” ұғымы бiр адамды басқа бiр адамнан, бiр тұлғаны басқа 
бiр  тұлғадан  ажыратып,  оған  өзiне  тән  сұлулық  пен  қайталанбас  қасиет  беретiн 
ерекшеліктерден  тұрады.  Абсолютті  бірдей  екі  адам  болмайды.  Яғни,  әр  адамға 
өзіндік  ерекшеліктері  (психикалық,  әлеуметтік)  бар  даралық  ретінде  қарауымыз 
керек. 
Педагогикада  және  психологияда  тұлға  және  оның  дамуы  проблемасы 
бойынша үш бағыт болды: биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік. 
Биологиялық
  (преформистер)  бағыт  өкілдері  тұлғаны  тек  қана  табиғи  өнім 
ретінде  қарастыра  отырып  адамның  мінез-құлқын,  жүріс-тұрысын  туа  біткен 
қажеттіліктер,  инстинктер    ықпалы  деп  түсіндіреді  (З.Фрейд).  Адам  қоғам 
талаптарына бағынуға және соның барысында өзінің табиғи қажеттіліктерін үнемі 
басып отыруға мәжбүр. Ол өзімен өзінің осы күресін жасыру үшін «маска киеді» 
немесе  қанағатандырылмаған  табиғи  қажеттіліктерін  басқа  бір  іс-әрекет  түрімен 
алмастырады  дейді.  З.Фрейд  адамның  жүріс-тұрысы  толығымен  жыныстық 
инстинктен (либидо) тәелді деп есептеді.  
Әлеуметтік 
бағыт өкілдері адам биологиялық тіршілік иесі бола тұра өмір сүру 
барысында  өзі  қарым-қатынасқа  түскен  әлеуметтік  топтардың  ықпалы  арқылы 
біртіндеп  әлеуметтенеді  деп  есептейді.  Тұлғаның  даму  деңгейі  неғұрлым  төмен 
болса,  соғұрлым  онда биологиялық ерекшеліктері  анық  көрінеді,  бірінші  кезекте 
иемдену, бұзу, қирату, жыныстық және т.б. инстинктері анық көрінеді. 
Биоәлеуметтік
 бағыт өкілдері психикалық процестер (түйсік, қабылда, ойлау 
және  т.б.)  биологиялық  негіде,  ал  тұлғаның  бағыттылығы,  қызығушылықтары, 
қабілеттері әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасады деп түсіндіреді. 
Қәзіргі  заманғы  педагогика  ғылымы  тұлғаны  биологиялықты  әлеуметтіктен 
бөлуге  болмайтын  біртұтас  ретінде  қарастырады.  Тұлға  бойындағы  биологиялық 
өзгерістер  оның  іс-әрекетіне  ғана  емес,  өмір  сүру  образына  әсерін  тигізеді. 
Дегенмен, 
шешуші 
рольді 
әлеуметтік 
өмір 
нәтижелері: 
мотивтер, 
қызығушылықтар,  мақсаты  атқарады.  Олар  тұлғаның  бейнесін  анықтай  отырып 
дене  (физикалық)  кемшіліктері  мен  мінез  ерекшеліктерін  (қызуқандылық, 
ұялшақтық және т.б.) жеңуге мүмкіндік береді. 
Педагогика  және  психологияда 
“жеке  тұлға”
  деген  ұғымның  әр  түрлi 
түсiндiрмелерi  бар,  бiрақ  олардың  көбiсi  мына  түсiнiкті  тірек  етеді:  жеке  тұлға 
дегенiмiз  әлеуметтiк  қатынастар  мен  саналы  іс-әрекеттiң  субъектiсi  ретiндегi 
индивид. 
Жеке  тұлғаның  ең  басты  белгiс
i  –  оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет