№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


«тұлға»   түсінігінің мәнін,  оның  «адам»



Pdf көрінісі
бет121/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   293
Байланысты:
педагогика

«тұлға»
 
түсінігінің мәнін,  оның 
«адам»

«индивид»
 және 
«даралық»
 түсініктерімен ара-
қатынасын, байланысын  ашуымыз керек. 
Адамның  жалпы  дамуында  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  қатар  жүретін  екі 
бағыттарды көрсетуге болады: 
биологиялық
 және 
әлеуметтік. 
Олар өзара тығыз 
байланыста,  бір-бірінен  тәуелділікте  болғандықтан  адамдағы  тұқымқуалаушы 
қасиеттер  оның  тек  биологиялық  эволюциясы  емес,  сонымен  қатар  әлеуметтік-
тарихи  дамуының  да  нәтижесі  болады.  Осыған  байланысты  «
адам»
,  «
тұлға»,
 
«
индивид
»  және 
«даралық
»  ұғымдарының  қандай  биологиялық  не  әлеуметтік 
мәні бар екенін ажыратып алуымыз керек. 
«
Адам
» ұғымы биологиялық мәнді білдіреді және оған берілген анықтамалар 
өте көп.  

 
Адам
  (биологиялық  түсінік  ретінде)  –тіршілік  иесі,  өкілі,  фило  және 
онтогенетикалық  даму  өнімі.  Бұл  анықтамадан  адамның  биологиялық  эволюция 
нәтижесі екендігін ғана көреміз.  

 
Келесі  анықтама  оның  әлеуметтік  сипатын  ашады: 
адам
  –  адамзат 
қауымдастығының  бір  өкілі,  құралдар  мен  белгілер  пайдаланатын  және  солар 


арқылы  өзінің  жүріс-тұрысын,  мінез-құлқын  және  психикалық  процестерін 
меңгеретін,  табиғи  шектеушілік  шекарасынан  шыққан  әлеуметтік  тіршілік  иесі. 
Адам биологиялық тiршiлiк иесi болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол 
әлеуметтiк тiршiлiк иесiне айналады. 
Адамды
 басқа тіршілік иесінен ажырататын ең негізгі белгі – оның әлеуметтік 
сипаты.    Ол  туғаннан  бастап  өзін  қоршаған  адамзаттың  басқа  өкілдерімен 
әлеуметтік  өзара  қарым-қатынасқа,  өзара  әрекетке  түседі.  Оның  іс-әрекетінің 
әлеуметтік мәні бар және ол белгілі бір әлеуметтік фунциялар атқарады. 
Адам –
 өзiне тән биологиялық құрылысы бар тiршiлiк иесi, сондықтан табиғат 
заңдары оның дамуына да әсер етедi. Қоршаған ортаға бейiмделiп, өз тiршiлiгi үшiн 
дайын  заттарды  пайдаланатын  жануарларға  қарағанда,  адам  өзiне  керектiнi  өз 
қолымен  жасайды.  Адам  табиғатының  өзгеруi  адам  өмiрiнiң  әлеуметтiк 
жағдайларының ықпалы арқылы жүреді. 
Барлық  адамға  тән  ортақ  қасиет  –  ол  тек  қоғамда  ғана  өмір  сүреді.  Ол  қоғам 
ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. 
Жаңа  туған  сәбидің  ата-анасынан  тәуелсіз  өмір  сүруге  ешқандай  қабілеті 
болмайды.  Бұл  жағынан  ол  жануар,  хайуанаттардың  кез  келгенінен  әлсіз  екені 
белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. 
Ата-ананың,  басқа  адамдардың  қамқолық  көмегінсіз  адам  баласы  өсіп  жетіле 
алмаған  болар  еді.  Мысалы,  кездейсоқ  бір  жағдайлармен  кішкентай  адам 
балаларын  аңдардың  алып  кетіп,  жылдар  бойы  өз  орталарында  тірі  қалдырып 
қойған  фактілерін  тарихтан  жақсы  білеміз.  Қырыққа  жақын  мәлім  болған 
жағдайлардың  барлығында  да  балалар  адам  қалпынан  айырылып  қалған.  Төрт 
аяқтап  еңбектеп  жүріп,  өзін  асырап  өсірген  жануарлардың  барлық  қимылдарына 
еліктеуден  басқа  ешбір  қабілеттері  болмаған.  Кейбір  олардың  қолға  түскендерін 
адам  қалпына  келтіріп,  сөйлеуді,  екі  аяқпен  жүруді  үйретуге  тырысқан  талай 
белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген. 
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол 
үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы ортамен 
тығыз  байланыс,  қатынаста  болып,  сол  ортаның  (топтың,  ұйымның,  алуан  түрлі 
басқа  қауымдастықтардың)  іс-тәжірибелерін,  сапа  қасиеттерін  өзінің  бойына 
сіңіруі қажет.  
Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  келе, 
адам  дегеніміз
,  еңбек  әрекетімен 
шұғылдана  алатын,  әлеуметтік  қатынастарға  түсетін,  өзара  байланыс  жасауға 
толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады. 
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі.  
Адам қасиетiн түсiндiретiн тағы бiр ұғым – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет