Тұқымқуалаушылық
Тұқымқуалаукшылық
-бұл атадан балаға берілетін тұрақты сапалар мен
ерешеліктер. Тұқымқуалаукшылықты тасушы – биологиялық ген (грек сөзі -
туындатушы
).
Тұлғаның дамуында ата-аналарынан және жақын тегінен берілетін
биологиялық ерекшеліктердің маңызы зор. Адамдағы тұқымқуалаушылықты екі
түрге бөлуге болады: жалпыадамзаттық(тік жүру үшін, сананы, ақыл-ойды, сезім
органдарын дамыту үшін нышандар, шартсыз рефлекстер және т.б.) және жеке
(нерв жүйесінің типі, орталық нерв жүйесі қасиеттері, анатомиялық-
физиологиялық нышандар: бет әлпеті, түсі, ауру түрлері және т.б..)
Тұлға дамуын зерттеудегі педагогика үшін ең маңызды мәселелер –
интеллектуалдық, арнайы қабілеттердің және моралдік қасиеттердің
тұқым
қуалауы. Интеллектуалдық қабілеттердің тұқымқуалауы немесе тұқымқуаламауы
өте маңызды сұрақ. Балалар ата-анасынан дайын қабілеттерді алады ма? әлде тек
қана нышан тұқым қуалайды ма?
Қабілетті тұлғаның жеке-психологиялық ерекшелігі, белгілі бір іс-әрекетті
нәтижелі орындау шарты десек, нышанды қабілетті дамытуға қажетті
потенциалдық мүмкіндіктер деуге болады. Эксперименталдық зерттеу нәтижелері
қабілет емес тек нышандар тұқым қуалайды деген тұжырымды дәлелдейді.
Интеллектуалдық қабілеттердің
тұқымқуалауы туралы мәселе көп сұрақтар
туғызады. Көптеген ғалымдар адамның интеллект деңгейі оның шыққан тегінен
тәуелді емес дейді. Дегенмен тұқымқуалаушылықтың адамның интеллектуалдық
дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін екендігін мойындау қажет. Мысалы,
нашақорлардың, маскүнемдердің миларындағы өзгерістер, тұқым қуалайтын
кейбір психикалық аурулар баланың интеллектуалдық дамуына кері әсерлерін
тигізеді.
АҚШ-тың Миннестота штатында жүргізілген зерттеулерде ғалымдар бірқатар
көрсеткіштер бойынша асырап алынған балаларды биологиялық және асыраушы
ата-аналарымен, асырап алған ата-аналардың туған балаларымен салыстырған.
Сонымен қатар асырап алған ата-аналарды өздерінің туған балаларымен де
салыстырған. Асырап алған балалардың тестік бағаларын туған отбасыларында
өмір сүріп жатқан құрдастарының нәтижелерімен салыстырғанда асырап алған
отбасының ықпалы зор екендігі анықталған. Асырап алған балалардың интеллект
коэффициентінің орта шамасы олардың биологиялық ата-аналарының интеллект
коэффициентінен жоғары екендігі байқалған. Сонымен қатар олардың оқу
үлгерімдерінің орта көрсеткіштері де жоғары болған. Бірақ, асырап алынған
балалардың тобы ішіндегі жеке ерекшеліктер талданғанда бұл балалардың тестік
бағалары асыраушы ата-аналардың интеллектісімен емес, биологиялық ата-
аналарының интелектуалдық қабілеттерімен күшті корреляциялатыны анықталған.
Ақыл-ой әрекетіне негіз –
жалпы
нышандармен бірге
арнайы
нышандар да
ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Белгілі іс әрекет түрінде адамды қалыптастырудың
бастауы осы арнайы нышандарда. Егер адамға қажетті жағдайлар жасалса, арнайы
нышандар ерте жастан-ақ белгілі болады. Мұндай нышандар: ән-күй, сурет өнері,
математика, лингвистика, спорт және т.б. үлкен маңызға ие.
Арнайы нышандардың
тұқым қуалайтыны бүгінгі күні күмән келтірмейтін
мәселе. Әулетке өткен нышанның кейін дамуы да мүмкін не қолайлы жағдайлар
болмаса, өшіп кетуі де ықтимал.
Арнайы нышандары бар балалар еңбек еткен
жағдайда оларды тез қарқынмен дамытып, қабілетке айналдырады және сол салада
жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.
Педагогика үшін тұлғаның
әлеуметтік қасиеттері (моральдық
) тұқым қуалау
мәселесі өте маңызды. Ұзақ уақыт бойы отандық педагогикада тұлға қасиеттері
тұқым қуаламайды, ол адамның қоршаған қатынасы барысында қалыптасады деген
көзқарас жетекшілікке алынып келді. Адам не қайырымды, не қылмыскер болып
туылмайды. Балалар ата-аналарынан моральдық қасиеттерін тұқымкуалаушылық
арқылы алмайды. Адамның генетикалық бағдарламасында жақсылық пен
жамандыққа, агрессиялық пен бағыныштылыққа, тағы да басқа осы сияқты
тұлғалық қасиеттерге жауапты гендердің табылмағандығын атап өту керек. Демек
адамның дамуы мен қалыптасуына қоршаған әлеуметтік ортаның арнайы
ұйымдастырылған мақсатты ықпалдардың ролі өте жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |