Жеке тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту факторлары (Тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие, іс-ірекет) Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әртүрлі пікірлер
мен теориялар әдебиеттерде орын алып келді.
Ежелгі философтар Платон және Аристотель адамның дамуы мен
қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің әсерін ескермей,
ол тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деген дәлелдерді алға
тартса, бихевиоризм бағытының негізін салушы американ психологы Эдуард
Торндайк ежелгі грек ойшылдарының тужырымдарына қолдау жасайды. Атап
айтқанда, тұлғаның барлық қасиеттері генға, яғни шыққан тегіне байланысты деп
есептелген. Ал ағылшын философы социологизаторлық бағыттың негізін
салушылардың алғашқыларының бірі Джон Локк адамның көзқарастары мен
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін
мойындайды келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деген қорытындыға келді.
Америка философы, педагогы
Джон Дьюи (1858-1952) өзінің даму теориясын
баладан туа пайда болған инстинкт және қабілеттермен дәлелдейді. Дьюидің пікірі
бойынша, адамда туысымен- ақ дайын талаптар мен қабілеттер және эмоциялар
болады. Сондықтан Дьюи адам табиғатын тәрбие арқылы өзгерту мүмкін емес
дейді. Австрия дәрігері Зигмунт Фрейд адам мінез-құлқының қозғаушы күштері
оның биологиялық тегіне байланысты деп түсіндіреді.
Тұлға
дамуы,
процесс
ретінде,
индивидтің
психофизиологиялық
ерешеліктерімен, оның өзінің белсенділігімен, ішкі қарама-қайшылықтарымен
және сыртқы әлеуметтік жағдайлармен шартталады. Оны Л.И.Божович «ішкі даму
процестері мен сыртқы жағдайлардың өзінше үйлесімі» деп атап көрсетеді.
Ал Б.Г.Ананьевтің тұжырымдауынша адам даму көптеген факторлардың өзара
әрекетімен шартталады: тұқымқуалаушылық, қоршаған орта (әлеуметтік, табиғи),
тәрбие және оның өзінің іс-әрекеті. Бұл факторлар дамудың күрделі құрылымына
жеке-жеке емес, барлығы бірігіп ықпал етеді.