маңызды сипаттамаларына
тұлғаның мінез-
құлқының заңдылықтарында, іс-қимылының бірізділігінде көрінетін, оның алдын-
ала болжау мүмкіндігінде болатын
тұрақтылығы,
тұлғаның барлық жақтарының
тығыз өзара әрекеттерімен және байланыстарының тұрақтылығымен шартталған
тұтастығы
, қалыптасқан жағдайға бейімделіп қана коймай, оны түрлендіре
отырып өзінің іс-әрекет сферасын кеңейтуге ұмтылушылығынан байқалатын
белсенділігі
жатады.
Адамның жеке қасиеттерi өмiр жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке
тұлғаның
“дамуы
” мен “
қалыптасуы
” ұғымдарының мәнiн ашу педагогика үшiн
маңызды мәселе болып табылады.
Педагогикада және психологияда
«тұлғаның қалыптасуы
» термині жиі
қолданылады. Бұл ұғым тұлғаның дамуының нәтижесі ретінде оны тұрақты
қасиеттерді меңгеруін білдіреді. Қалыптасу дегеніміз «бір нәрсенің қалыпқа келуі»
тұрақтылық, аяқталғандық, белгілі бір тип.
Даму
табиғатқа, қоғамға және әрбiр жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып
табылады.
Даму –
адамның сандық және сапалық өзгерістерінің жүрісі мен
нәтижесі.
Даму нәтижесінде адам биологиялық түр және әлеуметтік тіршілік иесі
болып жетіледі. Адамның дамуы өте күрделі, ұзақ әрі қарама-қайшылықта толы
процесс. Адам ағзасындағы өзгерістер өмір бойы жүреді. Әсіресе балалық және
жасөспірімдік шақтарда адамның дене қасиеттерімен рухани әлемінде де өте
интенсивті өзгерістер болады.
Диалектикалық материализм өкілдері
дамуды табиғаттың, қоғамның және
ойлаудың бөлінбейтін қасиеті, төменнен жоғарыға қозғалыс, жаңаның пайда
болуы, және ескінің жойылуы, немесе қайта құрылуы деп түсіндіреді.
Осы тұрғыдан қарастырсақ
Достарыңызбен бөлісу: |