Белгілі психолог
Л.И.Божович
тұлға
деп психикалық дамуында белгілі бір
деңгейге жеткен адамды айтады. Бұл деңгей адам өзін-өзі тану процесінде өзін
басқалардан бөлек деп қараумен және «Мен» деген түсінікпен сипатталады.
Сонымен қатар, психикалық дамудың бұл деңгейі адамның өзінің көзқарастарына
сәйкес келмейтін қоршаған ортаның ықпалдарынан тәуелсіздігімен және
салыстырмалы түрде оны тұрақты ететін өзіндік көзқарастары, моральдік
талаптары және бағалары болуымен сипатталады.
Л.С.Выготскийдің
анықтамасы бойынша
тұлға
– белгілі бір функцияларды
атқару үшін пайда болатын психикалық жүйе. Тұлғаның негізгі функциясы –
қоғамдық тәжірибені шығармашылпен игеру және адамды қоғадық қарым-
қатынастар жүйесіне енгізу. Тұлға тек іс-әрекетте, қарым-қатынаста қалыптасады,
өмір сүреді және өзін-өзі көрсетеді. Адамзат баласы адам болып туса, тұлға болып
қалыптасады.
Тұлғаның мәнді сипаттамалары:
1)
дүниетанымының мазмұны, психологиялық мәні;
2)
дүниетанымының, сенімдерінің тұтастығы;
3)
қоғамдағы өз орнын сезіну деңгейі;
4)
қажеттіліктер мен қызығушылықтар сипаты және мазмұны;
5)
әртүрлі тұлғалық қасиеттерінің көріну мен қатынасының ерекшеліктері.
Сонымен қатар тұлғаның
Достарыңызбен бөлісу: