№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет131/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Әлеуметтену  кең  мағынада
  адамның  түр  ретіндегі  табиғатын,  оның  пайда 
болуын және қалыптастуын наықтау болып табылады.  
Тар мағынада әлеуметтену
  –  нормаларды,  құндылықтарды  және  иделдарды 
белсенді игерту арқылы адамды әлеуметтік өмірге тарту процесі.  
Америка  әлеуметтанушылары    Т.Парсонс,  Р.Мертон  әлеметтенуді    тұлғаның 
әлеуметтік  жүйемен  толық  интеграциялану  процесі  барысындағы  бейімделуі  деп 
түсіндіреді. Олар әлеуметтенуді «адаптация» түсінігі арқылы ашады.  
«Адаптация»  түсінігі  биологиядағы  негізгі  түсініктердің  бірі  ретінде  тірі 
организмнің  қоршаған  табиғи  орта  жағдайына  бейімделуін  білдіреді.  Адаптация 
түсінігі  арқылы  әлеуметтену  адамның  әлеуметтік  ортаға  ену  процесі  және  оның 
мәдени, психологиялық, әлеуметтік факторларға бейімделуі деп қарастырылады. 
Ізгілік психологиясының өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс, Г. Олпорт және  т.б. 
әлеуметтену  мәнін  басқаша  түсіндіреді.  Олардың  пікірінше,  әлеуметтену 
адамдардың    «Мен-Тұжырымдамасын»  өздері  жаңғырту,  потенциалдары  мен 
шығармашылық  қабілеттерін  өздері  іске  асыру  процесі,  оның  өзіндік  дамуына 
кедергі жасайтын ортаның негативті ықпалдарынан өту процесі. 
Бұл    көзқарастар  әлеуметтенудің  екі  жақтылық  сипатын  көрсете  отырып  бір-
біріне қарама-қарсы келмейді. 
Оқушының  тұлға,  іс-әрекет  субьектісі  ретінде  дамуы  –кез  келген  білім  беру 
жүйесінің  маңызды  мақсаты  және  оның  жүйе  құраушы  компоненті.  Мектеп 
әлеуметтік  институт  ретінде  оқушыларды  өмірге  дайындау  қызметін  атқарады. 
Әлеуметтендіру тек ғылыми негіздерінен білім беру емес, адамның тұлға және іс-
әрекет  субьектісі  ретінде  дамуы  міндетті  түрде  интеллектін,  эмоциональдық 
сфераны,  стрестерге  қарсы  тұрушылықты,  өзіне  деген  сенімділікті,  қоршаған 
әлемге  деген  позитивті  қатынасты,  өзінділікті,  өзін-өзі  жетілдіруге  деген 
мотивацияны дамытуды қамтиды. 
Сонымен,  әлеуметтенуді  индивидтің  әлеуметтік  тәжірибені  меңгеру 
процесімен    нәтижесі    және  оны белсенді  түрде  қайта  өндіруі,  өңдеуі  деп  айтуға 
болады.  Бұл  тәжірибені  меңгеру  әрқашан  субъективті  сипатта  болады.  Әртүрлі 


адамдар  бірдей  жағдайдан  әртүрлі  тәжірибе  алуы  мүмкін.  Бұдан  біз  екі  қарама-
қарсы  процестердің  -  әлеуметтенудің  және  дараланудың  (индивидуализация) 
бірлігін көреміз.  
Әлеуметтену – үздіксіз өмір бойы жүретін процесс.  
Әлеуметтену факторлары: (А.В.Мудрик бойынша)
 Кесте 1 
-
 
макрофактор: мемлекет, ел, коғам, мәдениет; 
-
 
мезофактор:  этнос,  тұратын  аймағы,  тұратын  жерінің  түрі  (тип 
поселения), бұқаралық қарым-қатынас құралдары; 
-
 
микрофактор:  отбасы,  микросоциуам  (жақын  қоршаған  орта),  тәрбие 
институттары, діни ұйымдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет