№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Тұлға дамуындағы іс-әрекеттің ролі



Pdf көрінісі
бет133/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   293
Байланысты:
педагогика

Тұлға дамуындағы іс-әрекеттің ролі 
Тұлға  дамуына  әсер  ететін  тағы  бір  фактор  – 
тұлғаның  өзінің  белсенді  іс-
әрекеті.
 Іс-әрекет ұғымы қандай да жұмысты орындау үшін жасаған адам қимыл-
қозғалыстары.  
Тарих  тұңғиығынан  іс-әрекет  бабында  небір  дана  бақылаулар  бізге  дейін 
жеткен: «балаңның немен және қалай шұғылданатынын айтсаң, оның қандай адам 
болып жетілетінін айтып беремін»; «қаңғыбас болғанның ешқайсысы да, дегеніне 
жете алмаған»; «қанша тер төксең – сонша емерсің», «адам өз бақытының ұстасы»; 
«ерте тұрғанның ырысы артық»; «еңбегіне қарай – сый-сияпаты»; «өнерлінің қолы 
гүл» т.б. Даму нәтижелері мен іс-әрекет қарқындылығы арасында тікелей байланыс 
болатыны  айдан  анық.  Бұдан  даму  процесінің  және  бір  жалпы  заңдылығы 
ашылады:  оқушы  неғұрлым  белгілі  салада  көбірек  іс-әрекет  жасаса,  оның  сол 
саладағы даму деңгейі соншама жоғары келеді. Әлбетте, бұл заңдылықтың шексіз 
қолданыла беруі мүмкін емес. Ол жағдай әрбір адамның қабілеттеріне, жасына, іс-
әрекеттің өзінің қарқындылығы мен ұйымдасуына тәуелді келеді.  
Іс-әрекет барысында
 адамның жан-жақты және біртұтас тұлғалық дамуы жүріп 
жатады,  оның  қоршаған  дүниеге  көзқарас,  қарым-қатынасы  қалыптасады. 
Таңдалған  іс-әрекет  көзделген  тұлғалық  қасиеттердің  қалыптасуына  ықпал  етуі 
үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру және келелі бағдарлап отыру қажет. Бұл 
тәрбие  практикасында  өте  күрделі  іс.  Өкінішке  орай,  көп  жағдайларда  осы 
күрделілік  даму  мүмкіндіктерін  шектейді;  кейде  тәрбиеленушілер  ең  қажетті 
болған  жағдаяттарға  –  қоғамдық,  еңбек,  таным  әрекеттеріне  белсенді  араласа 
алмай,  енжар  бақылаушы  күйінде  қалып,  дайын  ережелерді  жаттаудан  ары  өте 
алмайды.  
Іс-әрекет
  –  адам  мен  қоршаған  ортаның  өзара  әрекеті,  соның  барысында  ол 
әлемді  және  өзін  саналы  және  мақсатты  түрде  өзгертеді.  Іс-әрекеттің  негізгі 
ерекшелігі- оның түрлендіруші және мақсатты бағытталған сипаты.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет