№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет132/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Тәрбие және тұлғаның дамуы.
 
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн факторлардың арасында 
тәрбие
  ең 
маңызды  орын  алады. 
Кең  мағынада  тәрбиенi
  белгiлi  бiр  әлеуметтiк  қызметтер 
атқаратын қоғамдық құбылыс ретiнде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берiлетiн 
әлеуметтiк  тәжiрибе,  жалпы  адамзаттық  мәдениет,  т.б.),  ал 
тар  педагогикалық 
мағынада
  тәрбие  дегенiмiз  –  өсiп  келе  жатқан  ұрпаққа  жалпы  адамзаттық 
құндылықтарды  игерту  үшiн  мұғалiм  мен  оқушылар,  балалар  мен  ата-аналар 
арасындағы бiрлескен іс-әрекеттердiң педагогикалық процесiн ұйымдастыру.  
Тәрбие
  балалардың  жас  және  дербес  ерекшеліктеріне,  дайындығы  мен  даму 
дәрежесіне  лайық  іске  асырылады.  Тәрбие  арқылы  адамдардың  іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру үшін, тәрбиеші тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын 
іздестіреді,  оларды  тиімді  етіп  пайдаланады.  Демек,  тәрбие  алдын-ала  жасалған 
арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі
.
 
Тұлға дамуындағы тәрбие ролі әртүрлі бағаланады. Біреулер қолайсыз орта мен 
жаман  шыққан  тегі  жағдайында  тәрбиенің  ешқандай  нәтижесі  болмайды  десе,  
екіншілер адам табиғатын өзгертудің бірден-бір жолы тәрбие деп түсіндіреді. Шын 
мәнінде  тәрбие  арқылы  көп  нәрсеге  қолжеткізуге  болады,  бірақ  адамды  толық 
өзгерту мүмкін емес.  
Джон  Локк
  бойынша,  бала  жаны  табиғатынан-ақ  тақта  сияқты  тап-таза 
болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы 
тиіс.  Бұл  жерде  Локк  тәрбиенің  рөлін  аса  дәріптеп,  әлеуметтік  орта  мен  тұқым 
қуалаушылық факторларының адамды дамытудағы ықпалын жете бағаламайды.  
В. Г. Белинский
 бала жаны не болса, соны жаза беретін таза ақ тақта емес, оған 
өмір жазатын әріптердің  мәні тәрбиеші мен жазу құралына және сол тақтаның өз 
сапасына  байланысты  деп  жазды.  Ол  тәрбиенің  рөлін  жоғары  бағалай  келіп, 
адамның дамуына тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн дейді.  
Тәрбиені мақсатты бағытталған және саналы бақыланатын әлеуметтену процесі 
деп  айтуға  болады.  Тәрбие  әлеуметтену  процесін  басқару  механизмі  болып 
табылады.  Осыған байланысты тәрбиенің екі негізгі функцияларын атауға болады:  

 
тұлғаға әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және тағы басқа  ықпалдарды 
реттеу; 

 
 тұлғаны  дамыту  мақсатымен  әлеуметтену  процесін  жеделдетуге  жағдай 
жасау.  
Тәрбиенің  басты  міндеттерінің  бірі  баланың  бойындағы  табиғи  нышандарды 
анықтап, оларды дамытуға жағдайлар жасау. 
 


Тұлға  дамуында 
оқытудың  д
а  мәні  зор.    Л.С.Выготский  тұлға  дамуындағы 
оқытудың  жетекші  ролі  туралы  тезисті  нақтылады.  Осыған  байланысты 
Л.С.Выготский  баланың  ақыл-ой  дамуының  екі  деңгейін  көрсетті:  дамудың 
актуалды (өзекті, көкейтесті) деңгейі және дамудың жақын зонасы. 
Дамудың  актуалды  (өзекті,  көкейтесті)  деңгейі  оқушының  сол  кезеңдегі 
дайындық деңгейін көрсетеді. Дұл деңгей ешкімнің көмегінсіз оқушының өзі шеше 
алатын тапсырмалармен сипатталады. 
Ал дамудың жақын зонасы оқу тапсырмаларын оқушы үлкендердің, мұғалімнің 
аздаған көмегі арқылы шеше алатын жағдайда құрылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет