№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет135/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
тұлға  белсенділігі
  де  таңдамалы  сипатқа  ие.  Белсендiлiк 
адамның табиғи қасиеттерiнiң бiрi болып табылады. Психологияда белсендiлiктi іс-
әрекет  деп  атайды.  Жеке  тұлғаның  белсендiлiгi  оның  қажеттiлiктерiнен  туады 
(материалдық  және  рухани,  жеке  немесе  қоғамдық  қажеттiлiктер).  Адамның 
белсенділігінің жануарлардан айырмашылығы оның қажеттiлiктерi сәби жасынан 
бастап-ақ  қоғамдық  қажеттiлiктермен  реттелiнедi.  Адамның  белсендiлiгi  (немесе 
оның  іс-әрекетi)  оның  себеп-салдарымен,  мақсат  пен  мiндеттерiн  дұрыс  қоя 
білуімен, оларды орындау құралдарын  дұрыс таңдай алуымен байланысты. 
Баланың  дамуы  барысында  жеке  тұлғаның  танымдық  белсендiлiгiнiң  өрiсi 
кеңейiп, тереңдей түседi. Кейбiр заттардың қасиеттерiн тану үшiн оларды қолына 
ұстап  көргеннен  кейiн  бала  “Бұл  не?  Бұл  кiм?  Қалай  аталады?”  деген  сияқты 
сұрақтар  сұрай  бастайды.  Бұл  сұрақтардың  жауабы  балаға  заттар  мен 
құбылыстардың  жалпы  мәнiн  ашып  бередi.  Мектептегi  жүйелi  оқыту  баланың 
таным белсендiлiгiнiң қалыптасуы мен тереңдеуiне мүмкiндiк жасайды, сыныптан 
сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетiнше бiлiм игеруге, оларды практикалық іс-
әрекетте  еркiн  пайдалану  қабiлетiне  ие  болады.  Оқыту  барысында  бiртiндеп 
оқушының  ойлау  қызметiнiң  әдiс-амалдары  қалыптасады.  Орта  және  жоғары 
сынып оқушыларының танымдық белсендiлiгi зерттеу жұмыстарында, тәжiрибелiк 
ұйымдастыруларда, iскерлiк қызметте көрiнiс табады.  
Тұлғаның  белсенділігі  дамудың  тек  алғы  шарты  емес,  оның  нәтижесі  де. 
Қоғамдық  белсенді,  ынталы,  шығармашыл  және  өзі  мен  төңірегіндегі  қатысқан 
адамдардың бәріне бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптастырушы 
тәрбие әрдайым өз мақсатына жетіп отырады 
Белсенділік оқу барысында шәкіртке тезірек және табысты әлеуметтік тәжірибе 
топтауға мүмкіндік береді. Оның қарым-қатынас, тілдесу қабілеттерін дамытады, 
қоршаған болмысқа деген  көзқарасын қалыптастырады. Баланың ақыл-парасатты 
дамуын  танымдық  белсенділік  қамтамасыз  етеді.  Бұл  үшін  балаға  танымдық 
мәселелерді шешуімен бірге игерілген білімдерді практикада қолдану қажеттігі де 


тән  болуы  тиіс.  Себебі  еңбектегі  белсенділік  тұлғаны  өзінің  рухани  және 
адамгершілік дүниесін тез арада және тиімді қалыптастыруға ынталандырады, оны 
көп және нәтижелі еңбектенуге бағыттайды.  
Сонымен, оқушы дамуының маңызды жағдаяттарының бірі – оның меншікті өз 
әрекет  –қызметі.  Мұғалім  қаншама  жақсы  бола  берсін,  өз  үстінде  еңбектенбеген 
оқушы көздеген мақсатына жете алмайды. Әрқандай іс-әрекет оқушы ықыласымен 
орындалып, шартты түрде белсенді болуы қажет. Орындаған ісінен шәкірт ләззат 
және қанағат табуы ләзім. Белсенді іс ешқашан шаршатпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет