№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу



Pdf көрінісі
бет158/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   293
Байланысты:
педагогика

Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу 
 
Қалыптасып  келе  жатқан  оқушы  тұлғасы  тәрбие  субъектісіне  айналады.  Ол 
педагогикалық талаптарды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін 
өзі  жетілдіруге  тырысады.  Өзінің  тұлғалық  сапаларын  өзі  жетілдіру  және 
кемшіліктерін  жою  мақсатындағы  оқушының  іс-әрекеті  өзін-өзі  тәрбиелеу  деп 
аталады.  
Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал 
етеді.  Оқушы  даму  мен  қалыптасуға  байланысты  өзінің  тәртібі  мен  мінез-
құлқындағы  кемшіліктері  мен  іс-әрекетіндегі  сәтсіздіктерге  сын  көзбен  қарап, 
оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді. 
Оқушылардың  өзін-өзі  тәрбиелеуін  басқаруда  олардың  жас  ерекшеліктерін 
есепке  алу  қажет.  Дүниетанымның  қалыптасуы,  өзінің  жетістіктері  мен 
кемшіліктерін  ұғыну  өзін-өзі  тәрбиелеу  бағдарламасн  мазмұнды,  жан-жақты 
құруға  мүмкіндік  береді.  Оқушылардың  өзін-өзі  тәрбиелеуге  ұмтылысын 
қалыптастыру  үшін  оларды  адамдар  өміріндегі  өзін-өзі  тәрбиелеуді  мәні,  өзінің 
тұлғалық  сапаларын  дамытудағы  өз  жігерінің  ролі  жөнінде  хабардар  етіп  отыру 
қажет.  
Өзін-өзі  тәрбиелеудің  тұлғаға  бағытталған  ережелері  болуы  керек.  Оның 
өзіндік  ережелерінің  болуы  тұлғаның  рухани  жан  дүниесінің  деңгейімен 
анықталады. К.Д.Ушинский өзін-өзі тәрбиелеу ережелерін былайша көреді: 
1.
 
Асқан сабырлылық; 
2.
 
Сөзде және қылықтағы турашылдық; 
3.
 
Батылдық; 
4.
 
Әрекетті жан-жақты ойластыру; 
5.
 
Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау; 
6.
 
Санасыз уақыт өткізбеу; 
7.
 
Құмарлыққа емес, қажетті нәрсеге шығындану; 
8.
 
әр ккеш сайын өз қылықтары туралы өзіне есеп беру; 
9.
 
Болғанды, болатынды айтып мақтанбау; 
Оқушылардың  өзін-өзі  тәрбиелеуіне  педагогикалық  басшылық  икемді, 
оралымды және өзгеріске тез түсе алатын болуы керек.  
Дегенмен,  тәжірибеде  оқушы  тәртібінде,  мінез-құлқында  ауытқушылықтар 
кездесіп  отырады.  Сондықтан  тәрбиелеу  жұмысында  қайта  тәрбиелеу  де  орын 
алады.  Қайта  тәрбиелеу  оқушы  жүріс-тұрысындағы  ауытқулардың  алдын  алуға 
және  жеңуге  бағытталады.  Қайта  құру  –  тұлға  құрылымын  түгел  қайта  құру, 
адамның  барлық  психологиялық  сапаларын  қайта  жасау.  Түзету  –  оқушы 
сапасындағы және жүріс-тұрысындағы жекелеген кемшіліктерді жеңу. 
Қайта тәрбиелеу тәрбиелік ықпалдар жүйесі болып табылады, оның барысында 
құлықтық даму мен жүріс-тұрыстағы ауытқулар қайта түзетіледі, сонымен бірге ол 
тұлға  сапасының,  мотивтері  мен  қажеттіліктерінің,  сезімдері  мен  еркінің, 


түйсіктерінің,  іс-әрекеті  мен  мінез-құлқының  әлеуметтік-психологиялық  және 
психологиялық-педагогикалық өзгеру процесі болып табылады. 
Қайта  тәрбиелеудің  тағы  бір  қызметі  –  бұл  «қиын»  балалардың  орынды 
сапаларын  қайта  қалпына  келтіру,  педагогикалық  тұрғыдан  қараусыз  қалған 
балалардың  жүріс-тұрысындағы  кемшіліктердің  орнын  толтыру  (еңбектегі, 
спорттағы, т.б. іс-әрекеттегі нәтижелермен), теріс сана шырмауынан босату. 
Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетті орындату, 
күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдістер қолданылады. 
Жалпы  айтқанда,  мінез-құлық  пен  жүріс-тұрыс  ауытқулары  бірден  пайда 
болмайды.  Кейбір  теріс  қылықтарға  мән  берілмейді,  ол  ауытқудың  ең  басты 
себептерінің  бірі  болып  табылады.  Ең  басты  міндет  –  мінез-құлық  пен  жүріс-
тұрыстағы ауытқулардың алдын алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет