Тәлім-тәрбие жұмысының диалектикасы мен ерекшеліктері Тәрбие
процесінің
диалектикалылығы
оның
үздіксіз
дамуынан,
динамикалылығынан, үнемі қозғалыста болатындығынан, өзгеріске түсетіндігіен
көрінеді. Тәрбие процесі онда орын алып отырған себептерге байланысты дамиды.
Ол балалардың жас ерекшеліктеріне, әртүрлі жағдайлар мен нақты ситуацияларға
байланысты өзгеріске түседі.
Тәрбие процесінің диалектикасы оның ішкі және сыртқы қайшылықтарына
байланысты ашылады. Тұлға қалыптасуының барлың сатыларында туындайтын
ішкі қайшылықтың негізгісі – тұлғаның жаңа қажеттіліктері мен оны
қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қайшылық. Осы жерде туындайтын
қайшылық адамды белсенді түрде тәжірибе игеруге, толықтыруға, жаңа білімдер
мен мінез-құлық нормаларын алуға итермелейді.
Тәрбие процесінің бағыттылығы мен нәтиесіне сол сияқты сыртқы
қайшылықтар да күшті әсер етеді. Мектеп пен отбасы арасындағы қайшылық, ата-
аналардың педагогтардың кейбір талаптарына теріс көзқараста болуы тәрбиелеуде
кері әсер береді. Кейінгі кезде күшейіп отырған тарихи, әдеби, саяси ақпарат
мазмұнындағы қайшылықтар да жеткіншектерде негативті әсер тудырады. Сөз бен
істің қайшылығы тәрбиеде қиындықтар тудырады. Педагогтардың аса мән беретін
қайшылықтарының бірі – сыртқы әсерлер мен тәрбиеленушінің ішкі
ұмтылыстарындағы қарама-қайшылықтар. Баланың ішкі жан дүниесінің
қажеттіліктерін есепке алмай жүргізілген тәрбие процесі сәтсіздікке ұшырайды.
Педагог-ғалымдар тәрбие процесінің бірнеше ерекшеліктерін бөліп көрсетеді: