б) Ұжымда тәрбиелеу принципі.
Жеке адамға ұжымның оң ықпалын, дұрыс
қатынастарын қалыптастырады. Оқушыны ұжым мүшесі болуға талпыну тілегін
тудыру, көпшілік мақсаты үшін күресу сезімін тәрбиелеу.
в) Белсенділік принципі.
Тәрбие ісі екі жақты процесс: тәрбиешінің де,
тәрбиеленушінің де белсенділігін қажет етеді. Тәрбие ісіне оқушылар күш жұмсап,
белсенді қатысқанда ғана нәтижелі болады.
г) Жеке тұлғаны құрметтеу және жоғары талап қою принципі.
А.С.Макаренко адамды мейлінше құрметтеу, мейлінше мол талап қоюды ұсынған.
Құрметтеу де, талап ету де, оның кісілігіне сену, қамқорлық жасау, оқушының
бойындағы жақсы қасиеттерінің, қабілеттерінің дамуына тірек болады. Құрметтеу
жастарға қамқорлықпен назар аудару, көмектесу, ілтипатты қарым-қатынас
жасауда көрінеді.
Ал талап қою – адамдық қарым-қатынастың екінші жағы, оқушының күшін
ескеріп, мақсатты, жүйелі, табанды түрде талап қойып, тапсырманы орындауын
қадағалау, бағалау. Қандай талап болса да жеке тұлғаны төмендетпеуге, намысына
тимеуге, қайта оның белсенділігі мен жауапкершілігін күшеюіне мүмкіндік
тудыру қажет.
д) Оқушылардың жеке және жас ерекшелігін ескеру принципі.
Оқушылардың
жеке және жас ерекшеліктерін ескеру, оның тұтас дамуына ықпал ету. Сынып
жетекшісі әр оқушының психологиясын, типін, темпераментін, жүйке-жүйесінің
қызметін, мінез-құлқын, жеке ерекшелігіне сай даму өзгешелігін, қабілетін білуі,
күнделікті тәрбие жұмысында әр тұлғаға жеке ықпал етуі абзал.
е) Тәрбиенің бір тұтастығы, бірізділігі, жүйелілілігі, үздіксіздігі принципі.
Тәрбие – үздіксіз іске асырылатын бір тұтас процесс. Жеке тұлғаның адамдық
қасиеттеріне үзік-үзік тәрбиелеуге болмайды (А.С.Макаренко), өйткені, тәрбиенің
біртұтастығы, жүйелілігі, бірізділігі принципі, ең алдымен оқыту мен тәрбиелеудің
және тәрбие бағыттарының арасындағы өзара логикалық байланыс тәрбиені
кешенді жүргізуді талап етеді. Тәрбие процесінің біртұтастығы мен бірізділігі, оқу
тәрбие мазмұны мен оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оларға
жоспармен, жүйелі үздіксіз ықпал ету арқылы шешеді. Сонымен қатар бұл
принципті іске асыру отбасы мен мектеп арасындағы тұрақты байланысты, бүкіл
жұртшылықтың тәрбиеге белсенді араласуын талап етеді.
Тәрбие – мақсат көзделіп, жүйелі ұйымдастырылған тәрбие нәтижесінде іске
асады, сонда ғана, жастардың өмірге құштарлығын, еңбекті қажетсінуін дамытуға
болады. Тәрбие мазмұнының ұстанымдары, оны ұйымдастыруға және оның
әдістеріне қойылатын негізгі талаптарына белгіленген. Тәрбие ұстанымдары
жеке тұлғаны тәрбиелеу жөніндегі ілімге және ғасырлар бойы жинақталған
халықтық тәжірибеге және ғылыми педагогикаға сүйенеді. Бұл ұстанымдардың
иедялық, негізгі – мектептің өмірімен, тәжірибемен, еңбекпен байланысына сай.
Достарыңызбен бөлісу: