Адамгершілік тәрбиесі негізінде қалыптасушы сапа-қасиеттер түрі келесідей:
шыдамдылық, жомарттық, әдептілік, ізгіліктілік; адамдар арасындағы өзара
сыйластық, өзара жәрдем және жолдастық, үлкенге сый, кішіге қамқорлық, әйел
және ер арасындағы құрметтеу қатынасы; өзіндік тәртіптілік, өзіндік қадағалау,
өзіндік басқарым, өзін өзі тану, өзін өзі реттеу қабілеттері. Әр адам өзі қалаған әдет-
қылықтарды ардақтау арқылы өз адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін.
Адамгершілік тәрбиесіне орай іс-әрекеттер мазмұны:
- ұжымдық оқу және қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы
тәрбиеленушілерді қамқорлыққа баулу;
- қайырымдылық пен жауыздық проблемаларын талдай білуге үйрету;
- шынайы және бейнақты гуманизмді айыра білуге жаттықтыру;
- әлеуметтік әділдік пен әділетсіздік мәнін түсінуге баулу;
- гуманизм идеялары мен олардың жалпы адамзаттық сипатын түсіне, бағалауға
дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: