Құқықтық тәрбие. Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық
мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық
заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу. Құқықтық тәрбие жүйесі
мемлекет сипаты және саясатымен белгіленеді.
Құқықтық норма адамның қоғамдағы талапқа сай әрекет-қылығының мұратты
(идеяльная) моделі. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен
жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ересектер арқылы іске асып
барады. Азаматтық қорғанысы әлі жетілмеген бала заң аясында қолдау табады:
оның ерекше мәртебесі «Адам құқықтарының жалпы декларациясында»(1989ж)
және «Бала туралы Конвенцияда» (1989ж) жарияланды. Отбасы және мектеп
жағдайларында балалар орынды әрекет-қылық әдеттерін, адамгершілік және
құқықтық нормаларын, әлеуметтік іс-әрекеттердің алғашқы дағдыларын меңгере
бастайды.
Құқықтық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны- құқық бұзушылық
әрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тәрбиедегі қолайсыз жәйттерді)
жою; оқушылардың өмірі мен тәрбиесіне орай жағдайлар мен оларды қоршаған
ортаны зерттеу; тәрбиеленушінің жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу; бұрын
қылмыс жасаған оқушылармен жұмыс алып бару.