кәсіптік іріктеу
– адамды қызметке қабылдаушы мекемелер тарапынан
жүргізілетін іс;
-
бейімделу
– адамның кәсібі іс-әрекетке кірісу процесі, өндіріс жүйесі мен
мамандық ерекшеліктеріне икемдесу процесі.
Бала құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар идеяларының тәрбие
мазмұнында ескерілуі
Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тәрбиесіне қамқорлық
қашанда бүкіләлемдік проблема болған. Қабылданған халықаралық құжаттарда
(Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.; Бала құқықтары жөніндегі Конвенция,
1989ж.; Балалар тіршілігін сақтау, қорғау және оларды дамыту Декларациясы,
1990ж.; Ымырашылдық принциптері Декларациясы 1995ж.; Әлем мәдениеті
жөніндегі Декларация, 1998ж. және т.б.) қоғамда бала құқықтарының үстемдігін,
оларда ымырашылдық, басқыншылыққа бармау сезімдерін оятып, тыңдай білу мен
зер салуға үйрету қажеттігі жария етілді. Бұл құжаттарда хатталған бағдарламалар
барша аймақтардағы барлық халықтар үшін теңдей маңызды да олар тарапынан
бірдей орындалуы міндетті.
Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері рухындағы тәрбие мақсаттары ,
принциптері және мазмұны БҰҰ білім, ғылым және мәдениет бойынша Бас
конференциясының «Халықаралық қатынастар, өзара түсіністік және бейбітшілік
рухындағы тәрбие және адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін құрметтеу
рухындағы тәрбие жөніндегі» ұсыныстарында (Париж, қараша, 1974ж.)
жарияланды. Сонымен бірге бұл шешім Еуропалық Кеңес мүшелері –
мемлекеттерінің Министрлері Комитетінің № Р (85)7 адам құқықтарын мектепте
оқыту туралы жарлығымен (14 мамыр, 1985ж.) бекіген. БҰҰ Бас
Конференциясының Ұсыныстарында тәрбиеге былайша анықтама берілген:
«тәрбие- ұлттар мен халықаралық қауымдастық шеңберінде және олар игілігі
үшін жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз дарынын, қабілеттерін және
білімдерін саналы түрде дамытуға мүмкіндік беретін бүкіл қоғамдық өмір
процесін аңдатады».
Бұл процесс қандай да нақты шарамен шектеліп, тоқтап
қалмайды.
Бұл құжаттың III бап (4-б.) тәрбие мазмұнының негізгі принциптері және аса
маңызды мәселелері нақты көрсетілген:
- барша халықтарды, олар мәдениетін, өркениетін, құндылықтары мен өмір
салтын ұлыстың мәдениетімен бірге және өзге адамдар мәдениетін түсіну,
құрметтеу;
- халықтар мен ұлттар арасындағы күннен күнге ұлғайып бара жатқан ғаламдық
өзара тәуелділікті сезіну;
- өзгелермен ортақтасу, қарым-қатынас жасауға қабілеттілік;
- жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар мен халықтардың өз құқықтарын ғана емес,
сонымен қатар бір-біріне жүктейтін міндеттерін де аңдау;
- халықаралық ынтымақтастық және қызметтестіктің қажеттігін түсіну және
т.б.
Аталған құжат адам, азаматтар құқықтары сарынындағы тәрбиенің
адамгершілік рухындағы тәрбиемен (10-16б.), бейбітшілік бағытындағы тәрбиемен
(6 б.), мәдени аралық тәрбиемен өзара байланысты болатынын әрі бұлардың бәрі
отандық және әлемдік ұлыстар мәдениетін меңгеру негізінде орындалатынын баса
насихаттайды (17,21,22,23 б.б.).
Аса жоғары педагогикалық маңызға ие болған құжат – бұл Бала құқықтары
жөніндегі Конвенция. Қазақстан Республикасында бұл Конвенция ресми түрде
бекіп, қабылданды. Оның тұжырымдары төрт негізгі талаптарға саяды: баланың
тіршілік ету, даму, қорғану және қоғам өміріне белсенді араласу құқықтарын
қамтамасыз ету. Конвенцияда ересектердің балалармен қарым-қатынас жасаудың
жалпы адамзаттық мәдениет идеяларының негізіне арқау адамгершілік – инабаттық
қағидалары айқындалған. Мұнда барша жұртшылыққа өз арақатынастарын
гуманистік негізде құрып, бала тұлғасын құрметтеу және әлпештеу, оның ой-
пікірлері мен көзқарастарын қолдап-қуаттау және осылардың бәрін ізгілік
тәрбиесінің негізіне қалау қажеттігі жөнінде ұран тасталды.
Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тұжырымдарын, Бала тіршілігін,
қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік Декларациясы және
оны іске асыру әрекеттерінің Жоспарын орындау мақсатында ҚР үкіметі өз
Қаулысын қабылдады. Осыған сәйкес Республикалық бағдарлама түзіліп,
С.Назарбаева бастаған «Бөбек» қоры және балалар қамқорлығын өз міндетіне алған
басқа да қоғамдық мекемелер іске қосылды.
Бала құқықтары жөніндегі Конвенция және БҰҰ-ның басқа да тұғырлы
құжаттарында жарияланған Ережелердің түпкі мәні – білім және тәрбие толығымен
тұлға дамуына, сонымен бірге адамның құқықтарын және негізгі еркіндіктерін
құрмет тұтуға бағышталуы.
Негізгі әдебиеттер:
1.
Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004.
2.
Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. –А., 2004.
3.
Педагогика. Дәріс курсы. Авторлар ұжымы. А., 2003.
4.
Қоянбаев .Ж.Б. Педагогика - оқу құралы. Алматы. Рауан , 1992 ж.
5.
Харламов И.Ф. Педагогика. Учебник. Минск. 1998 г.
6.
Подласый И.П. Педагогика. Книга 1.Учебник для студ. пед. вузов; М.,
Владос, 1999 г.
7.
Караковский В.А., Новиков Л.И., Селиванова Н.А. Воспитание?
Воспитание… Воспитание! –М., 1996 г.
8.
Кукушин В.С. Теория и методика воспитательной работы. Ростов на –Дону
2002 г.
9.
Сухомлинский В.А. Как воспитать настоящего человека, М., Пед.1990
10.
Щуркова Н.Е. Воспитание детей в школе. М., 1998 г.
11.
Щуркова Н.Е. Воспитание: новый взгляд с позиции культуры. М., 1997г.
|