№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет175/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   293
Байланысты:
педагогика

Экономикалық  тәрбие 
тәрбиеленушілердің  мүмкіндіктеріне  орай  өндіріс, 
заттасқан және рухани игіліктерді бөлісу, алмасу мен қажеттікке жарату жөніндегі 
біртұтас түсініктерді меңгертуге бағытталады.  


Экономикалық тәрбиенің  негізгі мақсаты- нарықтық заман аймағында бағыт-
бағдар  алып  жүруге  қабілетті  әрі  өз  іс-әрекеті  мен  қызметін  экономикалық 
тұрғыдан үнемді де тиімді іске асыра білетін тұлға қалыптастыру.  
Бұл  мақсаттың  жүзеге  келуі  ұланғайыр  міндеттер  кешенін  шеше  білуге 
байланысты. Атап айтсақ, олар:  
- тәрбиеленушілерде экономикалық білімдер мен экономикалық іс-әрекеттерге 
деген қажетсіну сезімін қалыптастыру;  
-  негізгі  экономикалық  ұғымдарды,  категорияларды  ,  заңдар  мен  процестерді 
меңгеру;  
- табыскерлікті , жауапкершілікті, өзіндік дербестікті дамыту;  
- табыскерлік іс-әрекетке қажет дағдыларды игеру;  
- мүмкін болар қиыншылықтарға психологиялық дайындық қалыптастыру.  
Экономикалық тәрбие мазмұны тәрбиеленушілердің экономикалық білімдерді 
меңгеруі  үшін  қажет  әрқилы  құрал-жабдықтарды  пайдалануына,  экономика 
бастауларын оқу барысында , сондай-ақ сабақтан тыс (бизнес –клуб, менеджерлер 
клубы,  маркетинг-клуб  және  т.б.)  үйренуіне;  кәсіби  оқуына  жол  ашады. 
Экономикалық  тәрбие  формалары  мен  әдістері  оқушылардың  экономикалық 
білімдерді қажетсінуінен өз бетінше игеру және оларды қалыптан тыс жағдайларда 
пайдалана білу ептіліктерін орнықтыруға бағытталған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет